Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 6343 0 пікір 22 Сәуір, 2016 сағат 10:44

КӨГАЛДЫ ҚУЫП ГӨЛАЙТТАП...

Тұңғышбай ЖАМАНҚҰЛОВ, Қазақстанның Халық әртісі:

Елбасымыз тек ертегіде ғана болатын ғажайыптарды шынайы өмір­де де көрсете білді. Айналдырған 25 жыл­дың ішінде еліміз зор табыстарға қол жеткізді. Тұңғыш Президентіміздің «алдымен – экономика, содан кейін – саясат» деген қағиданы бас­шы­лыққа ала отырып жұмыс істеуінің нәти­жесін­де еліміздің экономикасы жедел қар­қын­мен өсті. Мен Нұрсұлтан Назар­баев­ты мемлекеттігімізді орнатып, оны қа­лыптастырып, экономикасын рефор­ма­лау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындат­қан заманның аса дарынды тұлғасы деп ес­ептеймін. Аумалы-төк­пелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ға­сыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Назарбаев тұсында жеттік. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президенті­міз­дің жарқылдаған келбетін, биік бол­мысын, кемел дарынын, ел басшысы ретін­де көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақ­сы білуге тиіс. Елбасымыздың арқасын­да елімізде ынтымақ пен келісім сақта­лып, халықтың берекесі артып келеді.

Ескендір ХАСАНҒАЛИЕВ, композитор, Қазақстанның Халық әртісі:

Нұрсұлтан Назарбаев – қатқыл да қа­ра­пайым, сұңғыла да кемеңгер қай­раткер. «Қатқыл» дейтінім, қатаң талап қоя біледі. «Қарапайым» деуім, кез кел­ген адамның көңіліндегісін дөп баса біледі, оңай тіл табыса алады. Тә­уел­сіз елі­міздің бүгінгі жетіс­тіктерге жетуінің барлығы, ең алдымен, оның ерен еңбе­гінің, айрықша қамқорлы­ғы­ның арқасы десек, артық айтқандық емес. Мен Прези­денті­мізге Қазақстанның рухани-мәдени, жасам­паз­дық әлеуе­тін одан әрі нығайту жолындағы өлшеусіз ең­бегі, өнер адам­дары мен таланттарға де­ген ерекше ықыласы үшін шексіз ал­ғысым­ды білдіремін.

Ақжол МЕЙІРБЕКОВ, әнші, ҚР еңбек сіңірген әртісі:

Елдің дамуына, халықтың әлем ал­дын­дағы беделінің артуына ең бірін­ші Тұңғыш Президентіміздің қосқан үле­сі орасан зор. Халықтың әл-ауқаты­ның көте­рілуі, жағдайы­ның жақсаруы, өнер бол­сын, спорт болсын, тіпті қай сала­да болма­сын, еліміздің мерейінің үстем болуы – Елбасы­ның жемісті ең­бе­гінің нәтижесі. Шүкір, талай нәубет кеш­кен қазақтың маң­дайына халықтың бағын ашар Елбасы бұ­йыр­ды. Оның еткен еңбегін, Тәуелсіз мем­ле­кет құру­да­ғы рөлін қазір әлем мойындап отыр. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз еліміз­дің іргетасын қалап, керегесін керіп, оның әрбір уығын шаншып, шаңырағын кө­тер­ген, бар-жоғын түгендеп, іргесін ке­ңейт­кен, оны әлем елдері мойындаған мем­ле­кет­­ке айналдырды. Сондықтан мен Елба­сын қазақтың басына қонған бақыты деп есептеймін.

Қыдырәлі БОЛМАНОВ, әнші, продюсер:

Қазір көрші елдермен салыстыр­са­ңыз, Қазақ елінің жағдайы қай жағы­нан алып қарасаңыз да көшілгері. Қа­зақстанды әлем таныды. Мұның барлы­ғы – мемлекеті­міздің дұрыс саясат ұс­та­нып отырғанының жемісі. Қазақстан экономикасы қарыштап өсе бастады. Өндіріс ошақтарының тамырына қан жүгірді. Бір кездері белең алған жұмыс­сыздық деңгейі төмендеді. Жалақы, зей­нетақы, әлеуметтік төлемдер өсті. Халыққа ең бірінші не керек? Әрине, тыныштық, жайлы өмір, тұрақты жұмыс қажет. Қазақстанда қазір осының бар­лығы бар. Мұның барлығы Тұңғыш Пре­зи­дентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы На­зарбаевтың дұрыс саясат жүргізуінің арқасы деп біле­мін. Сондықтан біз мем­лекет басшысына алғыс айта оты­рып, бәріміз «бір жағадан – бас, бір жең­нен қол шығарып», ол кісінің саяса­тын қолдауымыз керек. Өнер адамы ретінде мен ол кісінің ән мен жырға әуес­тігіне қатты риза боламын. Тіпті Нұр­ағаң қа­зақтың көптеген әнін жатқа біледі. Айтып қана қоймай, айтылу нақышына дейін кә­сіби маманша түзеп отырғанын көрдім. Сондықтан Тұңғыш Прези­дент күні қарса­ңында Елба­сы­мызға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, көк туы­мызды биіктерге желбірету жолын­дағы еңбегіне табыс тілеймін. Елбасымыз­дың айқындап берген бағыт-бағдар­ларын басшылыққа алып, еліміздің ертеңі ең­селене беруі үшін еңбектене берейік!

Дереккөзі: alashainasy.kz

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377