Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 5120 0 пікір 18 Сәуір, 2016 сағат 10:42

"ЭРОТИКАЛЫҚ" МҮСІНІ АҚТӨБЕДЕН ДЕ ТАБЫЛДЫ

Жақында Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Мария Моисеенкова Ақтөбеде "эротикалық" мүсіннің суретін Ақтөбе-Online тобына жүктепті. Бұл туралы tengrinews.kz жазады.


"Бізде де "ерсі" мүсіндер бар, бірақ оны Астанада орамалмен жапқандай ешкім жаппайды. Қыздың кеудесі дымқыл киімнен ерекше көрініп, бөксесі де анық байқалып тұр. Ай-яй-яй", - деп жазды ол суреттердің астына.

Суретке пікір қалдырғандар белгісіз мүсіншінің туындысын қолдай бастады. "Мүсін қалыпты. Әдемі, тұлғасы сымбатты. Бірақ кейде одан да асқан түпнұсқаларды көресің... Ұялу туралы әңгіме жоқ", - деп жазды қолданушылардың бірі.

"Өте әдемі, ешқандай әдепсіздікті көріп тұрған жоқпын...", - деп екіншісі де келісті.

"Туындыдан эротикалық көріністі тапқан адам (Астанада), өзі де сондай адам болса керек", - деді үшінші пікір қалдырушы.

Естеріңізде болса, Қазнетте Ғашықтар саябағында орналасқан қыз бен жігіттің мүсіні үлкен дау туғызған еді. Кейін оны Астана тұрғыны  орамалмен жауып тастаған болатын. Ол композицияны алып тастасын немесе оны қайтадан киіндіріп қойсын деген болатын.

Кейін ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы көркемдік кеңестің даулы мүсінен ешқандай ереже бұзушылықты таппағанын айтты.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478