Сенбі, 23 Қараша 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 4266 0 пікір 19 Сәуір, 2016 сағат 13:31

ЕМДЕУ ОРЫНДАРЫН ӨЗІМІЗ ТАҢДАЙТЫН БОЛАМЫЗ

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті қолдану арқылы жаңа жобалар дайындау үстінде.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртановтың қатысуымен денсаулық сақтау саласында МЖӘ-ні дамытуға байланысты жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.

Қазіргі таңда мемлекет пен жеке меншік арасындағы байланыстың дамуына кедергі болып отырған негізгі мәселелер мынадай: жобаларды мақұлдау процесінің ұзаққа созылуы,  инвесторлық тәуекелдердің орнын толтырудың, мемлекеттік қолдау мен кепілді өткізудің болмауы. ҰКП Басқарма төрағасы орынбасарының пікірінше, алдымен МЖӘ жобаларын жүзеге асыру рәсімдерінің мерзімдерін қысқартып, жеңілдету қажет.

«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық базаларға жүргізілген талдау нәтижелері МЖӘ жобасын жоспарлаудан бастап, МЖӘ шартына қол қойғанға дейінгі рәсімдердің барлығы ұзақ мерзімге созылатынын көрсетіп берді. Жалпы алғанда құжаттарды дайындауға, сараптама жүргізу мен конкурс өткізуге 300 жұмыс күнінен артық уақыт кетеді. Бұл жобаның тартымдылығын төмендетеді», – дейді Юлия Якупбаева.

Сонымен қатар, конкурс жеңімпазын анықтау рәсімінің өзі күрделі әрі ашық емес. Жеңімпаз 12 критерий негізінде таңдалады. Бұл өте күрделі. Жеңімпазды іріктеу рәсімі қызығушылық танытқан барлық тараптарға түсінікті болуы шарт.

Осыған байланысты Ю.Якупбаева Ұлттық палатаның рәсімді жеңілдету және әлеуетті инвесторлар үшін МЖӘ нысандарының тартымдылығын арттыру жөніндегі ұсыныстарын айтып өтті.

Сол ұсыныстардың қатарында МЖӘ жобалары бойынша құжаттарды қызығушылық танытып отырған органдармен бірге қарау, рәсімдерді өткізу мерзімін қысқарту, жеке құрылымдарды тарту арқылы (қаржылық институттар, аудиторлық және консалтингтік компанияларды) МЖӘ жоба тұжырымдамасы мен конкурстық құжаттарына сараптама жасау үшін мемлекеттің қаржы агенттерінің қатарын көбейту мәселелері де бар. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге арнап МЖӘ механизмдері нақты сипатталған түсінікті жадынама дайындау қажет.

«Пилоттық жобаларды табысты жүзеге асыру тәжірибесі өңірлерде жүзге асырылған жоба үлгілерін тираждауға мүмкіндік беріп, МЖӘ механизмдерін енгізуге серпін беретініне сенімдімін», – деді ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті жандандыру бойынша қандай шаралар қарастырылғанын айтып берді.

«Біз денсаулық сақтау жүйесінде МЖӘ-ні дамыту жөніндегі жол картасын әзірледік. Ең алдымен, онда жеке компанияларды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметтеріне көмек көрсетуге тарту рәсімдерін жақсарту қарастырылған.  Қазіргі уақытта медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді жеткізушілерді іріктеу мен шарт жасасу ережелерін әзірлеудеміз.  Соңғы кезде жеке клиникаларға деген наразылықтар көбейіп кеткендіктен, әсіресе, жеке клиника өкілдерінің қатысуымен талқыланып, мақұлдау үшін жоба ҰКП-ға жіберіледі.  Біз стратегиялық тұрғыдан мұны түзетуге дайынбыз», – деді ол.

Біртанов мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің бірнеше бағыттарын тізбелеп берді. «Бірінші бағыт – «МЖӘ туралы» және «Концессиялар туралы» заңдарға сәйкес, жеке инвестордың есебінен құрылыс салу және басқару».  Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ю.Якупбаеваның «оларды әзірлеу процесінің ұзақтығы, қаржылық қолжетімділік пен тариф жасау және қаржылық модельдеу сияқты мәселелер бар» деген ойларымен келісті. Ол: «Пилоттық жобаларды тираждау мерзімді айтарлықтай қысқарады», – деген сенім білдірді.

Екінші бағыт ретінде шенеунік мемлекеттік медициналық нысандарды сенімді басқаруға беруді атап өтті.  «Оның мәні мынада, біз ақыр соңында медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарымызға клиниканы өз еркінше таңдау мүмкіндігін ұсынуды көздеудеміз. Қазіргідей емес: қалалыққа – тегін, жекеге – ақылы. Міндетті сақтандыру жүйесінде, егер адам жеке клиниканы таңдаса, онда оның төлемдерін медициналық сақтандыру қоры төлейді. Осыған сәйкес, жеке клиникалардың басым бөлігінің медициналық сақтандыру қорымен жұмыс істеуіне мүдделіміз.  Бүгінгі таңда медициналық қызметтердің орнын толтыруға кететін  мемлекеттік қаржының 9%-дайы жеке секторға орналастырылған.  Бұл өте аз. Біз бұл соманы жақын арадағы үш жылдың ішінде кем дегенде екі есе көбейтуді қалап отырмыз», – деп түсіндірді ол.

Жиналысты қорыта келе, ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Ю.Якупбаева Жұмыс тобының құрамынан денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ жобаларын мақұлдау рәсімдерін оңтайландыруға бағытталған жобалық топ құруды ұсынды. Сонымен қатар, пилоттық жобаларды келесі бағыттар бойынша анықтауға шешім қабылданды: құрылыс, қайта қалпына келтіру және жаңғырту, сервистік шарт және сенімді басқаруға беру.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437