Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4231 0 пікір 17 Наурыз, 2016 сағат 09:56

АҚШ РЕСЕЙ МЕН ҚЫТАЙ ТАРАТАТЫН ЖАЛҒАН АҚПАРАТПЕН КҮРЕСПЕК

АҚШ-тың жаңа заңдық құжаты ақпараттық соғысқа дер кезінде жауап қайтаруға арналған ақпараттық сараптама орталығын ашуға негізделген.

АҚШ сенаты Ресей, Қытай және өзге елдердің тарататын жалған мәліметіне қарсы күресуге негізделген жаңа заң жобасын талқылайды. "2016 жылдағы ақпараттық соғысқа қарсы тұру жөніндегі" заң жобасы шетелдердің жалған хабар таратумен айналысатын арнайы кампанияға төтеп беру үндеуі негізінде қарастырылып жатыр.

Атап айтқанда Ресей өзінің Украинадағы әрекеті мен Еуроодақ, НАТО-мен қарым-қатынасын БАҚ-та қалайша көрсетіп отырғаны америкалық саясаткерлер мен заң шығарушыларды алаңдатып отыр.

 

Еуроодақ сыртқы БАҚ-тың ықпалына қарсы тұратын, атап айтқанда Кремль қаржыландыратын RT және Спутник секілді қызметтерге дер кезінде жауап беретін арнайы Еуропалық қызметін құрды. НАТО болса Латвиядан стратегиялық коммуникация орталығын ашты.

Заң жобасын республикалық сенатор Роб Портман мен демократ сенатор Крис Мерфи ұсынып отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522