Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
46 - сөз 7577 0 пікір 31 Мамыр, 2016 сағат 14:19

АШАРШЫЛЫҚТЫҢ ӘДЕБИЕТТЕГІ ЖАЛҒЫЗ СИМВОЛЫ...

...ТУҒАН БАЛАСЫН ТІРІДЕЙ ЖЕГЕН ӘЙЕЛ ҒАНА МА?

Айтары жоқ, әдебиеттегі ең ауыр тақырыптардың бірі – ашаршылық. Қаламгер үшін бұл нәубеттен өткен драматизмге, трагедияға, психологиялық күйзеліске толы тақырып болса, ол соғыс қана шығар. 

 Бірақ, осы күні бір тенденция пайда болды. Соны айтқым келді.

Бүгінгі ашаршылық туралы жазылып жатқан шығармалардың көбісіндегі сюжет желісі жалғыз баласының сирағын мүжіп отырған міскін әйелдің төңірегінде ғана өрбитін болды. Тіпті, кейінгі кезде осы сюжетпен әуестеніп, әуейіленіп кеткендейміз. Сонда қалай? Ашаршылық уақытындағы қазақтардың тарихи, әдеби бейнесі осы ғана ма? Сол бір үркіндіде «каннибал қазақтар» туған балаларын, түп-тұқиянын отқа қақтап жеп қана аман қалған ба? Оның жалғыз символы туған баласының етін тірідей сылып жеген әйелдер ғана ма? 

Ашаршылық туралы жазып отырғанда осы туралы да бір ойланып қойған дұрыс шығар. Сен Эдгар По құсап абстракті тақырыпты қозғап отырған жоқсың ғой, сен жұртыңның тағдыр талайын, тартқан қасіретін, тарихын жазып отырсың.

Бір штрих. Мысалы, менің әкем Ешен 1930 жылы туған. Болыс-байдың баласы атанып, кәмпескеге ілініп, тұқым-зәузаты тоз-тозы шығып кеткенде, әкемді атасы Көкебай болыстың бас жылқышысы Қырықбай асырап алады. Ата-баба, жекжат-жұрағатынан бір, әке-шешеден екі айырылған сол жетімекті Қырықбай атамыз бен Бибі апамыз бағып-қағып жеткізді. Адам қатарына қосты, аяғынан тұрғызды. Жандары жәннатта болсын, бұл кісілер болмағанда әкем де «қаныпезер бір қазақтың қанды ауызында мүжіліп» кете берер ме еді. Біз болмас та едік. Ал, менің әкемнің қилы тағдыры сол қиямет-қайым жылдардағы бар қазақтың басындағы тағдыр болатын. Біз бір-біріміздің етімізді жеп емес, етімізді жегізбей аман қалып, ел болдық.

P.S. Шағын эмоциялық жазбаның айтқысы келгені мынау: 1) Ұлттың тарихы, жады мен адамгершілік тұрғысынан алғанда. Сол тарихтағы бірді-екілі үрейлі, жантүршігерлік оқиғаларды сілекейің шұбырып отырып қайта-қайта жазу, екі-үш сюжеттің айналасын шиырлай беру – жаңалық та емес, өтімді де емес; 2) Әдебиет тұрғысынан алғанда. Жаңағыдай «қорқынышты сюжеттермен» Рюноскэ Акутагаваның «Расемон қақпасын» оқып өскен адамдарды таңғалдыру тіптен мүмкін емес. Жазылу машығы өз алдына...

Талғат Ешенұлы

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963