Жексенбі, 24 Қараша 2024
Әдебиет 13566 0 пікір 8 Тамыз, 2016 сағат 08:46

САБЫР АДАЙ. ОН СЕГІЗ МЫҢ ҒАЛАМ ЖƏНЕ КСЕНОФОБИЯ ДЕРТІ

 ( ... Шағын ақпарат көздеріне жарияланды.

Оқырман пікір айтуда ...)

 

(САНА МЕН ЕЛЕС,ҮРЕЙ МЕН ҮМІТ... ЖҮРЕК ПЕН ЖЫР...

ЖЕТІ ҚАТ ЖЕР, ЖЕТІ ҚАТ КӨК... ЖЕТІ САЗ... ЖƏНЕ ЖЕТІ БӨЛІМНЕН ТҰРАТЫН ӨМІРЗАЯ-ТОЛҒАУ. )

Теледидардан халықаралық хабар беріп жатты. Алып елдердің айға қала салмақшы болғаны да естір құлаққа екіұшты əсер қал- дырды. Əлемнің Қалта-Мандары мен Қалталылары жəне саясат- керлері мен өндіріс иелері Жұмыр жер мен Көк аспанды əлдеде игере түсу керек екендігін айтып, үлкен құлшыныс танытып жатыр деп хабарлады. Сəлден соң, əңгіме табиғат жайына ойы- сып,қызық-қызық оқиғалар мен оқшау көріністерге ұласты. Жур- налистердің жеке пікірімен де əрленіп жатты. Бір ғалым: қара- құрттар жайында ой толғады. Олардың уын алып, пайдалану ке- рек деді. Енді бірі қарақұрттардың амал-əрекеттерін баян етті.

 

 

 

1 Ксенофобия – бейтаныс, өзге заттарға, адамдарға қатысты қорқыныш немесе жек көрушілік, өзгені түсініксіз, қауіпті жəне жау ретінде қабылдау (Дип.терм. Авт. А.Б. / Р.Ж.)

ТЕЛЕДИДАРДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХАБАР:

 

–  Аса улы жəндіктің бірі – Қарақұрт. Ол ыстық құрлықтарда ежелден бар көрінеді. Бірақ, бүгінгі қарақұрттардан айырмашы- лығы дандайсып, ұя-торларынан алыстап, өзгелерге ұрынып, ажал уын шашып өрескелдікке бармайтынға ұқсайды. Себебі, ежелгі дəуірде: сол қарақұрттарды іздеп жүріп, тірілей денесіне жұ- мыртқа салатын қызыл қоңыз болған көрінеді. Əлгі, жұмыртқа: қызыл қоңыздың баласына айналып, қарақұртты тірілей ішінен жеп, жетіліп, оның уына пысқырып та қарамайтын жау болып шығады екен. Қарақұрт өліп тынады. Сол қызыл қоңызға тап боламын деп қорқып, қарақұрттар ұя-торынан аттап шық- пай, бұйырған несібесін ін түбінен күтіп, ешкіммен жауласпау- ды ойлайтын дəрежеге жеткен. Азға қанағат шүкір еткен. Біз- дің дəуірімізде де қарақұрттар бар, бірақ, қызыл қоңыз жоқ. Соны білетін қарақұрттар аяғын алшаң басып, көрінгенді ша- ғып, білгенін жасап жүр... Халықтық қағидалар жойылып, ұлт- тық үрдістер бұзылып, заңсыздық орнаған жердің көрінісі бұл. Ұлттық сананың жазылмаса да, мүддесінен жаңылмайтын қа- сиеттері, тəлім-тəртіптері қайда!?.. Қызыл қоңыздар жойыл- ды. Адамзаттың қолымен жасалған лас-əрекеттердің салдары- нан жоқ болған. Тəңірім тепе-теңдік қалыптастырды. Біз, Адам- дар, соның барлығын да бұзып-жарып «Өркениеттіміз!..» – деп бетпақтанып жүрміз. Міне, осылай, бір ғалым күйіп-жанып те- ледидардан сөйлеп жатты. Бірақ, оны тыңдаған жас пен жаса- мыстар тым аз еді.

ҚАРАҚҰРТ-САНА

Қарақұрттай қара сенің қылығың, Бетін басып, белден қашты ұлы күн.

Сен шайқадың тіршіліктің тұнбасын, Болмас енді қызға тыйым, ұлға сын.

Ниеттердің қарақұрты талтаңдап,

Бір-біріңе сақтап жүрсің балтаңды ап.

 

Сенен азды мынау əлем жылады, Өз ұлынан жер араша сұрады.

 

Сенің торың қара ниет, қара бау, Сендік мақсат: обалына қарамау.

 

Көзіңнен құрт, сөзіңнен құрт тарбаңдап, Тек торлауды жүрсің, əне, армандап.

 

Сен адамсың, жан бойыңда қарақұрт, Шыңғырады шырмауыңда баба жұрт.

 

Шырмап алған мендік сана байлаулы, Сендік зəрден миым судай қайнаулы.

 

Аспан анау қарақұрт боп төнуде, Адалдықты жер түбіне көмуде.

 

Сенің аяр қара құрсау шырғалың, Торға түскен шыбын менен бір жаным.

 

Қорқыт Атам қыл қобызын сайлады, Тығылды кеп туған жер мен айлағы.

 

Жұлдыздардың бар жарығын сөндірген, Қарақұрттай – қара ниет көрдім мен.

 

Жұмыр жерді орап алған, менмендік, Қашып бара жатыр, əне, елден құт.

 

Мақтаныш пен көрсеқызар, пиғылдар, Қалай ғана сұлулықты қидыңдар.

 

Қарақұрт боп у мен зəрден жаралған, Ғалам қорқып кетпек алыс адамнан.

 

Тоқта!..Тоқта!.. Ай мен күнім асылым, Тау жылайды, тас жылайды жасырын.

Сұлулықтың көзін ойып қарақұрт, Пайда болды жер бетінде жаңа жұт.

 

Жаңасының түрі мынау жын-ойнақ, Бір жазасын тарттырады Құдай-Хақ!

 

Ей, дүние, ару едің аппақ нұр,

Мың қарақұрт саған торын сақтап тұр.

 

Менің мөлдір жаным қайда, қазағым, Қылды оның ақ ниетін қаза кім?!

 

Қарақұрттың шырмауында ұлттығым, Ұлттың жанын, ұлттың қанын жұтты кім?!

 

Жыр шырмауда, саз шырмауда, ел егес, Таң атпай ма!?..Неге түн мен неге кеш!?

 

Түн-қарақұрт, күн-қарақұрт, көп шалыс, Құтылам ба кетсем сонау көкке алыс!?..

 

Кірпігінен жас сорғалап ай тұрды, Сосын оның жаназасы айтылды.

 

Он сегіз мың ғалам жатыр торыңда, Бір қарақұрт ұлт санасын соруда.

 

Сендік байлық – сендік емес құрттікі, Дүниені тəркі қылған ұрттікі.

 

Қарақұрттың араны бар, қанды көл, Өз қолыңмен апардағы жанды бер.

 

Өз ниетің қарайды да тор болды, Өз пиғылың өз басыңа сор болды.

 

Өзін-өзі кеміреді адамзат, Қарақұртсың!..Қайыр-сауап саған жат.

 

 

 

Ындындар тұр ала қоржын, пайдашыл, Аңға айналған мынау сонда қай ғасыр!?

 

Біздің құрттар, біздің «бектер» бүлікшіл,

«Қой» – дейтұғын қожасы жоқ, дұрыс жүр»

 

Білгендерін жасап жатыр жеріне, Əй дейтұғын Əжесіздің керіме!?

 

Жауды көрсе жампаңдаған жарбақы, Кімге қандай бар бəсі.

 

Қарттарымның қағидасы жаңылған, Заман болды қағынған.

 

Опырылды ойсыз бастан кəрі құз, Асау болдық ер салдырмас бəріміз.

 

Өз халқына қыр көрсетіп зілденген, Бұл далада кімдеріңе кімдер жем.

 

Аңдысамыз бір кеменің үстінде, Ал бұрқыра, өз деміңе пістің бе!

 

Төгіп көрші, төске салып қаҺарды, Төңкер нар мен атанды.

 

Сенің халқың кімге керек өзің біл, Ойсын мейлі, етін күң мен көзін құл.

 

Арашалап не жыны бар басқаның, Жер сенікі, ел сенікі, аспаның.

 

Шағып өлтір, балтырынан жабыс та, Жүрген ерді қорған болып намысқа.

 

Тек өзің қал, текті біткен жоғалсын, Адал өлсін, айтсын бəрі соған сын.

Шөп басында шіреніп тұр бір-бір құрт, Үндемейді құрғыр жұрт.

 

Табан етін шөңге жеген, шөп жеген, Көзін алмай емпеңдейді өзгеден.

 

Етегіне оратылып, жығылмақ, Біліп алған сырын жат.

 

Мүнəйім боп, мүлгігенді жөн көрмек, Құрт пенен сырт дəм татып жүр төрден кеп.

 

Біздің құрттар қалай-қалай талтаңдар, Жүгір Сен де қосылып ал, қалқам бар!?

 

ТЕЛЕДИДАРДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХАБАР:

–   Оңтүстік Америкадағы елді мекенге жақын орналасқан алып жыландардың өмір сүру айлағына адамдар қоныстанып, шаруа- шылық көздерін ұйымдастырған. Көп ұзамай аталық  жылан- дар жыныстық қатынастан соң, жұмыртқалауға сапар шек- кен аналықтарын тауып алып өздері өлтіре бастаған. Дағды- лы мекенін, тиесілі жерін адамзаттың баласы асқан қанағат- сыздықпен жаулап, тартып алғаннан соң, əлгі, киелі-кербездер (жыландар) дүниеге ұрпақ əкелудің мəн-мағынасын жоғалтқан. Солай, табиғаттағы жанды-жансыздың барлығы адамның зұ- лымдығынан жеңіліп, өз өмірлеріне қол сала бастағанының дəлелі шығар, осы шарасыздық?!.. Қоғамдық қарым-қатынастағы əді- летсіз майдан – ұлтты осы шарасыздыққа əкеліп жүрмесін!?.. Жыландар өзін-өзі жұтуда. Жалпы күллі Əлем дағдарысқа ұшы- рауда. Тепе-теңдік бұзылды деп, əлгі, ғалым жігіт тағы да ой- пікірлерін айтып жатты. Бірақ, оған селт еткен «Өркениет» бол- ған жоқ.

 

 

 

ЖЫЛАНДАР ПАТШАЛЫҒЫНЫҢ ЫДЫРАУЫ

 

Кестеленген, өрнектелген, өр кілең,

Бір патшалық жайлап жатқан төрді кең.

 

Сұлусынған қара моншақ көздері, Өңкей асқақ, өңкей асыл өздері.

 

Мынау мекен тек соларға тəн еді, Қоғалы көл, сары самал əн еді.

 

Ордасымен көшіп қонған, ел бүтін, Адам келді, зауал келді, шерлісің.

 

Шығып алып бір-бір қоға басына, Жер тұншықты көзден аққан жасына.

 

Сұлу еді, биші еді бұралған, Енді оны ажал күтіп тұр алдан.

 

Сол ажалдың жендеттері адам-ды, Ту дүние тыр жалаңаш таланды.

 

Қара орманның тамырынан қан алды, Қара жердің жүрегінен жан алды.

 

Жан біткеннен жан алатын адам-ды, Қасарысқан қайтпайтұғын надан-ды.

 

Бірін-бірі адам жұтып өлтірген,

Жасап алған күннен кебін, көр түннен.

 

Енді, міне, патшалығы жыланның, Қайырмасын айтып көрмек бұл əннің.

 

Адам айтты өзін-өзі ұтуды, Жыландарға бірін-бірі жұтуды.

Қу дүние кіл өңешке айналды, Кімдер кімді, жұта салмақ, қай маңды.

 

Ойбай, əне, өңеш қаптап келеді, Ол тойымсыз, жұтудың қас шебері.

 

Бастары жоқ, өңкей өңеш күлісті, Жұта салды ұлтың менен ұлысты.

 

Жер дірілдеп табанымнан үн қатты, Көк дірілдеп бізден қашып, зыр қақты.

 

Соғыс тілеп, сойқан тілеп, тапсынған, Келе жатыр қара ниет асқынған.

 

Адамдарды адам жұтты, талмады, Жыландарды жылан жұтты жалмады.

 

Тау мен тасты бəрін жұтты езгілеп, Сұлу əлем қызыл қан боп безді кеп.

 

Жұтқан жылан жұтылғанын толғады, Адамнан да аяушылық болмады.

 

Патшалықтың суса болды сүйегі, Сұлу еді, əлем əн мен күй еді.

 

Бірін-бірі бəрі шайнап тастады, Тері төсеп, сүйектерін жастады.

 

Ту байлады жеңген болды, жеңілді, Өңкей өңеш өз туысын кемірді.

 

Өңештердің іші айқай, зар-мұңды, Дəл сол мұңнан өңеш шөлін қандырды.

 

Адам жатты адам болып қас жауы, Жылан жатты жылан болып қас жауы.

 

 

 

Өзін-өзі жек көретін кіл өңеш, Өңештерге жұта салу түк емес.

 

Орман өлді, гүл тақырға айналды, Жүзі сұп-сұр көрсеңізде қай жанды.

 

Кештіңіз бе əділетсіз майданды, Қатер содан, қауіп болса қайдан-ды.

 

Бұл дүние – ішек-қарын, ірің-жын, Ібіліс боп келіп сен де сіміргін.

 

Адам болсаң сұлулыққа ара түс, Ақ жоғалып, басты жерді қара түс.

 

Көкірегі қара сонау пенденің,

Қалды аппақ, халал сөйлер ер де кім!?

 

Жылан алдап жұбын жеді бассалды, Адам алдап жер мен жемек аспанды.

 

Адам – жылан, жылан – адам боп кетті, Қос өңешке бір қанағат жоқ депті.

 

Сұлулықтың қанды көзі көгеріп, Басын шаппақ қойды ортаға шөгеріп.

 

Сұлу əлем өлтір деді шыдамай, Өлді ару, өлді аққу, құралай.

 

Көл жылады көздеріне құм құйды, Ел жылады жанарына у құйды.

 

Тау жылады, ормандарым сыңсыды, Көздерінен қан сигектеп ыршыды.

 

Сұлу əлем аяқ асты тапталды,

Ал өңештер тағы қайда аттанды!?

Суық жылан сұлу қыз боп көрінген, Ақ сүт құйып шығарып ем төрімнен.

 

Киесі боп кең даланың үскірдің,

Күшті көрсең қаһарландың, ысқырдың.

 

Айбатыңмен аламанға сұстандың, Иесі едің, киесі едің ...Станның.

 

Сен де енді азайдың ба, жеңіліп, Өзіңді-өзің кеміріп.

 

Біздің пиғыл қорқытты ма даланы, Адамзаттың ашылып тұр, араны.

 

Жел мен сарнап ордабасы жыланым, Жер түбінен сəлем айтып жыладың.

 

Саған қолды соза білмес елденмін, Мен жерімді баяғыда бергенмін.

 

Хан салтанат қара жылан, ақ жылан, Не көрдіңіз ал бұдан.

 

Өрнектеген кер жыланым, керімім, Ордаңыздан қуып шықты сені кім!?

 

Бүйіріңе күміс тағып күн құшып, Жауларыңды жапырғансың бір қысып.

 

Ата жылан қалқан қабық, жебе тіл, Өз ұрпағын жалмап алып неге тұр!?

 

Алты құлаш қарағайдай дің еді, Орда тікті... Оны да жұрт біледі.

 

Не болғаны, кім болғаны түк те емес, Осы менен ту құлады, бітті егес.

 

 

 

Жылан жылап, адам күліп ақсиды, Ата жылан жанарынан жас сиді.

 

Өзін-өзі тістеледі, шайнады, Ғалам жылап, бітті ердің сайраны.

 

Киік өлді анау жылы киелі, Жылан өлді мынау жылы ұялы.

 

Киесі жоқ қу медиен жұмыр жер, Қайғысына қамсау болар бір ұл бер!?

 

Сұлу жылан, ханшайыммен, ханзада, Ордалы ел ғұмыр кешті аз ғана.

 

Жер астынан шықты жылан анасы, Аталықпен арыздаспақ шамасы.

 

–  Қош мекенім, жарық күнім, Ордалым, Берен қару, бел шешпеген қамалым.

 

Біз жүргенде бақа-шаян күлмеген, Атабасы ер мен егіз жүрген ем.

 

Хан шатырым анау тастың жақпары, Қанша жаудан сардарларым сақтады.

 

Есіл ерлер алтын орда, ақ орда, Баяғыда болған бізге бақ орда.

 

Атабасы Ерім еді сыңарым,

Құдай салды, қоштасалық шырағым.

 

Деп сыңсыды ана жылан ару-ды, Ордасына ит пенен құс сарулы.

 

Алтын балдақ хан тұғыры қаралы, Ханзада мен Ханшайым да жаралы.

Сабау қамшы секілденіп өрілген, Тірі адастым деп жылады төлімнен.

 

Жылап тұрды жыландардың ордасы, Орда еді, енді, міне, қор басы.

 

Қорлық деген шарасыздық, жеңілу, Көз жасыңды жең мен сүртіп егілу.

 

Хан төрінің қағанаты бүлінді, Адам боп кеп ажал пері үңілді.

 

Жайрап жатты құм астында Патшалық, Құрт-құмырсқа мəре-сəре бассалып.

 

Екі жылан еңкілдеді бауырлап, Енді қайтсін кешегіден дəуір жат.

 

Жыландарым ен даланы жылатты, Қырсық құшып қарап тұрды қыратты.

 

Аналықтың ақ тамағы құрғады, Атабасы бойын толғап ырғады.

 

Түспей тұрып өлейін деп қармаққа, Екі жылан кетті айналып Əруаққа.

 

Ей, Адамзат жыланды да жылаттың, Əрең тұрған болар көкте шыдап күн.

 

Орман өлді, дала өлді қаңырап, Атпай қойды ертесіне таң ұзақ.

 

Содан соң ба?!.. Жыландарды көрмедім, Өлгенің ғой, көнгенің.

 

Жылан білді адамды да, заманын, Іздеп жатты кек алудың амалын.

 

 

 

ТЕЛЕДИДАРДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХАБАР:

 

– Бір орманда шағын мемлекеттік мекеме тұрғызылып, үй- лер салып, аста-төк тегін тамақпен қамтамасыз етіліпті. Ар- тық тамақтың қоқысы орман ішін шірітіпті. Қасқырлардың мекені болса керек. Дайын азық, мол қоқыстан тамақтанып өскен бөлтіріктер өсе келе, қасқырлардың ата салтын бұзыпты. Ұжымдық, қауымдық ғұмыр-тəртібін жоққа шығарып, ата-ене- лерін талап, көсемдерін өлтіріп, бауырларынан безіп, жеке-же- ке одағайсып, барлық тəртіп пен жүйеден аттапты. Адамдарға шабуыл жасап, көрінгенге шауып, ақыр соңында сұр мергендердің қанды қақпан, оңтайлы мылтығынан қырғынға ұшырапты. Біз- дің рухани ұлттық санамыздың көк жайлауына да өзгелер өз қо- қыстарын аяусыз төкті. Саясаттың қоқысынан ұлттық руха- нияттың орманы шіріді. Ұлттық құндылықтарға ұрпақ есіней қарап, тарихқа үстем пиғылмен көз жүгіртеді. Міне, осы үзік-үзік көріністер адамзаттың да жəне біздің қоғамның да түр мен сыр- сипатын елестетеді. Тепе-теңдік бұзылған... Əлем,  өркениет: өзі мен өзі əлек. Біз кімді күтіп жағалауда қалғып отырмыз?!.. Оған жауап беретін қайсың бар!?..Бізге біткен ұлттық сана- ны қоқыстан айыратын амал бар ма!? Сананы дерттен айық- тыратын халық емшілері болады, – дейді. Халық болсаң, емшің қайда!?...Əлде, құл сиіп кеткен құрсағыңды тазалау үшін уақыт керек пе!?...Өлеңім, ақ періштем: Сен не дейсің!?... Жо-жоқ, мұның бəрі кейбір ақпарат көздерінің көбік сөз, көпіртпесі бо- лар!?.. – деп, – Менің ішкі түйсігім шыңғырады. Ғалым жігіт бол- са күннен-күнге сұмдық хабарларды жеткізіп түңілдірулі... Сен- бейін десең бəрі де көз алдыңда болып жатыр – өрескелдіктер мен өзімшілдіктер.

 

 

 

ҚАҒИДАЛЫ САЛТЫНАН АДАСҚАН ҚАСҚЫРЛАР

 

 

Əділ заңға ғұмыр берген Тəңірім! Заң өзгерді, жасың қайсы, кəрі кім!?

 

Құлақ тұстан болат тіспен шайнады, Перзент қылған, ұя ұстар айбары.

Өз Атасын жарып салды азғының, Жалғыз барып қоқыс сайдан қазды інін.

 

Ұлыс кетті ыдырасып, ырылдап, Қаншық қасқыр қансырады шырылдап.

 

Ата-бөрі жатыр əне өлмекші, Бөлтірігі өз қанына шөл депті.

 

Қаптап келіп бөлтіріктер қараған, Ата-ескі, ағып жатыр жаңа қан.

 

Шын қасқырды енді қайдан табасың, Кіл бөлтірік қоқыс жеген санасын.

 

Ұясынан кетті солай жарасым, Қаншық жылап, деді, қайда барасың!?

 

Буындырды атасын да, анасын, Қоқыс-сана бір көрсетпек шамасын.

 

Өлді атасы, ыңырсыды аналық, Қылдыңдар деп балалық.

 

Жалғыз-жалғыз өлесіңдер құрып деп, Көп жылады қанға басын ұрып кеп.

 

Аққан қанын кешіп ойнап бөлтірік, Анасында жарып салды өлтіріп.

 

Ата жау мен ит-құстарға тастады, Жалғыз-жалғыз өмір сүре бастады.

 

Ата салттан көр-саналар жатсынды, Жеп үйренді атты менен атсызды.

 

Біліксіздер білгендерін жасады, Ата-анасын өлтіргенге мас əлі.

 

 

 

Түлкі-қарсақ айдап салып ауылға, Өз олжасын қыстырғанды сауырға.

 

Бірлігі жоқ, қалай қасқыр атанбақ, Жалғыз-жалғыз өлтірді оны бақандап.

 

Ит ұйықты қаншығына мінгілеп, Еркегінің енін алды тілгілеп.

 

Ит те емес қасқыр да емес ыздиды, Тұқымына тоз-тоз қылып тұз құйды.

 

Ата салтын аяқ асты қылғасын,

Кім сыйлайды азғындардың бір басын.

 

Əркімдерге тосып өлді жырмасын, Қарсақ алды, қасқыр мекен, қыр басын.

 

Адам атты, есек тепті, түлкі жеп, Адасқандар өлді ақыры күлкі боп.

 

Шашау шықпас көкбөрілер қатал-ды, Ұлы арманның патшалығы аталды.

 

Талай дəурен сүріп еді желпініп, Тəубасына атажауды келтіріп.

 

Көкжалдардың бұл құпия заңы дүр, Батса күні, атса, сірə, таңы бір.

 

Бөлінбеген, бөлтірігі, бөрісі, Үлгі болған, ұя басы ер ісі.

 

Көптің күші, көктің туы – жеңісі, Əріден сол баба-салттың келісі.

 

Баба тегі, ана көрік атанған,

Қасқыр қылды ұлы тəртіп, қатаң заң.

Күллі əлем мойынсынып таныды, Азуларын намысына жаныды.

 

Бірлік қана қасқыр етті, қасқырды, Бірлік кетті екі көзді жас қылды.

 

Орман іші куə болды сұмдыққа,

«Бірлік» атты бөрі сарып тұр құтқа.

 

Қарын қамын қоқыс шешті, жуынды, Тойған қарын іздемес ар, туыңды.

 

Неге керек ортақ намыс, бөрілік, Өз кеудесін өршеленді төр ұғып.

 

Қарап жүріп қандасымен тіресті, Табылмады «Тəк!» – дейтұғын бір есті.

 

Қоқыс жеді, майдансыз-ақ ас тапты, Азды ұрпақ, араздаса бастапты.

 

Ата қалды, анасын да талады, Туыстан жат, жалғыздықты қалады.

 

Жалғыз-жалғыз жау іздеді тойынды, Адамдарға салып көрді ойынды.

 

Адам деген: қасқырлардың қасқыры, Жаһандағы жауыздардың бастығы.

 

Бөлтірік пен қырып салды көкжалды, Қасқыр жайлы сосын жалғыз сөз қалды.

 

Міне, солай, оққа ұшып көмілді, Өзі барып таңдап алды өлімді.

 

Мың асқанға, бір тосқанды тап қылды, Терісін ап, етін итке лақтырды.

 

 

 

Апан құлап, арландарым жеңілді, Ет-сүйегін көрінген ит кемірді.

 

Тойған қарын, сана менен дұшпан-ды, Жүрекке жау қарын тұрған тұстан-ды.

 

Жүрек сөзін ұлтым тыңдап бағынсын, Қандас көрсе, көріп тұрып сағынсын.

 

Қарақұртым... өз балағым... өз жауым. Ой-тасқын да, ашу-дауыл, сөз-жауын.

 

Отан-қазық əркім келіп ырғайды, Əр кеудеде əлмисақтан бір қайғы.

 

Бірін-бірі ішіп алмақ, ұрттамақ, Сарсаң пиғыл, сана шірік құрттамақ.

 

Құрт білмейді тойғанын һəм жегенін, Ненің бүгін, кімнің ертең керегін.

 

Құрт-санамен қайда кетіп барасың, Азған əлем кімнің жазбақ жарасын.

 

Анау тұрған қазекем бе қалғулы, Болды өткізіп ызы-қиқу, бар дуды.

 

Адамзаттан жыландар да түңіліп, Бірін-бірі жұтып жатыр, құрыдық!..

 

Сен қайдасың Алашымның ұлдары, Мынау дертке нелер шипа, кім дəрі?!

 

Рухыңды қоқыс қаптап алғасын, Қолбаладай саған енді бар ма сын.

 

Арзан азық ұлт рухын улады, Бірін-бірі итше шайнап тулады.

У құтыртып, ұраны да өзгерді, Соның бəрін мынау қара көз көрді.

 

Өз көйлегін шешіп тастап жалаңаш, Өз-өзіне қарап күлді шала мас.

 

Бəрі қалды ата дəстүр, антыңның, Көшесінде жырқыл менен жарқылдың.

 

Əке сүйел, ана безгек атанды, Жанға бермес асылымды жат алды.

 

Ит аралап, доңыз бұзды некемді, Адал ұрпақ қайдан шықпақ, бекер-ді.

 

Көкжалдардың бөлтірігі азды ма, Жүрегіме сарсу болған саз бұ да.

 

Санамыздың құрсағына мола сап, Жау қолында іңгалайды болашақ.

 

Оят мені, түртіп жібер санамды. Соқыр сана жолдас қылар наданды.

 

Бар зұлымдық сүйеніп жүр наданға, Сақта Құдай, сана берші мағанда!?..

 

Көгерейін өз тамырым нəрлесін,

Ая мені, шығар-шықпас қалды есім.

 

Əділсің Сен, Жаратқаным , Жан-Ием, Соған шүкір, бір Тəуелсіз бар Ием!

 

Ием менің – Жаным Алла, жан тұрақ, Қауызыма тамсын нұрың тамшылап.

 

Бүр жарайын саған созып мойынды, Көрдім қанша көрге түсіп ойынды.

 

 

 

Жарық сəуле – ұлтымызды бастасын, Оян ,Сабыр, ұйқықұмар қасқасың!?

 

Өлең маған: Түңілмегін, Тұр – деді, Сенен ниет, Тəңірімнен нұр – деді.

 

 

ІV

 

(ЖҮРЕК ПЕН ЖЫРДЫҢ УЛАНҒАН САНАНЫ, АДАМЗАТТЫ ЕСІРКЕУІ)

 

Жұтыла бастаған жұмыр жер мен өзін-өзі жұта бастаған он сегіз мың ғаламды құтқармақ боп, сананы оятып, иман мен əдепке, əсем өмірге жол бастағысы келіп, ЖҮРЕК ПЕН ЖЫР шырылдап көрді. Бірақ, нəтиже берер емес!.. Енді, не істемек ке- рек!?..

 

Бүлкілдеген жүрек тамыр, жыр тамыр, Сен ұйқыңнан оян, – дейді – Тұр, Сабыр!

 

Өлең мені аялады күлімдеп, Жанарыма жан көзімен үңілмек.

 

Жан көзінде тамшылаған жас бар-ды, Үн қатты ол əсем саз бен астарлы.

 

Иман-əдеп іңгалаған бесік-ті, Жан-бесіктен жансебіл саз есіпті.

 

Адамзатқа жалбарынды жүрек-жыр, Ұлға ұят, ерге намыс тілеп жүр.

 

Оны таптап бара жатыр табандар, Өз жолына қарамайды адамдар.

 

Кіл көкірек астамсыған, ақырып,

Жыр-жүрекке түкіреді қақырып.

Жүрек жылап зайыр сұрап қол жайды, Өңкей мақтан онда зайыр болмайды.

 

Бар білері байлығы мен мансабы, Алдап кету, жалмап кету аңсары.

 

Жүрек жылап ұлт дəстүрін сұрады, Қала түгел басын шайқап тұр əні.

 

Жүрек жылап бейбіт күнді іздеді, Қай ғасырдың қалдығысыз Сіз деді.

 

Жүрек байғұс махаббатқа тығылмақ, Қайтесіңіз деді уақыт шығындап.

 

Жүрек сосын кешпек əділ бір майдан, Жүрек өлсе шықпақ енді жыр қайдан.

 

Жүрек пен жыр ақиқаттан нұр ішпек, Бəрі қашты: «Мына жолың бұрыс» – деп.

 

Кетті уақыт, кетті дəуір сырт беріп, Ішін ұстап күлді оны қырт көріп.

 

Бəрі күлді, қара түн мен қара жым, Өзегінен қан құстырып сананың.

 

Жүрек пен жыр құшақтасып жыласты, Жалбарынды Жаратқанға сыр ашты.

 

Кетті іздеп бір Алласын, Тəңірін, Хақ қаласа төгер иман жарығын.

 

Дүниенің бəрі гүлге айналар, Жыр-жүрегім сайра бар.

 

Ей, адамзат, жүрегіңді тыңдап көр, Білгеніңді бізше сосын жырлап бер.

 

 

 

Жүрек пен жыр, тілек пен нұр қабысқан, Бəрі өзіңде, бақ іздеме алыстан!

 

Өз жүрегің – бар бақыттың пернесі, Жүрек айтпай түзелмейді ер көші.

 

Өзіңді-өзің енді таптай бермеші, Адамзаттың ақыл-сана, зердесі!?..

 

Көкірегің қарақұртқа айналды, Қалыбыңнан жылан үркіп, қайғы алды.

 

Көкбөрілер үрдісінен жаңылды, Ат есекке, арлан итке таңылды. (Өлі сана өлексеге табынды)

 

Өңештерде құлақ та жоқ, көз де жоқ, Оған айтар сөз де жоқ!

 

Өлген сана өңеш болып қағынды, Кім қуантар жаныңды!?

 

Адамзаттың жүрек көзі – бір дағы, Бірге аштырмай сол бір көзді шырмады. (Ғалам азбақ сүйектердің қырманы)

 

Бұл қара жер – көк зеңгірдің жүрегі, Қан-қан болып бүлкілдейді бір өзі.

 

Кетті білем оның кербез көрігі, Жер-жүректің қалды қанша өмірі!?

 

Өңеш болдық, сезім өлді, бұл бір де!.. Жүрек пен жыр жылап отыр үңгірде.

 

Күңіренді жыр жүректі азалап, Қалаңыздан сол үңгірі тазарақ.

Сен қозғама!..

Жүрек пен жыр жыласын!

Кімді қайда жығар екен, мына сын!?.

 

Не істейді?!..Қандай амал бар бұған!?.. Кім шығады болашақтың алдынан!?..

 

 

V

 

ТЕЛЕДИДАРДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХАБАР:

(Үштік одақ)

 

Бірін-бірі жұтып Адамзаттың екпіні мен тепкінінен қорлық көрген табиғат атаулы, Жыландар Патшалығы өз-өзін жұтып жатты. Осы көріністен шошынған он сегіз мың ғалам Жылан Патшалығының қол астына көшіп, ерікті түрде бұл майданға кі- руді жөн көрді. Адамзаттан кек алудың амалын іздеуге көшті. Адамзатты тəубасына түсірмесе болмайтынын білді. Барлығы бірдей құритынын көк аспан, қара жер түгел түсінді. Жыландар асқан ашу мен ызаға берілді.Əрі,болашақ ұрпағының қамын ойлап, адам деген жауыздардан сақтанбаса болмайды деп үрейленді. Адам деген зиянкестің қара жер-көк аспанның шеңберінде бірде- біреуін қалдыруға болмайды – деп, жар салды. Адамзаттың бар- лығын бірдей кінəлағандары дұрыс емес еді. Бірақ, оны қалай тү- сіндіресің. Ксенофобия дертіне шалдыққандар ештеңені естімей- ді. ҮРЕЙ!.. ҮРЕЙ!..ҮРЕЙ!.. Дүниені ксенофобия дерті жалмай баста- ды. Ғалым жігіт кезекті хабарын осылай бастады. «Өркениет» бұл хабарды ессіз ғалымның, Езбе пікірі деп, мазақ қылды. Қарқыл- дап күліп, жындыханаға қамап тастау керек деп шешті. Ғалым жігітті жындыханаға қамап қолына жер шарының ойыншық-кө- шірмесін беріп қойды. Ғалым жігіт шындығында жалғыз өзі жер шарының тағдырын ойлап, ойыншықпен сөйлесіп жындана бас- тады. Ксенофобия дерті бұған да жетті.

 

Күллі əлемде жылан құрған Патшалық, Адамзатқа қастанып,

Ұран салды аттанып –

Деп, – ұрпақты сақталық!!!

 

 

 

– Адамдардың бейнесіне көшің – деп, Ішке кіріп кеміріңдер төсін – деп, Қарақұрт пен қасқырды,

Сөзбен арбап тас қылды. Өттері ісіп асқынды. Қарақұрт пен қасқырлар, Жыланменен бірікті, Дүние тік тұрыпты. Аяушылық дегенді Шеттерінен ұмытты.

Адамзатты жоқ қылуға келісті, Ажал құшпақ жер үсті. Жазықсыздар қақсады,

Жанын ала бастады. Құтылмады қашқаны. Адамзатқа бар табиғат Жау болды!

БҰҰ-ның да,

Басы қара дау болды!..

 

Қарақұрт, Жылан, Қасқыр бірігіп адам бейнесіне көшіп алды. Адамдармен адам сұлбасында соғысып, ішіне еніп алу ең тиімді жол еді. Кер Жылан осының барлығын ұйымдастырды. Үшеуі бі- рігіп адам бейнесіне еніп, адамзаттың арасына сіңіп, араласып кетпекші. Бұл бір табылған ақыл болды. Жыландар адам тұл- ғасының омыртқа бойы жұлын мен бас қуысындағы жайлауға орналасты. Себебі, адамзаттан кегін алу үшін оның ақыл-пара- сатын улау керек болды. Қарақұрттар адамдарға шексіз əмір етудің даңғыл жолы – жүректен бастау алатынын түсінді. Сон- дықтан, олар: талтаңдап, емін-еркін келіп, жүрек деген мекеннің жайлауына орналасты.

Ал, қасқырлар ата-дəстүр салтынан адасып, санасы қоқысқа

семіргендіктен, қайда барарын білмей есіріктеніп, сергелдеңге тү- сіп тұрды. Аздан соң көпті көрген Кер Жылан қасқырларды адам- дардың құрсақ тұсындағы жайлауға орналастырды. Адамзат- тың құрсағына ұрпақ бітетін болса, оларды жатырда жатқанда қасқырларға шайнатып өлтіруді мақсат тұтты. Сөйтіп, олар, өзара Үштік Одақ құрып, адамзаттан кек алуды бастап кетті.

Бұл кекшіл Одақтың кесірі Əлемге тие бастағанына да біраз уа- қыт болды.Үдеп, үлкен күшке айналып барады.

 

Ксенофобия патшалығы құрылды! Үрей қаптап қырылды. Жаналғыштар жанықты,

Жер: қап-қара табытты. Қара табыт көтеріп, Көксау ниет жөтеліп, Жүрек біткен былғанды. Аяқ асты жыр қалды. Ақымақтар семірді, Ақыл күтті өлімді. Қарап тұрсаң:

Бəрі адам!..

Адамы жоқ бірақ та, Өртенді орман, құрақ та. Жер бетіне:

Тозақ шықты шоқтанып. Масайрады

Жын-перілер: Көздерінен от тамып.

«Өркениет» Ада болды: Жалған күлкі,

Сып-сыпайы тұрқынан. Қайдан қарғыс,

Неден келді, Не үшін!?

Деп жылады боқтанып. Сосын оның

Сұрамақ боп, Себебін:

Зындандағы ғалымды, Іздеп-қайта сабылды, Мəн берген де жоқ халық. Ксенофобия – Теңселдірді халықты,

 

 

 

Орман ұқты, тал ұқты. Ғалым жігіт Шыныменен жынданып,

Жер-ойыншығын құшақтап,

Жылап-жылап көздің жасын ағытты. Адамзаттың

Төбе шашы тік тұрды, Ал, көрінбейтін, Патшалығы жыланның,

Адамдарды адамдарға жұттырды. Өңешіне,

Өзі өртеген Əлемнің,

Күл-қоқысын тықтырды. Қала біткен

Молаларға айналды, Ойып алды

Көшеде: Қанағатсыз, Тойымсыз –

Екі көзі шыққырды. Көрінбейтін Патшалығы Жыланның –

Ксенофобия дертіменен ауырды. Көрінгенді

Сүйетұғын:

«Өркениет-Адамзат» – Тастап қашты дəуірді. Ксенофобия – Адамзатты

Санасынан шектеді. ҮРЕЙ!..ҮРЕЙ!..ҮРЕЙ торлап кетпеді. Ойдан құрап,

Күш пен бұрап жасаған–

Саясатшыл, сандырақтың талқан болды мектебі.

 

Ксенофобия!.. Ксенофобия!.. Ксенофобия!..

Ия, сонымен көрінбейтін Одақтың, жыландар патшалығы- ның қырғыны адамзаттың ақыл-Мандарын зындандағы жынды ғалымның ауызына телміртті.

Бірақ, бұл Одақтың, жыландар патшалығының қолынан кел- мейтін бір іс бар еді. Олар: Өнер атаулыны өлтіре алмайтын. Талбойларын аралап кететін, бір құдіретті күштен өлердей қо- рықты. Оның аты – САЗ ӨНЕРІ болатын! Иман мен Қайыр-Қана- ғат, Зайыр мен Білім, Өнер мен Талап, Сүйіспеншілік пен Махаб- бат, Парасат пен Сенім жəне Тəңір сыйлаған шексіз Таланттан жаралған шынайы өнерді жеңу мүмкін емес екендігін де түсініп үлгерді. Себебі, саз өнеріне тосқауыл қоятын, Құдайдан басқа күш жоқ. Саз толқыны Одақтастардың кез бойын еріктен тыс аралап шығатын қасиетке ие. Ал, сырыңды біліп, еркіңнен тыс ішіңді аралаған жаудан асқан қауіпті дұшпан жоқ екенін, Үштік Одақ сезді, білді.Сиқырлы саз-жылан патшалығының сардарла- рын тəтті сезімге шақырып, бойларындағы аяушылық қасиетті оята беретін еді.

Сондықтан,Олар:ҚОРҚЫТАТАНЫ,ҚҰРМАНҒАЗЫНЫ,АБЫЛ- ДЫ, ҚАЗАНҒАПТЫ, ТƏТТІМБЕТТІ, МОЦАРТТЫ, ПАГАНИНИДІ,

БЕТХОВЕНДІ жəне бəрін-бəрін жек көреді. Дəстүрлі өнерді аз- дырумен айналысып жатырған да, сол, Үштік Одақ! Адамзатты Ксенофобия дертінен сақтайтын ұлы күш – Иман мен Əдепке суарылған ӨНЕР! Əу басында Жаратқан Ием Адамның кеудесіне жан салғанда жеті түрлі сазбен салыпты деген де сөз бар. Саз өнерінің құпиясы мен қуаты – тылсым дүниеге тең. Алла өз қала- уымен туындатқан саз өнерінде – болмысқа күш, санаға сұлулық пен серпін беретін нұр бар. Адамзат  бақытты  өзінің  жаны- нан емес, өзгенің қанынан іздеуді дағдыға айналдырды. Өзімшіл алпауыттардың өрескел тəкаппарлығы – өздерін де, өзгені де Ксе- нофобия дертіне ұшыратты. Барлық бақыттың бастау-сағасы, Бір АЛЛА! Алланы сүйіп, достарын қадірле! Ұлттық салт-дəс- түріңді, бабаларыңнан қалған киелі ұғым, қастерлі қасиет, дана- лық-дағдыларды көзіңнің қарасындай сақта! Топырағынан көкте- ген ағаштың жемісі мен саясы – барша жолаушыға ортақ. Ұлт бесігінен нəр алып, адамзаттың асыл перзентіне айналған Тұл- ғалар қаншама!.. Ұлы сазгерлердің Тəңірлік туындыларында сол нұрлы шуақтың Иман-сəулесі бар. Көкірегінде Иман-сəулесі жоқ қараңғы қоғамда, ксенофобия дерті белең алып, өрши түседі.

 

 

 

Ксенофобия жалмады. Барлық сана ұшынды, Дəл қарақұрт пішінді. Ішім-сыртым,

Түгел жау боп өзіме, Қайрап алдым тісімді. Үрей қаптап сұрланды, Шашты қарға қырманды, Шашты адам иманды, Ар-ұяттың

Терісінен,

Жасап алды шиланды. Он сегіз мың ғалам тұр, Бір-бірінен дір қағып. Жүрегінде жылан тұр, Бойын толғап ырғалып. Құрсақ тұста Қорқаулар,

Болашақты жүр бағып. Ксенофобия дертіне – Саясат та шалықты. Бəрін-бəрін жау көріп,

Оған тағы сендіреді халықты. Бесік қылды дүниеге,

Санаға:

Үрей деген табытты!.. Барлық жүрек – Барлық жерде үрейлі,

Бір-бірінің жоқ болғанын тілейді. Ой қанжарын

Оңашада жанып ап,

Қиялы мен құрлықтарды ірейді. Енді, міне,

Он сегіз мың ғаламға, Жұқты дерті адамның, Түрін қара заманның!? Айырып көр,

Ал, қане,

Арам қайсы, адал кім?! Барлық табан астында, Бір-бір ор бар қазылған. Құтылмайсың жазымнан. Сендік ғұмыр

Өзге жанға көп арзан, Бір шайнайтын сағыздан. Ксенофобия дертіне – Сана қорқып берілді. Кірпігіне кек ілді. Көлеңкесін көріп қалса Қару ала жүгіріп,

Атып, шауып, Өлтірмек боп тебінді. Есірік боп елірді. Аспан мен жер,

От пен су,

Күллі ғалам дерттенді,

Барлығы да бірін-бірі жеп көрді. Сүйіп жүрме

Адам ғой деп Құр тері,

Жылтыраған беттерді. Төрт құбыла –

Түгел үрей, Қорқыныш,

Бірін-бірі аңдымақ.

Ксенофобия – бүгінге тəн, жалғыз ат. Құрлық біткен,

Ел біткен!

Сені де сол бір қорқыныш өкшелер, Күнге дейін дем біткен.

Ей, дүние, үрей баққан таңға ұзақ. Ксенофобия – бүгінге тəн, жалғыз ат. Иманды жан

Аманатын аялап,

Алласына күлім қағып жолығар. Аш жүректер торығар.

 

 

 

Қанағат пен қайырдан, Махаббат пен мейірден, Алшақтаған жандардың, Маңдайының соры бар. Ксенофобия

Қақпанына түсіп ап,

Өзін-өзі дарға асып қорынар. Адам азды ақылдан,

Ақыл азды талаптан, Сана өшіп, ой кеміп, Иман кетті табыстан, Ер өлмеді намыстан. Қанағат өлді,

Мінез-от,

Қалғыған халық көз жұмды. Сөз қылмасты сөз қылды. Алтыннан кесек жасады, Жібекті жыртып бөз қылды. Жеті шəріп,

Əулием,

Жеті бірдей қазынам, Асылымнан адастым. Қарақұрт боп таң астым, Кер жылан боп кеңестім, Қасқыр болып қалжастым, Ақыл-естен алжастым, Көлеңкеммен егестім.  Адам боп келіп санамды, Аждаһа жылан сан алды. Қарақұрт ниет елірді, Жүректің тұсын кемірді. Құрсақтан алды қасқырың, Сəби де – обал, жас-мұңым. Өзін де өзі жалмады,

Адам боп келіп алдады. Санасы бар

Ұл болса,

Бірінші соны таңдады.

Жағалап жүріп аздырды, Өзіне көрін қаздырды. Үрейге байлап

Пендені,

Үмітін жанның аз қылды. Шыны қайсы адамның, Шырғалы қайсы заманның!? Өз қолыммен

Кеудемнен,

Мен солай, міне, жан алдым. Елес келіп ендеді,

Сананы у мен жемдеді. Жүрек тұста – Қарақұрт,

Құрсақ тұста қасқырың, Сен қылғанды –

Мен қылдым,

Адамның жауы Мен деді. Кер жылан боп керленді,

Адам етін азық қылмақ жер де енді. Қарақұрт тəксіз қашанда,

Сазайын жанның берді енді. Құрсақтың ішін ойрандап, Қанды қасқыр желденді. Бітімге келер

Түрі жоқ,

Айырды солай елді енді. Қарақұртқа қайырсыз, Қағанат-сенім артқан кім?! Қасқырға беріп қоқысты,

Қарғысын сырттан таққан кім?! Жөніне жатқан жыланның, Құйрығынан тартқан кім?!

Жау жасаған өзіңсің!.. Адамның іші ала дүр, Өзіңе-өзің қара бір!? Иман-əдеп, салт-дəстүр, Қуғын көріп сана жүр.

 

 

 

 

Төгілді саз кеп, төгілді. Қорқыт боп сосын егілді. Құрманғазы

Жан Бабам,

Сəулелі нұр боп өрілді. Моцарт шығып мұң басты, Үрейдің отын кім басты!? Патшалық құрып Шалғайдан,

Паганини сырласты. Саз тербеді, көлбеді,

Жарыққа жаным шөлдеді. Тірілтті қайта ұлы саз, Жатыр еді көмгелі. Жүректің басы қарақұрт, Саздан қорқып бұғынды. Жұлынның бойы кер жылан, О да қашып тығылды. Құрсақтың іші

Қорқау-ды,

Есінен танып жығылды. Тамырдың бойын саз алды, Айдынды аққу-қаз алды. Өзім боп келіп

Бұл ғалам,

Бермекші Менің жазамды. Саз тоқтаса өлермін, Сəулелі саз бен көгердім. Кешір мені

Табиғат,

Зиянсыз зəре өлеңмін!..

 

Адамзаттың жан бойы мен тəн бойын, он сегіз мың ғаламды сазбен тербеп, жырмен аластап, қанатымен қаусырып, қарлы- ғаш-бауырымен құшқысы келетін, алып жүректі ақ періштенің аты – ДƏСТҮРЛІ, ҰЛТТЫҚ ӨНЕР! Адамзат, ақыл-есінен адасты. Өлердей  қорқып,  үрейден  қалтырап,  дірілдеп  жынданды.  Жы-

ландар патшалығы күннен-күнге жақындай түскенін сезінді. Ал- лаға жалбарынып жан сақтап, пенде байғұс күн кешіп жатты. Ата-бабалардың əруақтарына дұға бағыштап, садақа берді. ТƏУБƏ!.. ТƏУБƏ!.. ШҮКІР!.. ШҮКІР!.. – деп жалбарынып, зар иледі. Біреулер: Он сегіз мың ғаламды, жер мен көкті САЗӨНЕРІ мен аластап бақсыға айналды. Егер жылан патшалығына он се- гіз мың ғалам, мұхиттар мен таулар, дүлей дауылдар мен тас- қындар, өрт пен зілзалалар,көк пен жер қосылса адамзаттың күні не болмақ!?.. Онда, əп-сəтте күлі көкке ұшады. Жандарын қоярға жер таппады. Азуын айға білеген мақтан-көкіректер бір сəтте-ақ мыш болды.Түкке де тұрмайтындығын ұқты.

Мейірім мен махаббаттың шексіз иесі, кешірімшіл Бір АЛЛА ғана, Қорғаушы! Əлде де, адамзатты, өзінің сүйіп жаратқан құл- дарын арашалап, қорғап тұрғанына, Аллаға Шүкірлік қылсын, ПЕНДЕЛЕР!.. Басқа, не келеді қолдарынан, ПЕНДЕЛЕРДІҢ!?.. Тозаңдай да салмағы жоқ пенделер, əншейінде, мықтымсып мақтануға шебер. Осындайда тышқанның ініне тыр жалаңаш кіріп кетуге дайын тұрады! ...Алла өзінің Құлдарын топырақтан жан салып жаратқалы кешірумен келеді. ...Алла кең жəне кеші- рімді. Аллаға шүкірлік қыламыз! САҚТА-САҚТА, САҚТАЙ ГӨР, АЛЛА!.. АЛЛА ТАҒАЛА АДАМНЫҢ КЕУДЕСІНЕ ЖЕТІ САЗ БЕН ЖАН САЛҒАН. ҰЛЫ САЗДА – АЛЛАНЫҢ НҰРЫ БАР. АНАНЫҢ ƏЛДИ-ƏУЕЗІНДЕ-АЛЛАНЫҢ УЫЗ-НƏРІ БАР. АЯТ- ДҰҒАЛАРДЫ ҚЫРАҒАТТАП, ƏСЕМ ДАУЫСПЕН ОҚЫҒАНДА, ЖАНДЫ-ЖАНСЫЗДЫҢ БАЛҚИТЫНЫ СОНДЫҚТАН. Ұлы Саз

Өнерінің қуатымен тауларды көтеріп, жердің тартылыс күшін азайтуға болады. Алла тағала дəстүрлі саз өнеріне, міне, сондай құдірет пен қуат берген. (АЛЛА ҚАЛАСА БАРЛЫҚ КҮШ-ҚУАТ АДАМЗАТТЫҢ ИГІЛІГІНЕ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ) ҰЛТТАРДЫҢ САНАСЫНДА ҚАЛЫПТАСҚАН САЛТ-ДƏСТҮР – ХАҚТЫҢ ҚА- ЛАУЫМЕН, БАБАЛАРДЫҢ БАТАСЫ СІҢГЕН ЖƏНЕ ЖҮРЕК ПЕН ЖАДЫҒА ОРНЫҚҚАН, РАХМАНИ ҚАҒИДАЛАР!.. ОНЫҢ ОЗЫҒЫНА АЛЛА ӨМІР БЕРЕДІ, ТОЗЫҒЫН ШЕКТЕЙДІ. Адам-

зат Алладан кешірім сұрап: Кешір, Кешіре гөр, Алла!? ...Біз, бəрін- де өзімшілдікпен, өркөкіректікпен ұмытыппыз, теріс жасаппыз деп жылап-еңіреп жалбарынып жатты.

 

 

Кешір Алла!?...Кешіре гөр, Жан Алла!? Сенен басқа мен қамқоршы табам ба!?

 

 

 

Кешіре гөр, жан Алла?!..

Жаным Алла, жалбарындым, жыладым, Бəрі сендік: анау аспан, мына күн!

Сен болмасаң – соқыр болып құладым. Сен қаласаң – жанды көз боп шырағым! Жаным Алла, кешіре гөр, адамды! Қолды жайып дұға қылдым, таң алды. Кешір Алла, кешіре гөр, құлдарды, Сенен басқа арашалар кім бар-ды!? Қайтара гөр патшалығын жыланның, Қан жылатты, қан жүректі мұнар күн. Бір ашуын қисын бізге табиғат,

Сəжде қылып жылап отыр жамиғат. Кешіре алса, кешсін бізді табиғат!?..

 

Ал, жылан патшалығы он сегіз мың ғаламның тілін адамдарға қарағанда түсінгіш те, тапқыш еді. Он сегіз мың ғаламға жы- ландар патшалығы адамдарға қарағанда сыйлы да, мүдделес еді. Себебі, адамзаттың баласы шексіз үстемдікке ұмтылып, таби- ғат пен болмыстың алдында барлық қадыр-қасиеттен жұрдай болған,қанағатсыз, тойымсыз ӨҢЕШ бейнесінде елестейтін.Тəңі- рімнен тін тартқан, Алланың нұр-тамшысынан жаралған дəс- түрлі САЗ ӨНЕРІ ғана жылан патшалығының ашуын қайтарып, адамзатты апаттан құтқаруы мүмкін еді. Себебі, Саз құдіреті сонда, ешбір кедергісіз жүрек пен санаға ене беретін еді.Нұрлы Саз – Алланың руханиятқа салған шексіз, сан мың сара жолы мен кілтінің, құпия шипасы мен нəрінің бірі еді.

Адамзаттың баласының үрейленіп қорыққаны соншалықты, жүрек пен жүйкеге кіріп алып ашу мен ызаны қоздыратын Ібіліс- тің ұрпақтарын, жын-шайтандарды саз өнерінің қуатымен аластап, жұмыр жерден қуу үшін барлығы бірдей ӨНЕР мен ӨНЕРПАЗ атаулыны іздеп кетті. Жыландар патшалығының жү- регіне де осы саз өнері арқылы жол тауып, түсіністік пен сенімге шақырудың амалын қарастырды, Адамзат!.. Байлығы мен ман- сабы бұл жолы пайдасына, қадеге жарамады. Мүжəлсіз, мүсəпір күй кешіп, адамзаттың қорқынышы мен үрейі көзінен сора бо- лып ағып тұрды... Үштік Одақ адам бейнесіне еніп алып дүниені кедергісіз аралай бастаған кез еді, бұл!.. Адамзаттың баласы: Өнер мен Өнерпазды іздеп ауыл мен қаланы, сай мен саланы кезіп

босып жүрді. Жан тəтті, жылан патшалығына жұтылып ке- тудің қаупі бар болатын. Хақтың нұры дəстүрлі саз бен жүрекке жететінін, бəле-жəледен қорғап тұратынын енді мойындады. Адамзат ақылға келе бастады. Дəстүрлі Өнер мен өнерпаз төрге шығып, құрмет көре бастады. Міне, Алланың құдіреті! Алла өзі- нің нұрлы өнер, өміршең жаратылысын қорлатпайды.

 

 

 

АЛАСТАУ

 

Алас!..Алас!..

Күй ағылсын жырменен, Алас!..Алас!..

Саз ағылсын сырменен. Алас!..Алас!..

У ішеді білмеген. Кəміл Иман Болашаққа жол баста,

Жолдас болам Сенен басқа, Кімменен!?..

Əлди-əлди,

Əй, бөбегім, жұмыр жер,

Көк аспан мен жұмыр жерге ғұмыр бер. Алас!..Алас!..

Жан бойына мың алас! Алас!..Алас!..

Тəн бойына мың алас! Иман келсін,

Игілік пен ар келсін,

Жын-перілер жан мен тəннен тұра қаш. Алас!..Алас!..

Үйлесім бер, ғаламға!

Қанағат бер, қайыр менен заманға. Достық пенен туыстық бер,

Ақыл бер,

Даналық бер, адал еңбек адамға! Алас!..Алас!..

 

 

 

Бəле кетсін, дертпенен,

Ындын кетсін не берсеңде жетпеген. Құрдым кетсін

Құл біткенді аздырып,

Мансап көрсе, байлық көрсе беттеген. Алас!..Алас!..

Ұлтын, халқын сатқандар!

Елін езіп, ерен байлық тапқандар. Алас!..Алас!..

Надандық пен соқырлық, Ділін-дінін,

Өз салты мен дəстүрін,

Жоққа балап, жатқа қарап жатқандар. Алас!..Алас!..

Жын-перілер, бар енді, Адастырған, соғыстарған Əлемді! Алас!..Алас!..

Түсінбестік, Түңілу, Алас!..Алас!..

Үрей менен қорқыныш,

Кет ендеше, адамзаттан, қал , енді!.. Жаным Алла!..

Жаратқаным, Жан-Нұрым!

Қорға енді, құлдарыңның барлығын. Кешер енді,

Құлдарыңды кеше гөр,

Саған айтар сахар таңнан зар-мұңым!?.. Өз құлым деп,

Мөріңді бас маңдайға!

Саған аян, иман-əдіп жан қайда. Пайғамбарым,

Əулие-Пір, Сахаба,

Бекетімнің уызы бар таңдайда! Тылсым сазды

Мен естідім Отпаннан,

Ескен самал Қобыз болып сарнай ма!? Алас!..Алас!..

Қырсық кетсін!.. Қыдыр жетсін!.. Атамекен, Атажұрт,

Бостандығым, Тəуелсіздік Тұғырым! Бодан қылмақ кім ұлын!?

Көзі ашық Ел: Таптатпайды тарихын,

Тауып алар күзесінің сынығын. Қанағат бер,

Көңіліме жетеді, Хан тағынан қадірлі,

Туған елдің, туған жердің етегі. Үш жүз алпыс

Əулиелі – Маңғыстау,

Сағыныш пен ұлы саздың мекені. Абыл қайда,

Қазанғап пен Тəттімбет!?

Бетховенге көргенім жоқ жатсың деп. Сазбен бірге

Санам менің оянсын,

Сағыныш пен сары ала таң, атсын көк. Алла берген

Махаббат бар жанымда!

Сен де келіп мені құшқын, сағын да. Он сегіз мың ғалам бізбен бір туыс, Айды сүйіп, күнді құш,

Иман емген жүрегіңе бағын да! Қазақстан:

Хақтан ізде бақ құсын,

Бірлік, білім, еңбегіңе табын да!

 

Осы кезде: Мəңгі бақи бастары бірікпеген, екеуі қатар ұшып көрмеген, саяқ сауысқандар жинала қалып Адамзатты келеке- күлкі қылды. Өздерінің жалғыз-жалғыз секемшіл ғұмырын əлемге үлгі еткісі келді. Ащы шындық – адамзаттың жүрегін айғыздап, қаны мен іріңін ағыза түсті.

 

 

 

(САУЫСҚАННЫҢ КҮЛКІСІ)

 

Саяқ ұшқан сауысқан, күлді, міне, сақ-сақ! Таңдайлары тақ-тақ. Ала қанат

Секемшіл,

Бірлігі жоқ құс еді,

Күлкі қылды ақыры төбемізден аттап. Сауысқан:

– Ей, Адамдар!..

Дейсіңіз бе: «Бірлік Құт!», Берекесіз тірлік қып,

Сен емес пе ең, Жұмақтан да қуылған, Ұрлық қып!..ХА-ХА-ХА! Ей, Адамдар!..

Сенің қолың босаған жоқ жағаңнан.

...Өлермен мен шабарман. Бір-біріңді

Алдап-арбап қан ішіп,

Көздеріңе қара, əне, ағарған. ХА-ХА-ХА. Күлкім келді!..

Жүрсің жерді ластап.

Жер бетінен тастасам ба сыпырып, Қанатыммен құлаштап.

Ей, Адамдар!.. Зұлымдыққа келгенде, Сенен, сірə, кім аспақ!?.. Өзіңді-өзің

Алдауменен келесің, Қанағатсыз атау менен кересің. Көкірегің

Күрке болып Шайтанға,

Жын-періге ересің. Мынау сорлы

Он сегіз мың ғаламның,

Маңдайына қағылған бір шегесің. Көкірексің,

Алпауытсың, Құрлықтарды кемірген.

Құрсағыңа алтын, күміс, темір жем. Сен тағыда:

Қатігезсің,

Соғысқұмар сойқаншыл,

Ақша-қорсың арын сатып елірген. Сен Құдайды ұмытып:

Əмір етіп,

Дүниені күл қылдың. Сенің сөзің құбылды Терісіндей құндыздың. Бір-біріңе

Тозақ жасап Тірлікте,

Ібілістің саясатын жүргіздің. ХА-ХА-ХА!..

Сатып кету, Атып кету,

Буындыру жоқтықпен,

Сенен қорқып су үркеді, от біткен. Сертің де жоқ,

Уəдең де жоқ, Антың да,

Дүниені бағалайсың қарын қамы тоқтықпен. Сен сенбейсің:

Жұмаққа да, тозаққа!

Жаның үйір жаншып таптау, мазаққа! Құрық салғың

Келіп тұрар қашанда, Ар-Иманы азатқа! Сен түлкіге күлесің:

Ал, ниетің мың түлкіден алдамшы. Батар күнді

Өткінші деп

Қарғайсың,

 

 

Сенен қашып бара жатыр жалғаншы. Қанағатсыз

Қалтырауын секілді, Қорқынышты жаныңыз, Ал, осыған таңданшы!?.. Таңданбайсың!..

Себебі, Сен, сондайсың. Жасап алып жауыздықты, Жалбарынып сорлайсың. Ындыныңның

Бəрі тесік Жамаусыз,

Тоймайсың да, толмайсың!

...Сен сондайсың!

Жан берерде жағаласып, Айтпақ болып шыныңды, Бір білесің құныңды.

Қу сүйекке Итше жүріп Таласып,

Адам болып сүрдім дейсің ғұмырды.

ХА-ХА-ХА!

...Үйретесің тағы соған ұлыңды.

...Қызыңды да бұрымды! Менсінбегің келеді, Бəрін-бəрін басқаның,

Тауды таптап, тағасыңыз тасқа мін. Ой-мерезің

Құтыртып,

Мұхиттарды кешіп өткің келеді, Орман көрсең қырқып алып бастарын. Бəрін таптап,

Отырғың кеп тұрады, Құдай бірақ қырағы. Адам біткен Аздырды,

Он сегіз мың ғаламды,

Тас төбеңнен Тəңір бір күн ұрады! (Сол сауысқан:

Көп ұрысты, кек қылды.

Жұқа жанның жүрегіне жеткізді) Мен сосын да,

Саяқ ұшам білдің бе?!.. Білмесең сол, деп күлді!.. Ха-Ха-Ха-лап,

Кетті сосын: «Адам деген Құрдым» – деп. Біліп қойсын, бұл бір деп.

Жиналып ап: «Достық»

Жайлы Хаттаған,

Қаулыңыз бен қарарыңды ұрдым деп.

...Кешіріңіз Сауысқан!? Өкпеңіз көп құс екенсіз адамға! Бірлік керек маған да!

Хақ нұрынан

Жаратылған шын құлдар, Оянады санасы,

Бірігеді бауыр боп, Əйтеуір бір заманда!

 

 

 

 

Жə, сонымен біз адамдар табиғатты ызаландырып өшіктірген соң, олар да қорғанысқа көшті. Жылан, қарақұрт, қасқыралар адам бейнесіне айналып өзімізбен соғыса бастады. Осы тұста ҰЛЫ САЗҒА тығылған Жер мен Көк адамнан көрген қорлығын ай- тып, Жаратқан– Иеге, бір Аллаға жалбарынды.

 

Жеті ғалам-жермін Мен, Күнді сүйіп ердім Мен. Жұлдыз көрсем Тербетіп,

Айға қонақ бердім Мен. Сұлусындым шығыспен,

 

 

 

Балқып жаттым батыспен, Солтүстігім ақ қар-ды, Оңтүстігім бақтан-ды. Жер астында бір қала, Заманның күтпек ақырын, Жүр үстінде мың қала, Улап та жатыр ақылын. Жоғарыда көк зеңгір,

Жол тартып жолай кезген жыр. Періштеге

Қол беріп,

Пендеңізден безген жыр. Ақиқат түбі

Хақтан-ды,

Хақ бұйрығын сезген жыр. Мен – Жер едім, Анамын! Соқпайды сары самалым. Адамның тісі – жегі құрт, Жан Алла семіп барамын! Адамзат қайда бұрынғы!? Иманға байла құлыңды!? Жаһанға Ие –

Жан Аллам, Он сегіз мың Бұл ғалам,

Қанағат кетіп, бүлінді. Азуын білеп

Айды жеп, Көзімен түртіп Күнді жеп,

Күнде кеңес күбінді. Сыңсыған анау Орманды,

Сындырған қол кімдікі!? Қопарып анау тауларды Құм қылған қол кімдікі!? Қоғасын өртеп

Айдынды,

Күл қылған қол кімдікі?! Көкті былғап шапшыған, Қу тақыр боп қақсыған, Бір арамза без шықты, Адамға біткен жүректің,

Айықпас дерт боп, астынан!.. Жан Алла өзің сақтай көр!? Нұрың мен сылап баптай көр. Жан Аллам Бізді сақтай көр!?

 

 

 

VІІ

 

Осылай адамзаттың баласы жанталасып өздері қолдан қи- ратқан дүниені қалай қалпына келтірерін білмей ақылдары айран- дай төгіліп, даң болды. Жыландар да табиғаттың киелі жара- тылысы. Олар: Өздері құрған қағанаттың күш-қуатын арттыра түсті. Түсініксіз жойқын зауалдар мансап-масы, байлық-масы шірінді – ниет, шіркеулі жүздерді қой тоғытқандай жұтып жатты. Астан-кестен болған ақыл мен сананың құрбандарына қол ұшын бермек болып, бабалар рухының елестері сахараны кезіп жүрді.

 

 

БАБАЛАР РУХЫ ЖƏНЕ АҚ БАТА

 

Қан тамыры Халалдан,

Жүректің басын саз алған. Ет пен сүйек

Тал бойым,

Саз бенен жырдан жаралған. Тілек ашты пердесін,

Жүрек ашты іргесін. Жүрек пен

Сырлас қайран жыр, Айнымайтын дос болды, Иманның дəмін білгесін.

 

Құлың едім Жан Алла, Құлыңды өзің сақтай көр!? Ұлың едім Жан Баба, Батаңды бабам шаппай бер?! Жүрек пен жыр

Қосылды,

Ел сенімін ақтай көр?!.. Ақ нұрыңнан

Жан Алла,

Ақырдың таңы атпай бер!?.. Адамзатты аздырған Шайтандарды таптай сал! Құлдарыңның жүрегін, Иман-əдеп,

Салт-дəстүр,

Нұрлы талап, ғылыммен, Қанағат беріп, қаптай сал. Дақ түсірмей жүрекке, Қараңғы көрге ақтай сал!? Əулиелі Маңғыстау,

«Əумин!» – десін Пір Бекет.

Өткендерге Өреуіл,

Кеткендерге салауат, Таптырмас енді іздесек. Иманның сөзі жүректе, Жүректің сөзі – тілге сеп!.. Əруақтар сонда сөйледі:

– Құлыным менің, құлыным! Қирады ма шыны-күн?! Қиындысы қол кесіп, Қиырдан қарап жол кесіп, Дүбірлі

Жалған қым-қиғаш,

Жатыр ма жаным сор кешіп!? Қоштасар тұсың – қара жер!.. От басар тұсың – тозақ-ты!

Нұрланар тұсың – жұмақ-ты! Үмітің болып – таң атты. Өмірің болып – күн ақты. Күн болып көктен күлдірді, Түн болып сосын жылатты. Айдамай желіп

Аранға,

Ақ киік тағдыр келеді, Солай да – солай құлатты. Өзіңнен көр, күнəңді,

Хақ сүйген құл шыдамды. Сендік пиғыл

Туғызған,

Патшалық құрған жыланды. Ақ батамды берейін: Хақтан болсын, кешірім! Халалдан болсын, өсімің! Иманның шамы жол бастап, Жұмақтан болсын, есігің! Табиғат беріп

Ашуын,

Алла берсін кешірім!

Бабам болып келіп үн қатқан: Есімнен кетпес есіл үн!..

 

ТЕЛЕДИДАРДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХАБАР:

Ақылынан адасқан адамзаттың бар білері – БҰҰ-ның қаулы, қарары еді.Тағы да улап, шулап жиналды. Көрінбейтін ЖЫЛАН- ДАР ПАТШАЛЫҒЫ ҮШ КҮН БОЙЫ СӨЗ БОЛДЫ. Ақыл таппа-

ды. Бір білсе осы біледі – деп, зынданда жатып, жер-ойыншықпен əуре болып отырған ғалымды алып келіп емдеуге, онымен қалай да тілдесуге талап жасады. Құдайдың құдіреті мен ғалым жігіттің беті бері қарады. Кенет есі кірді. Есі кірген бойдан, БҰҰ-ның мінберіне шығып адамзатқа аманат айтқысы келетінін білдірді. Тыңдамауға болмайтын еді, басқа амал таусылған. Көрінбей қира- тып бара жатырған Жыландар Патшалығының зауалы – ғалым жігітті БҰҰ-ның мінберіне шығаруға мəжбүрледі. Тағы да жиын!.. Тағы да Əлем, үміт пен күдіктің арасында құлақ тосып отыр- ды. Ғалым жігіт: «Алладан кешірім сұраңыздар!? ...Əруақтарға садақа беріңіздер!?... Ұлттық салт-дəстүр мен дəстүрлі өнерді, иман мен əдептен жаңылмаңыздар!?... Жылан Патшалығының жүрегі мен санасына əсер етіп жəне райынан қайтарып ашуын басатын бір-ақ күш бар, оның аты – Алланың ақ нұрынан жара- лып, жүректің қалыбына құйылып, өмірге келген – дəстүрлі САЗ ӨНЕРІ!... Мұны менің құлағыма періштелер сыбырлап тұр!..» – деп айтты да, қайта құлап, бақиға аттанды. Аманатына, ғылымға адал жан екен, əлемнің көз алдында жан тапсырды.

 

Ғалым өлді, ойы қалды, орнықты, Ақ сөз үшін, көрді қанша қорлықты. Адамзаттың білетіні – зорлық-ты!.. Ғалым өлді, аманат жан жөнелді, Жаны нұр боп, тəні шөп боп көгерді.

Ғалым өлді – қорғамақ боп заманды!.. Ғылым-Хақтан, сана қайта жаңарды.

 

– БҰҰ-ның көшбасшылары көп ойланды. Ғалым жігіттің сөз- дері көңілдерінен кетпеді. Мойындамайын десе басқа жол жоқ, тығырыққа тіреліп келеді.Содан саяқ сауысқандардың сын-сөзі өтті ме, əлемнің ойшыл тұлғалары қайта-қайта жиналып, ақыл- ға келді. БҰҰ-ның жанынан дəстүрлі САЗ өнеріне негізделген, əлемдік ұлт-аспаптар ОРКЕСТРІ құрылды. Ол: дүниені аралап, адамзат- ты бейбітшілік пен бірлікке, Иман мен Əдепке шақырмақ. ХАҚТАН КЕШІРІМ сұрап, Халықтарды қанағат пен сүйіспеншілікке үнде- мек. Адал еңбек пен білімге, теңдікке сүйенбек. Əрбір ұлт Алланың алдында бірдей дəрежеге ие екендігін түсіндірмекші. Сұлу бола- шақтың сырғалы үміті еді, бұл.

 

СҰЛУҒА МАДАҚ – ЖЫР

Қайран өнер, ұлттық өнер, Тəңірлік! Сеніменен тірлік тəтті, жаным құт. Сен қайдасың?..

Сағындық!

Нұрлы сазға, елжіредік, табындық. Ұлттық өнер – ұлттың жаны, арманы. Ұлтың өлсе: тірліктің бар не мəні?!.. Нұрыма-нұр қосылсыншы қандағы. Қия қанат жыр-жүрегім самғады. Сұлу Əлем!..

Қандай ару, қара жер!

Анау қырат, мынау қолат, анау өр! Сен Сұлусың!..

Менің асыл мекенім!

Жырлы жұмақ, гүлге толған етегің. Адам сұлу, он сегіз мың ғалам да, Жылан-патша өкпеміз жоқ сағанда! Ашуыңды бас табиғат, кешіргін!?.. Босқа өтіпті, Хақ сыйлығы есіл күн. Кешір Мені!?..

Сен сұлусың дүние!

Жырым менен салып алдым күйіме!..

 

Оркестрдің баянды орны, бастау сағасы – АСТАНА қаласы бо- лып бекіді. АСТАНА ЖƏНЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ өзінің ақ жүрек кеңді- гімен, осы құрметке лайық деп шешілді. БҰҰ-ның əлемдік өкілетті жəне ұлттық өкілдіктер алқасы бұл ұсынысты бірауыздан қол- дады. Əрине, Ақ жүректік пен ақ пейілділік – өзін-өзі қадірлей білетін ұлттың саналы, сұлу, мəдениетті амал-əрекетінің жемісі  болсын,  деп  тілейміз!  Оркестрдің  аты:   «ОТ-МАН» деп аталатын болды. Себебі, Адамзаттың бірлік пен мəдени өмірге, саналы тірлікке аяқ басуы – осы таудан, отты игеруден басталған еді. ОТ-МАН – Қазақтың қарашаңырағы Маңғыстау өлкесіндегі киелі орын. ОТ-ҚУАТ ПЕН КҮШТІҢ КӨЗІ. Оны: ИМАН мен Қанағат қана басқаруы тиіс. Ежелгі аңыздар осылай сыр шертеді. Сөйтіп, ұлы сазгерлер қайта тіріліп жұмыр жер мен көк аспанды, адамзатты үмітпен семіртті. Адамзаттың жүрегіне орналасып алған жауыздықтан өздерін арашалауға кірісіп кетті. Əрине, барлық он сегіз мың ғаламның жанды-жан- сыз жаратылысы – Бір Аллаға тəуелді. Мейірімді Алла бұл жолы да адамзатқа кешіріммен қарап, Тəубəшіл құлдарына мейірімін төге  бастағанын  сезген  соң,  жыландар  патшалығының  ашу-

 

 

 

ызасы да сабасына түсе бастады. Сөйтіп, АСТАНА ҚАЛАСЫ – СҰЛУЛЫҚ ПЕН МЕЙІРІМНІҢ ЖАҺАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА АЙ- НАЛДЫ. ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ БҰЛ АЙТУЛЫ МƏДЕНИ ШАРА ЖӨНІНДЕ  ƏЛЕМГЕ  АҚПАРАТ  БЕРУГЕ  БҰҰ-НЫҢ  КЕЗЕКТІ

ЖИНАЛЫСЫНА АТТАНЫП КЕТТІ. Бір қызығы: Осы ұлы қадам Қазақ Елінің Тəуелсіздігіне жиырма бес жыл толуына сайма-сай келді. Жан шуақ арманымды, шығармашылық еңбегімді – Тəуелсіз Қазақ елінің ұлы мерекесіне шашу қылмақпын!

 

 

 

(СЕРПІН-САЗ)

 

ТЕЛЕДИДАРДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХАБАР:

«От-Ман» – бүкіл əлемдік этно-мəдени фольклорлық ұлт-ас- паптар оркестрінің ашылу салтанаты өтті. Бүкіл Əлем: АСТАНА қаласындағы осы рух тазалығы мен сұлулық патшалғының мере- кесіне көз тікті. ЖАРАТҚАН ИЕМНІҢ махаббаты мен нұрынан жаралған үнін, он сегіз мың ғаламмен үйлесім тапқан ҰЛЫ САЗЫН өз құлақтарымен естіді. Күллі Əлем халықтары бақыттан басы айналып жылап отырып, теледидардан көріп, тыңдады.Əлемдік ұлт-аспаптарының арасынан домбыра мен қобыздың үні ерек- ше естіліп жатты. Қайран менің домбырам мен қобызым,үнің қандай, үнің балдай, шырын ғой!.. Ендеше, біз де бірге тыңдайық!.. ҰЛЫ САЗ – КҮЛЛІ ƏЛЕМДІ АЛЛАНЫҢ ҚҰДІРЕТІМЕН БІР ТАЛ ГҮЛДІҢ ҚАУЫЗЫНА СЫЙҒЫЗЫП ЖІБЕРГЕНДЕЙ ƏСЕРДЕ БОЛДЫҚ.

 

Құлақ түрді,

Сол бір сəтке адамзат!

Астана тұр ақ жүрегін көрсетіп, Сарыарқа да самалдап.

Он сегіз мың ғалам тылсым күйге енді, Жүрегінен əн арнап.

Алты құрлық, Жеті қат көк, Жер-жаһан,

Болмақ емес маған жат.

Гүл боп кетті,

Саз төгілді, нұрланды,

Бұлбұл алып бара жатыр қырға əнді. Иман-əдеп,

Сенім менен серт келді,

Бата беріп барлық Əруақ тұрған-ды. Жасыл орман,

Жасыл желек сыңсыды, Қанағаттан күллі əлем тыншыды. Қыран ұшты,

Аққу қонды айдынға,

Сайрап отыр сары таңның шымшығы. Адам біткен

Досқа айналды күлімдеп,

Бірін-бірі сүйіп жатыр: «Күнім!..» – деп. Əр жүректің

Құрмет қып ұлтына,

Шырақ жағып періштелер жүр үрлеп. Жарық күннің

Тəттісін-ай, тəттісін!

Кел, келе ғой, сенші маған ақ құсым!? Көрсетпейді,

Жауыз да жоқ, Жау да жоқ,

Тек болғаны ниет құбыла, ақпысың?! Мынау саздың əсемін-ай,

Əуезін,

Жан бойымды жасартып-ақ барады. Бойдан дертім,

Ойдан үрей тарады. Мейіріммен, Махаббаттан нəр беріп,

Құдай өзі құлдарына қарады. Дүниені

Сұлу саз бен өрнектеп,

Келе жатыр бақша гүлдеп, жер көктеп. Өтіп жатыр

 

 

 

Барлық ұлт пен барлық жан,

Бірін-бірі сүйіп, құшып төрге ептеп. Барлық адам

Сағыныштан сімірді,

Бейбіт аспан, аппақ тілек бір үлгі. Бірін-бірі

Бір қуантып қалсам деп,

Адамға адам жүрегін ап жүгірді. Ойнап жатыр

Бал бұлақтар балаша,

Өмір қандай тамаша еді, тамаша! Кіп-кішкентай ниет еді

Жетпесі,

Енді, міне, бəрі қалды жараса. Адамдарға –

Адам қонақ, аз ғана.

Жалғап жатыр жүректерді саз ғана. Гүлге қонған

Көбелектей шалықтап,

Аруларға ғашық боп тұр, боз бала. Бəрі сұлу,

Сұлулықтан басқа жоқ,

Жанарларда қайғы да жоқ, жас та жоқ. Ол да саған тіл қатады:

«Жаным!..» – деп,

Күні кеше бедірейген тас та көк. Дүниені құшқым келіп барады, Əлем маған

Əлди айтып қарады. Ұлы Саз бен Ұрандасып, серттесіп,

Күллі адамзат бауыр болып тарады.

...Сарыарқаның есіп тұрды самалы. Шексіз лəззат, жеті қат жер, аспан ƏН!.. Ұлттық саздан қауыз жарды – Астанам!!!

Бұл бір ертегіге бергісіз ғажайып түс еді. Түс..., кəдімгі түс көріп ояндым! Əсем сазды тыңдай бергім келіп қайта көз жұмдым. Алайда, күйбең тірліктің қамы төсектен еріксіз тұрғызды. Айнала сұп-сұр өмір, өзгерген ештеңе де жоқ. Сұңқылдаған сауысқандар да көрінбейді. Біреу-біреуге ызаланып қарайды. Тілдесе қалсаң төлей алмай жүрген қарызын айтады. Оркестрдің үні деп жүргенім – Қазақтың əнұраны екен, Шəмшінің əндері екен. Оған да шүкір! Адамдар шынайы өмірден гөрі, түс көргенді ұнататын болып жүр. Дегенмен, сол түсті жақында қайта көрдім, əсем саз жанымды тербеді.

 

Тағы көрдім, осы түсті сағындым!

«Мен-Қазақпын!» – Жүзі жарқын, ақ ұлмын!..

 

Тағы көрдім осы түсті – бір ғажап! Күллі əлемге құшақ ашып тұр қазақ!

 

Түсім менің – мың шындыққа айналды! Туыс болып: Барлық жүрек жайланды.

 

Тəуелсізбін: Жиырма бесте жасым бар! Мəңгі бізге қорған болсын, асыл, ЖАР!

 

Сарыарқаның сары самалы есіп, оркестрдің асқақ үніне ұла- сып, сұлулық шаһарына айналған Астананың салтанат сарайын- да: «Қазақ халқының Тəуелсіз ел болғанына жиырма бес жыл бол- ды», – деп, «Тəуелсіздік толғауын» оқып, əлем халықтарын мере- келік шеруге шақырып жатып ояндым. Өң мен түстің арасындағы осы бір салтанатты сəтті кірпік қақпай көре бергім келеді. Қазақ деген халықтың ұлы екендігімді айта бергім келеді. Бірақ, түс- тің де иесі бар. Мен ынтығып, ынтызар болған сайын: ол да көрін- бей сиреп, мұнарлы мұңға ұласып барады. Жиырма бесте көз қуа- нышымызға, көңіл жұбанышымызға айналмаған Тəуелсіздік, бізді, қашан қуантады? Ұран салып, Ұлт болып бір қуанайықшы, аға- йын!.. Осы күнді аңсап өткен барлық бабалардың құрметі үшін, қуанайық!?... Қуана білген елдің бақ-берекесін, ырыс-несібесін Құ- дай молынан қылады. Қазаққа Алла жар болсын! Оркестрдің əсем сазының аясында еселеп жыр төгіп, елжіреп шаттанып тұр екен- мін. Бұл да түсім бе, білмеймін!? Өңім шығар!?... Саз өнері – еш- бір тілмашты талап етпейтін адамзатқа ортақ, он сегіз мың ғаламға ортақ, түсіністік пен сырласудың құралы.

 

 

 

 

ТƏУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ

(ҚР Тəуелсіздігіне жиырма бес жыл)

 

Тəуелсіздік Сен құндақта жатқанда, Мен отызға келіп-ем!

Қуанғанбыз құлын қунап, бота боздап желіден.

Қорқыт Атам қобызына ту байлап,

Көтеріп ек Күлтегіннің елінен.

...Дүниені құшақтап бір кеңіп ем.

Алашқа Орда тіккен қырдың белінен.

Қарашығы көзімнің – сүйемін ғой, Сені, Мен!

Жиырма беске келгенсің бе, беу, күнім!?

Астыңызға ат жүйрігін берейін, күміспенен оқалайын терлігін.

Бабалардың қайталап көр, ерлігін!

Қылшылдаған қылыш болсаң жарадың, ел біледі, ер құнын.

Жырға айналып жаңғырады Мендік үн!

Жаңғырықтар!..Мəңгі ұлық қар, шың басы.

Ер жеттің ғой, енді мені тыңдашы?!

Тəуелсіздік!..

Сен семсерсің тасқа шауып алмайын,

Кетілмеші, сынбашы!?

Наркескенім – қайғы жұқты, қан жұқты,

Өтті тарих еселеп.

Көз жасымды ішті уақыт кеселеп.

Қаған құрған

Қағанатшыл көкбөрім,

Неше кеттің, неше кеп!?

Саған жетті Үш Арысым-Үш жетім,

Бірін-бірі жетелеп.

Қанша ғасыр жарылды оның маңдайы, табан еті жалбырап,

Саған жету болды арманы жалғыз-ақ.

Хандар көшті,

Жан зар кешті,

Ғасырлардың кешіп жүріп батпағын,

Жол үстінде кеудеден бас қалды ұзақ.

Кенесары кескіленді, Махамбеттер жұлынынан қиылды,

Кескен бастың қызыл қаны, əр қазақтың көзіне кеп құйылды.

Біз содан соң

Бір көруге зар болдық,

Алтай, Нарын,

Маңғыстау,

Қайран Қиғаш, Қиыл менен Иірді.

Іреп сойып салт-дəстүрдің терісін, дарға асты жырым менен күйімді.

Тəуелсіздік!..

Жиырма бес жас, соның бəрін танып-біліп алар жас.

Жүрегіне жанып-күйіп салар жас.

Ұлт бақытын ойлау менен

Өледі,

Ардан уыз еміп өскен адал бас!

Бар байлығым – Өзіңсің !..

Жетпес , сірə , саған бəс!

...Алға! Алға! Қадам бас!?..

Тəуелсіздік!..

Тал бойыңда арманым бар, үміт пен,

Оянамын күннен бұрын, саған мойын бұрып Мен!!!

Бесігіңе қоңырау тағып

Тербедім,

Шексіз шыдам, қанағатшыл ғұрыппен.

Тəуелсіздік!..

Жатқан болсаң, түрегел!?

Сен сыбансаң, ақ білегін түрер Ел!

Қазақ Сені – көп іздеді,

Көп сүйіп,

Ер жеттің ғой, ел қадірін біле гөр!?

Сенсіз өмір жоқ бізге,

Аттай көрме антыңнан,

Міне, құшақ, міне, Қол!!!

Тəуелсіздік!..Тəуелсіздік-ұлығым!

Жүрегімнің түбіндегі тұнығым.

Атамекен:

Өте бермек жалғаннан,

Сені жырлап Үш Қиянда бір ұлың.

Тəуелсіздік, мəңгі болсын, ғұмырың!

 

Сабыр АДАЙ

«Алтынзер» кітабынан

624-675 бб

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583