Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3806 0 пікір 15 Наурыз, 2016 сағат 07:55

"НҰР-ОТАННЫҢ" ТАБЛИҒШЫ МҮШЕСІ СОТТАЛДЫ

Алматы облысында эстремистік деп танылған ұйымның мүшелері сотталды, - деп хабарлайды 31 арна.
Екі азамат Қазақстан аумағында тыйым салынған «Таблиғи жамағат» ұйымында мүшелікте болып, облыс аумағында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген деп айыпталған болатын. Сотталғандардың бірі бұған дейін «Нұр Отан» партиясының экс-белсендісі, Алматы облысындағы этно-мәдени орталықтың бірінің төрағасы болған Ваха Сурхаев. Бір іспен екінші қайтара айыпталып отырған лауазымды тұлғаға қатысты жүріп жатқан сот тыңдалымдары көпшіліктің назарын аударған еді. 

 

Айыпталушы орындығында  Естай Джакаев пен Ваха Сурхаев. Екіншісі осыдан бірер жыл бұрын дәл осындай әрекеті үшін істі болған. Ол кезде «Нұр Отан» партиясының экс-белсендісі, Алматы облысындағы этно-мәдени орталықтың бірінің төрағасы болған Ваха Сурхаев таблиғи жамағат ұйымын қаржыландырып, түрлі үгіт материалдарын таратты деп айыпталған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543