Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 5904 0 пікір 10 Наурыз, 2016 сағат 10:47

ТӘНІН САУДАЛАЙТЫН ЖІГІТТЕР КӨБЕЙІП ЖАТЫР

Ақтөбе қаласында жыныстық қызмет көрсететін жігіттердің саны көбейіп келе жатыр. Олар өз тәндерін ашық саудалай бастаған көрінеді.Бұл туралы aktobetimes.kz сайты хабарлады.

“Біреулер үшін жезөкшелік – көңіл көтеру, біреулер үшін бай адамдармен танысу мүмкіндігі”, – дейді психолог Ренат Таипов.

«АТ» зерттеуі бойынша Ақтөбеде 19-38 жас аралығындағы бірнеше еркек интимдік қызметтер ұсынуымен айналыса бастаған. Әйелдер арасындағы жезөкшелік көше бойынан бастап сауна, моншаларға дейін жалғасып жатса, еркектер арасындағы қызметтің бұл түрі арнайы сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы кең таралуда.

Сайттардың біріне 25 жастағы ақтөбелік “Не қаласаңыз, барлығын жасаймын. Менімен өте әсерлі болады” деп жазып телефон нөмірін қалдырған. Келесі ақтөбелік те кез-келген жастағы әйелмен бірге уақыт өткізуге дайын екенін жазыпты. Тіпті кейбіреулер ақша сұрамастан, өз ләззаттары үшін де хабарлама қалдырып жатады. 23 жастағы бір жігіт міндетті түрде ақшаға тек 30-35 жас аралығындағы әйелдерге қызмет көрсетеді екен.

Тағы бір жігіт өзін массаж жасаушымын деп таныстырған. Негізінен массажды әйелдердің аяғына жасауға маманданған екен. Желіде тіпті транссексуалдардың да жарнамалары толып жүр.

29 жастағы ер адам ханымдарға бір сағат көрсеткен қызметі үшін 5000 теңге, ал түні бойы төсектес болса 17 мың теңге алады.

Әлеуметтік желіде гомосексуалды қатынасқа түсетін ер адамның жарнамасын оқып, хабарластық. Белгіленген уақытқа азиялық түр-сипаттағы жас жігіт келді.

“Менің есімім Дәурен. 19 жастамын, мамандығым – медик. Ақтөбеге Қарағандыдан келгенмін”, – дейді ол. Айтуынша, негізі ата-анасы жіберетін ақша оған жеткілікті. Бірақ, ол қалағанынша киім алып, қыдырып жүру үшін көп ақша тапқысы келеді екен. Сондықтан да осы іспен жарты жылдан бері айналыса бастапты. «Клиенттерімнің арасында ғалым да, әскери адам да, қарапайым адамдар да бар» дейді ол.

Ғалымдар мен психологтар ер адамдардың жезөкшелікпен айналыса бастағанына алаңдаушылық білдіріп отыр.

Олар уақыт өте әйелдерге қарағанда тәнін саудалайтын ерлер саны артып кете ме деп қауіптенеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475