Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4624 0 пікір 5 Мамыр, 2016 сағат 13:40

Ресей мен АҚШ Алепподағы соғысты тоқтатуға келісті

АҚШ пен Ресей соңғы кезде ашық соғыс жүріп жатқан Сирияның солтүстігіндегі Алеппода ұрысты тоқтату жөнінде келісімге келді.

Бұл келісім жөнінде хабарлаған АҚШ мемлекеттік департаменті Мәскеу мен Вашингтон сонымен бірге бітім шартын бақылауды кеңейтуді үйлестіру жөнінде келісімге келгендерін мәлімдеді. "Маңыздысы Ресей бітімгерлікті сақтау үшін Сирия президенті Башар Асадтқа қысым жасау керек, ал Құрама Штаттары сириялық оппозициялық күштермен өзара келісімге келу үшін жұмыс жасайды", – деп атап өтті америкалық сыртқы саясат мекемесі.

Сирияның ірі қалаларының бірі Алеппода соңғы екі аптадан бері ұрыс үздіксіз жалғасып келеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1091
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2637
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 762
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 729