Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 3142 0 пікір 14 Сәуір, 2016 сағат 10:49

Қырғызстанның жаңа премьер-министрі сайланды

Жогорку Кенеш депутаттары жаңа премьер-министрмен ҚР үкіметінің жаңа құрамын, жаңа бағдарлармасын, құрылымын талқылады.

Сороонбай Жээнбековті үкімет басшылығына Қырғызстанның Социал-демократиялық партиясы ұсынды. Парламенттегі оппозицияшыл "Республика – Ата-Журт" және "Бир Бол" фракциялары да премьер-министрге ұсынылған кандидатты қолдады.

Ал депутаттармен танысқан жаңа үкімет басшысы өзінің жаңа бағдарламасын таныстыра келе, мемлекетті дамыту стратегиясында көрсетілген ұлттық инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеген.

Үкімет құрылымы негізінен өзгеріссіз қалған. Тек құрамына бірқатар өзгерістер енгізген. Парламенттің спикері, премьер-министрдің ағасы Асылбек Жээнбеков мемлекеттік қызмет жөніндегі заң талаптарын сақтаймын деп қызметінен кетті. Онда заңға сәйкес, Қырғызстанда туыс адамдар бірдей мемлекеттік жоғары қызметті иелене алмайды.

Парламентте спикер орынтағына жаңа үміткерлердің аты-жөндері атала бастады. Олар – "Қырғызстан» фракциясының лидері Канат Исаев, Бакыт Торобаев ("Онугуу-Прогресс") және көпшілік коалициясының басшысы, социал-демократ Чыныбай Турсунбеков.

Абай-ақпарат

0 пікір