Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3845 0 пікір 1 Қыркүйек, 2010 сағат 08:56

Өркен Кенжебек. Атабаевтың бекігені қандай екен?

Болат Атабаевты білмейтін қазақ жоқ шығар. «Ақсарай» театрындағы режисcерлігі өз алдына, қара қылды қақ жаратын туралығын айтсаңызшы.  Сол ағамыз жақында «Общественная позиция» газетіне сұхбат беріпті. Сөзі шымыр, ойы жұмыр. Әңгіме дін мәселесіне ауғанда Атабаев: «Я сам был баптистом..., был свидетелем Иеговы, а в студенческие годы кришнаитом. Я был в них по 2-3 года. А в свидетелях Иеговы 5 лет. Был в миссии Грейс в южнокорейской церкви», - деп төпей жөнеледі.

Мұнысын «ақиқат іздеудегі арпалысындай» мақтана айтқандай көрінді. Сан секталардың арасында сарсылып жүріп, Ислам дінінің бұрыс ағымына болсын, кірмеген екен-ай... Бұдан әрі Атабаев «мен үшін маңыздысы - сенім, ал сенім мен дін деген екі бөлек дүние. Дінде топ болып, қауым болып Құдайға сыйынады. Рухы әлсіз адамдар қауымға ұйысып, Құдайға сыйынғанды ұнатады» деп тағы бір сілтейді. Мәссаған, сонда мешітке келген жамағаттың барлығын рухы әлсіз жандар деген пәтуа шығару керек пе?

«Ақыр аяғында, менімен Құдайдың арасындағы тікелей байланыста ештене болмауы тиіс деп түйдім». Атабаевтың әлгіндегі сөздерінен соң, оның Құдай деп, Алла тағаланы айтып тұр ма, әлде «басқасын» меңзеп тұр ма, біле алмадық. Осымен доғарса мейлі ғой. «Ислам, например, говорит: «Алланың ризалығы үшін», тос есть «дашь на дашь». Если я буду нравственным, то завтра мне воздастся в раю. Это что за постановка вопроса? Не надо ждать добра от добра. Человек от природы не делает ничего плохого...», - деп діни танымынан бізге хабар бере түседі.

Мүмкін, біз Болат ағамыздай И.Кант, Ф.Ницшенің бар кітабын тауыспаған шығармыз. Мүмкін, Атабаевтың рухани сәулеленген кемел тұлғасының қасында мешел баладай да көрінерміз. Бірақ, «Алланың ризашылығы үшін» деген қандай да қайырымның, игі істің о дүниеде қайтарымы сауаппен таразылануымен,  жәннатқа жолдама берілуімен өлшенбей ме? Осы арқылы Жердегі тірліктің жалғандығы, сөз-ойымыздың оң-терістігіне қарап, шынайы тұрағымыздағы жағдайымыз белгілі болады емес пе? Әлде, олай емес пе еді? Осыған қарап, «Атабаевтың көкігені мұндай, бекігені қандай?» деген ойда қалдық...

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5301