Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4201 0 пікір 10 Наурыз, 2016 сағат 12:33

ЖАСТАР РАДИКАЛДАНЫП БАРА МА?

Негізі жастық пен кәріліктің айырмашылығы болу керек па? Ол айырмашылық тек жасында ма? Жоқ әлде жастық, кәрілік айырмашылығы анықтамасында, оның мазмұнында ма? Бұл өзі психологиялық мәселе ме жоқ әлде танымдық па?

Бір топ баланың ортасындағы қария бала болса, бір топ қарияның ортасында өскен бала дана болады дейді. Қадыр ағам марқұм, "Жастық шағың теңдесі жоқ құдірет, Құдіретті махаббатқа тұғыр ет, Жастық емей кім деп едің Құрманды, Бір түрмеден алып қашқан мың рет" дейді. Жастықта жел бар. Кәрілікте ше? Меніңше сол жастыққа оның құдіретіне дұрыс бағыт беретін ортасы, ол ортасының алдыңғы буынмен сабақтасып жатқан тәжірибесі мен сара тұғырлары белсенді болу керек сияқты. 

Біз кеше кеңестік атеизмнен шыққан кезімізде жастарға дін ұстартар қария жетіспеді. Дін тақырыбында қарияларымыздың беделі де болмады. Сол бір өтпелі кезеңде діни мәселеде жастар мен қариялар арасындағы алтын көпір құлау алдында тұрды. Қариясы, яғни шайхы мен ұстазын сырттан іздеген жастар елге келіп, өзінің шыққан жеріне аспандап қарап, менсінбей қарайтын болды. Жастық құдірет деген рас, ол тек беделге авторитетке бас иеді. Ол білек болсын, ол жүрек болсын айырмашылығы жоқ. Психологиялық тұрғыдан жастық феномені алдында бір бедел сақталу керек, ол билік болсын, дәстүр болсын, дін болсын, жүйе болсын өзгермейді. Жастық сел сияқты оның алдын алу тек "терең арналарға" байланысты.

Жастар бүгін өзінің дініне қызығушылық танытып жатса, онда бұл құбылыс бір ұлт үшін үлкен үміт деген сөз. "Діни танымға басымдық беріліп кетті, жастар ойсыздыққа, діншілдікке бой алдырды" деген сияқты мазасы қашқан ойлар да бар арасында. Жастық өсуге, өнуге деген ұмтылыс пен сұраныстың көрінісі. Оған су да, жылу да, бап та керек. Егер дінді су, ғылымды жылу десек, сұрағанын беріп, баптап отыратын мына зайырлы жүйе болу керек. Мемлекет жастарға өзі қамқор болып, оның бойына үміт пен сенім ұялата алатын бедел көрсете алса, жастық ол мемлекет үшін алтын тұғыр болмақ.

Дін ол болмыстық қабатты күшейтетін, "мен" деген орталықты нақтылайтын институт. Ол "мен" ұлттық "менді" де анықтайды. Қазіргі жастарымыз туралы кейбір ақпарат беттерінде радикалданып барады деген пікірлер оқып қалам. Ол пікірлердің оң және сол жағалауы бар екендігін сезем. Себебі әрине уахабилік тенденция жетегінде кеткендерді біліп, оқып, көріп жүрміз. Оларға деген мемлекеттік тетіктер көрініс тапса, басқалар да соған қарай бой түзейді. Жастыққа "БАП" керек. Ол мемлекет пен қоғамның ортақтаса атқаратын ісі. Ер мен әйелдің балаларын ортақ тәрбиелегені сияқты.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475