Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 6445 0 пікір 9 Тамыз, 2016 сағат 14:01

ҮШТІЛДІЛІК. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТЕН ҚАРЫЗ АЛЫП, ҰЛТТЫ ЖОЙМАҚ ПА?

Біздің Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік тілдің көсегесін көгерте алмай жүріп, қазақ балаларын ағылшын және орыс тілдерінде оқытпақшы.

2013-жылдан бастап 1-сыныптарға  үш тілді қатар оқытылып келеді.  2016-2019 жылдарға арналған білімді дамыту бағдарламасына сәйкес оқушылар 5-6 сыныптардан  бастап «химия», «биология», «физика», «информатика» пәндерінің терминдерін ағылшын тілінде оқи бастайды.

10-11-сыныптарда «химия», «биология», «физика», «информатика» пәндері ағылшын тілінде, ал «дүниежүзі тарихы»пәні орыс тілінде оқытылады.

Бұл, «қазақ тілі" бара-бара қажетсіз болып қалады деген сөз. Дамыған елдердің ешбірі ағылшын тілі мен орыс тіліне дәл осындай қамқорлық жасамаған болар.

Көршілес орналасқан Қытай Халық Республикасында ағылшын тілі пән ретінде ғана енгізілген. Ғылымы да, техникасы да өз тілдерінде оқытылады. Сондай-ақ, Францияда оқушылар 1-сыныптан бастап француз тілінде емтихан тапсырады. Тек бұл емес, дамыған деген елдердің ғылымы ана тілдерінде оқытылады.

Өкінішке орай өзгенің қаңсығын таңсық көріп отырған біз ғана. Себебі, дүниежүзінің бірде-бір мемлекетінің тәжірбиесінде мұндай реформа болған емес.  

Хош, реформа қабылдансын делік... Сонда сіз бен біздің баламыз ағылшын тілін үйрене ме, әлде сол тілде оқытылатын химия пәнін үйрене ме? Бұл халықты жаппай ана тілінен безіндірудің төте жолы.

Қоғам қайраткерлері БАҚ-та «Қазақстан 114 мемлекетке қарыз», деп дабыл қағуда. 2017-жылға жоспарланған мына бір бағдармаға назар аударыңыз:

(2016-2019 жылдарға арналған білімді дамыту бағдарламасынан)

«2017 жылдан бастап Дүниежүзілік банк қарызы шеңберінде мектептегі білім берудің сапасын арттыруды және теңсіздікті төмендетуді қолдау бойынша «Қазақстан Республикасында орта білімді жаңғырту» жобасы іске асырыла бастайды.

Жобада: «жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға («Информатика», «Физика», «Химия», «Биология» пәндерін ағылшын тілінде оқытуға) көшу кезең-кезеңмен 2017 жылдан бастап 2023 жылға дейін жүзеге асырылатын болады: - 2017-2018, 2018-2019 оқу жылдары (5-6 сыныптар) – «Информатика» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша терминологияны ағылшын тілінде оқу; - 2019-2020, 2020-2021 оқу жылдары (7-8 сыныптар) – сыныптан тыс іс-шараларда (конкурстар, үйірмелер және т.б.) ЖМЦ-ның төрт пәні бойынша ағылшын тіліндегі сабақтар; - 2021-2022 оқу жылында (9-сыныптар) – таңдау бойынша жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқу; - 2022-2023 оқу жылында (10-сыныптар) – ЖМЦ-ның төрт пәнін ағылшын тілінде оқу енгізілген.

Сонда Үкімет мемлекеттік тілді шетке теуіп, халықты жаппай мәңгүрттендіретін үш тілділік бағдарламасына дүниежүзілік банктерден қарыз алмақшы ма? Қазақстанның мемлекеттік тілін жою жоспары үшін қазақты қарызға кіргізу кімге тиімді? Бұл сұраққа жауап берер бір шенді табыла ма?

Айман Сағидулла

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5539