Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 16473 0 пікір 11 Наурыз, 2016 сағат 22:24

ОРЫСТАР «КОРЗИНА» ДЕГЕН СӨЗДІ БІЗДЕН АЛҒАН СИЯҚТЫ

Орыстар осы, "корзина" деген сөздi де бiзден алған сияқты. Олардың әр сөздiң соңына А әрпiн жалғап сөйлейтiн әдетi бар ғой. Осыны ескерсек, корзинаның түбiрi, КОРЗИН болып шығады екен. Бұл - қазақтың КОРЖИН (ҚОРЖЫН) деген сөзi... Ордалықтар орыстарға барғанда, қоржын, қоржын деп қоржындарын көрсеткен ғой. Сосын орыстар: "А, корзин, что ли?" деп қоржындарын толтырып беретін көрінеді. Не болса да, сол кезден қалған сөз екені анық. Иван Калита деп аталатын атақты патшасының «КАЛИТА» деген қосалқы аты да, "қалта" (калИта) дегеннен шыққанын бәрі біледі. Орыстар кейде оны "денежный мешок" деп түсіндіреді. Оның түбiрi, өзіміздің "ҚАЛТА"!. Олар осылай көп сөзімізді түрлендіріп алған...

Алтайдан табылған алтын қазынамыз...


МІР ДЕГЕНІМІЗ – АРБАЛЕТ!

Қазақта баяғыдан келе жатқан «мірдің оғындай» деген сөз бар. Интернетте оған біреулер: «әМІРдің оғындай» деген сөздің түрленген түрі» деп анықтама бергенсіпті. Бұл сөздің астары әлдебір күшті қаруды тұспалдап тұрғанын кез-келген көзі ашық адам түсінеді ғой. Мір дегеніміз –АРБАЛЕТ! Бабаларымыз кезінде бұл қаруды да өте көп қолданған.....

 

МАМОНТ – ЗІЛ, ДИНАЗАУЫР – ЕҢГЕЗЕР

Баяғы бабаларымыз мамонтты "зіл", ал, диназауырды - "еңгезер" деген деп естідім. Қарап тұрсаң, бізде көп сөздің қазақша баламасы бұрыннан бар екен. Осыларды жақсылап зерттеп, терминдермен "байып" бара жатқан тіліміздің өн бойына тағы бір қан жүгіртіп өтсе , шіркін!...Қазақтар сонда, мұз дәуірін де көрген көнекөз халық болып тұр ғой, ә?..

Жолымбет Мәкіш

FB-дағы Қазақтың ТЫҢ тарихы тобынан алынды

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524