Сенбі, 23 Қараша 2024
Алашорда 7585 0 пікір 2 Тамыз, 2016 сағат 10:38

ҚАРҚАРА КӨТЕРІЛІСІ ТУРАЛЫ 7 КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, 1916 жылғы Қазақстандағы Ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналып, «Қарқара – 100» атты сериямен жеті кітап топтамасы «Ан Арыс» баспасынан жарыққа шықты. Жеті кітаптың көтерген жүгі мен мазмұндары қасіретті жылдың ащы шындығын ашып береді. Оқырман ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Қилы заманымен» қауышса, Қарқара қаһармандарына арналған авторлардың тың еңбектері өз алдына екінші бір кітапқа жинақталыпты. Сондай-ақ 1916 жылғы «Албан көтерілісінің» тарихи құжаттарына арналған материалдарда патша өкіметінің озбырлығы, Қарақол түрмесіне қамалған Жәмеңке, Ұзақ, Әубәкір, Тұрлықожа және басқа тұлғалардың тергеу материалдарымен танысуға мүмкіндік жасаған. Материалдар мұрағат құжаттарынан алыныпты.

Қасіретті жылды көзімен көргендердің де жыр-дастандары «Қарқара толғауы» атты топтамада жинақталған. Жинақ 1916 жылғы «Албан көтерілісі» кезіндегі тарихи оқиғаны бейнелейтін өлеңдер, жыр-дастандар, ауызекі әңгімелермен толыққан.Ондағы материалдар  М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер иститутының ғылыми кітапханасының сирек қорларында сақталып келген беймәлім қолжазба мұралары құрайды. Мұнда ақындар Асан Барманбекұлы, Бөлтірік Атыханұлы, Көдек Бай­шығанұлы т.б. авторлардың туындыла­ры берілген.

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің әйгілі «Қилы заман» повесінің ізімен жазылған белгілі ақын Нұрлан Оразалиннің «Қырғын» атты екі бөлімді традегиясы, «Қарақазан ғасыр» атты кең тынысты көркемдік бітімі таза драмалық дастаны және ұлт, туған жер, бабалар рухына арналған өлең-жырлары өзінше бөлек бір кітап.

 1916 жылдың қанды қырғыны жөнінде біраз жылдардан бері зерттеп, патша өкіметі көтерілісшілерді аяусыз жазалаған оқиға жөнінде кітап жазған қоғам қайраткері Сейдәлім Тәнекеевтің ізденісі де оқырман үшін тың дүние болмақ. Автор мұрағат құжаттарына, ел аузындағы әңгімелерге жүгінген. Белгілі жазушы Бексұлтан Нұржеккевтің «Әй, дүние-ай!» романы да «Қарқара –100» топтамасына кірген. Романның негізгі арқауы 75 жылдың аралығын қамтиды. Бас кейіпкер Шәйі Тілеуліқызы 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісін, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінде бастан кешірген кейіпкер. Кейіпкердің тағдыры қазақ халқының қиын тағдырын бейнелейді. Туынды 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің көсемдері Жәмеңке мен Ұзақ және басқа тұлғалар жөнінде де айтылады.

Жалпы «Қарқара – 100»  топтама кітаптары көпшілік оқырманның рухани азығы болары сөзсіз. Оның жас ұрпақ бойына Отанды, жерді, тәуел­сіздікті сүюді үйрететін жақтары басым болса, патироттық рухқа да тәрбиелей­тін тұстары аз емес.

Жексен САҒЫМБЕКҰЛЫ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371