Сенбі, 7 Маусым 2025
Жаңалықтар 3495 0 пікір 23 Наурыз, 2016 сағат 10:42

ҰҚКШҰ ҚЫРҒЫЗ-ӨЗБЕК ШЕКАРАСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙҒА АЛАҢДАЙДЫ

Қырғыз тарабының бастамасымен 22 наурызда ҰҚКШҰ Тұрақты кеңесінің шұғыл отырыс өтті. Бұл туралы Қырғызстан СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

ҰҚКШҰ жанындағы тұрақты және өкілетті өкіл Аман Мамбетсейітовтің Қырғызстанның Жалал-Абад облысы, Ақсый ауданы аумағында қырғыз-өзбек шекарасының белгіленбеген бөлігіндегі жағдай туралы баяндамасы тыңдалды.

ҰҚКШҰ Тұрақты кеңесінің мүшелері қырғыз-өзбек шекарасындағы жағдайдың ушығып бара жатқанына алаңдайды. Сондықтан мәселені бақылауда ұстау турлы шешім қабылданған. Қырғызстан жағының хабарлауынша, ұйымның Тұрақты кеңесінің отырысы 23 наурызда жалғасады.

Абай-ақпарат

0 пікір