Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2991 0 пікір 14 Қараша, 2016 сағат 10:40

ОҚО-да табиғат қаскөйлерінің жолы кесілуде

Осы жылдың 1 қарашасынан бастап ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің өкілдері  Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізуде. Шараның басты мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылардың жолын кесу болып табылады. Рейд жұмыстарына полиция қызметкерлері мен табиғатты қорғау өкілдерінен құралған 50-ден астам жедел топ жұмылдырылды.

Өткен үш тәулік ішінде тәртіп сақшылары табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 54 құқықбұзушылықты және 9 экологиялық қылмысты анықтады. Атап айтқанда, ағаштарды кесу, жануарлар дүниесін пайдалану және аң аулау талаптарын бұзу, балық аулау, күтіп ұстау қағидаларын және жасыл желектерді бұзу ең көп тараған құқықбұзушылықтар болып табылуда.

Мәселен, 1 қараша күні полицейлер Сарыағаш ауданы аумағындағы Келес өзенінің бойында ағаштарды заңсыз кескен 1988 жылы туылған жергілікті тұрғынды ұстап, айғақ зат ретінде балта және 0,5 куб кесілген ағаш тәркіледі. Сонымен бірге, осы күнгі іс-шаралар кезінде Түркістан қаласында полицейлер сексеуіл артқан жүк көлігін анықтады. 1982 жылы туылған Түркістан қаласының тұрғынында ешбір құжат болмаған. Жүргізуші мен оның жанындағы 1991  жылы туылған Отырар ауданының тұрғыны автокөлікпен бірге оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Түркістан ҚІІБ-ге жеткізілді.

Аталған жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 340-бабымен «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау» қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 45 құқықбұзушыға әкімшілік тәртіппен 130 мың теңгеден астам айыппұл салынды.   

Табиғатты қорғауға бағытталған аталған іс-шара 10 қарашаға дейін жалғасатын болады.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566