Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 8448 0 пікір 24 Тамыз, 2016 сағат 10:00

ҰЗАҚҚА СОЗЫЛҒАН ДАҒДАРЫС РЕВОЛЦИЯҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ

Қазір іс жүзінде қазақ мектебіне орыс тілін тықпаштау белең алып тұр. Егерде олай болмаған жағдайда екі тұғырлы тіл мәселесін көтеріп, балаларымызды қазақша және ағылшынша оқытып жатқан болар едік. Бұл бізді тілдік ассмиляциядан сақтайтын жобаға айналар еді. Бірақ, біздің биліктің мақсаты басқа.

Бұл егемендік алғалы қазақ тіліне жасалып жатқан үшінші соққы: бірінші соққы қазақстандық ұлт жасау болатын.

Сол жобаға сәйкес елімізде қазақ ұлтын жойып, оның атауы мен субъектілігін, ал одан кейін тілін де жою басты мақсат болды. Бірақ бұл жоба іске аспай қалды.

Екінші сұрқия ұсыныс -ол латиницаға өту болатын. Өзбекстанда жүзеге аспаған бұл жоспар қазақ тілін ақсатып, қазақ тілін мемлекеттік іс пен коммуникацияға жарамайтын тілге айналдырып тастауды басты мақсат еткен еді. Бірақ билік бұл ұсыныстан да біраздан кейін өзі бас тартуға мәжбүр болды. Қазақтың тілін тағы құдай сақтады. 

Үшінші шабуыл -үш тұғырлы тіл деп аталып отыр. Бұл жоба бойынша Қазақстан жұртшылығы үш тіл: қазақ, ағылшын, орыс тілдерін қатар игермекші болып отыр.

 Іс жүзінде бұл реформа орыс тілінің Қазақстанда жоғалып бара жатқан позициясын қалпына келтіруді көздейді. Бұл ұсыныс тағы да қазақ тілін қолайсыз жағдайға қалдырады. Біз барлық бәлені Сағадиевке жапқан едік, бірақ бұл жобаның артында, Ресей тұрғанын мойындауымыз керек. Бұл біздің тілге деген гибридтік шабуыл. Кім бұл жобаны қолдамайды -сол Ресейге қарсы деген сөз. 

Біздің соңғы жиырма бес жылда қолдан жасаған проблемамыз өте көп. Соның бірі - ірі агрокорпорациялардың латифундизмі. Мемлекеттік олигархиялық капитализм мен ірі агрокорпорациялардың латифундизмі біздің елді азиалық өндіріс әдіс түріне әкелді. Соған сәйкес осы саяси қондырма бізді перманенттік дағдарыста ұстайды. Мұндай жағдайда ағып жатқан мұнай да, шетке кетіп жатқан ұран кеніштері де біздің жағдайды түзетпейді. Яғни, біздегі латифундизм ескілікті сақтайды, экономикалық және саяси модернизацияға тосқауыл қояды. Мен революцияға қарсымын, бірақ мұндай ұзаққа созылған дағдарыс революцияға жетелейтінін ескерткім келеді.

Әзімбай Ғали

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387