Ермакты еске алу – «ерлікті» еске алу...
Ағымдағы айдың жетісі күні Өскеменде, Қара Ертістің суына ел түгілі енесінің есінде қалмаған Ермакты еске алу үшін бауланған гүл ағызған сібір казактарының қауымы мен Өскемендегі казак мәдени орталығының әрекетін неге жорырымызды білмей дал болып отырмыз. Бұл не: келмес күнді көксеу ме, әлде қылыш жүзін қорғансыз елдің қанына суарған заманды «шіркін-айлап» еске алу ма? Қалай десекте, екеуінің түп төркіні бір - Ермакты еске алу. Ермакты еске алу - есе қайтарып, «ерлікті» еске алу деген сөз.
Казактардың сасқанынан су ағызған гүлдерін жерден жеті қоян тапқандай жаңалық етіп жеткізген russians.kz сайтының жазуынша, бауланған гүлді өзенге ағызып Ермактарын еске алуды казактар жыл сайын өзара ақша жинап өткізіп тұрады екен.
Бір қызығы, казактардың қайдан пайда болғаны тарих ғылымына әлі күнге белгісіз болып келеді екен. Ал, казактардың қолында желбіреген ту - бағзы заманда, II Александр дейтін орыстың патшасының жарлығымен пайда болып, III Александр деген орыс патшасының тұсында қолданыстан шығып қалған көрінеді. Бірақ, ол туды заңды түрде қолданыстан алып тастауды патша үкіметі ұмытып кеткенге ұқсайды. Сонысы ма, кім білсін, казактың қолына қоныпты...

Әрине, казактардың бұл тірлігінен келіп, кетер ешнәрсе жоқ. Пышаққа ілінер сәтте қара ешкі де тұяғын серпеді ғой... Бәрі де құмға сіңген дүние. Бірақ казак қауымының көкейінде не бүлкілдеп жатқанын білуге, бағамдауға болатын сияқты. Бекерде «ұлтаралық татулық», «бірлігіміз жарасқан» деп жар салатын билік казактардың түпкі ойында не жатқанына бір үңіліп қойса артық болмайтын шығар... Енді, «жаман айтпай жақсы жоқ»...
Нұра Матай