Басты мақсат – шаруаларға қолдау көрсету
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев еліміздегі орта және кіші кәсіпкерлікті дамыту үшін Үкімет алдына талаптар қойып, ұлттық экономиканың жетекші күшін жанжақты қолдауды, соның ішінде жергілікті кәсіпкерлік-бастамаларды көтермелеуді, ішкі нарықты дамытуды тапсырған болатын.
Бұл ретте аймақтың экономикасының дамуына арыстық кәсіпкерлер өздерінің қомақты үлестерін қосып келеді.
Осы орайда бүгін Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек «Бизнестің жол картасы-2020» және «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламаларының іске асу барысымен танысу мақсатында қаламыздағы бірқатар кәсіпкерлердің үйлерінде болып, кәсіпкерлермен жүздесті.
Кездесу барысында кәсіпкерлер өз істері, болашақ жоспарларымен бөлісіп, түйіткілді сауалдарға тиісті жауаптарын алды.
Кәсіпкерлік нысандардың тыныс-тіршілігімен танысқан шаһар басшысы М.Қадырбек кәсіпкерлердің іскерлігіне алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалының мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы, Арыс қаласының әкімі Мұрат Болатұлының қатысуымен қоғамдық қабылдау өтті.
Қоғамдық қабылдауға келген қала тұрғындары жол салу, әлеуметтік көмек, жұмысқа орналасу, денсаулық жағдайына байланысты мүгедектікке шығу мәселелері бойынша өз өтініш-арыздарын білдірді.
Шаһар басшысы аталған мәселелерді шешу үшін бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, мәселелер бақылауға алынды. Бірқатары оң шешімін тапты. Бекітілген кестеге сәйкес аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын таба бермек.
Abai.kz