Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5425 0 пікір 2 Қыркүйек, 2010 сағат 04:37

Өтеш ҚЫРҒЫЗБАЕВ. Созақ көтерілісі қазақтың бір рухы емес пе еді?

Кеңес империясының оз­­­быр­лығына қарсы болған ха­лықтық көтерілістер­ мен ереуілдер тарихы тұрғысындағы жарияланымдар сериясын одан ары жалғастыруды жөн көріп отырмыз. Осы орайда газетіміздің 9 маусымдағы санында шыққан «Созақ көтерілісі жөнінде біз не білеміз?» деп аталатын мақалаға қатысты оқырманымыз ой қосқан екен.

Иә, коммунистік уағыздың желеуімен ұзақ уақыт бойы «Бай-құлақтар мен дiн басыларының кеңес өкiметiне қарсы контрреволюциялық қарулы көтерiлiсi» ретiнде бағаланып келген Созақ көтерілісіне 80 жыл болса да, бүгіндері өз алдына тәуелсіз ел болған Қазақстан осы тарихи датаны қаперге алмағаны өкінішті-ақ. Елдігіміз бен халықтың рухын көтеретін осындай ұлы оқиғалардың Астана тойының тасасында қалуын елді басқарған саяси биліктің қысастығынан туып отырған нақақ әрекет деп білген жөн.

 

Көтеріліс неден шықты?

1930 жылғы ақпанның 7-16 аралығында болған Созақ қасiретiнде халықтың қаны қисапсыз төгiлiп, бейбiт елдiң тоз-тозы шығып кеткен едi. Арада 80 жыл өтсе де, халық қозғалысының қаралы датасын атап өту тек Созақ ауданының өзiне қатысты шаруа болып қалғаны түсініксіз болды.

Кеңес империясының оз­­­быр­лығына қарсы болған ха­лықтық көтерілістер­ мен ереуілдер тарихы тұрғысындағы жарияланымдар сериясын одан ары жалғастыруды жөн көріп отырмыз. Осы орайда газетіміздің 9 маусымдағы санында шыққан «Созақ көтерілісі жөнінде біз не білеміз?» деп аталатын мақалаға қатысты оқырманымыз ой қосқан екен.

Иә, коммунистік уағыздың желеуімен ұзақ уақыт бойы «Бай-құлақтар мен дiн басыларының кеңес өкiметiне қарсы контрреволюциялық қарулы көтерiлiсi» ретiнде бағаланып келген Созақ көтерілісіне 80 жыл болса да, бүгіндері өз алдына тәуелсіз ел болған Қазақстан осы тарихи датаны қаперге алмағаны өкінішті-ақ. Елдігіміз бен халықтың рухын көтеретін осындай ұлы оқиғалардың Астана тойының тасасында қалуын елді басқарған саяси биліктің қысастығынан туып отырған нақақ әрекет деп білген жөн.

 

Көтеріліс неден шықты?

1930 жылғы ақпанның 7-16 аралығында болған Созақ қасiретiнде халықтың қаны қисапсыз төгiлiп, бейбiт елдiң тоз-тозы шығып кеткен едi. Арада 80 жыл өтсе де, халық қозғалысының қаралы датасын атап өту тек Созақ ауданының өзiне қатысты шаруа болып қалғаны түсініксіз болды.

Созақ көтерiлiсi - отызыншы жыл­дың басында Қазақстанның түкпiр-түкпiрiнде бой көтерген халық наразылығының ең үлкенi, адам көп шығынға ұшыраған қызыл қырғын. Әуелi зобалаң нәубеттiң шығу себе­бiне тоқталсақ - «Қазақстанда көш­пелi, жартылай көшпелi және отырықшы аудандарды белгiлеу туралы» Қазақ АССР Халық комиссарлар кеңесiнiң 1928 жылғы 3 қыркүйектегi қаулысымен Созақ ауданы өз алдына шаңырақ көтередi. Бұрын Сырдария губерниясының Түркiстан уезiнiң қарамағында болып келген алты болыс елде сол жылы түтiн саны 12 мыңнан асқанын, халықтың қолында бiр миллионға жуық қой-ешкi болғанын тарихи құжаттар дәлелдейдi.

1928 жылы қараша айында БКП(б) Орталық комитетiнiң пленумында шаруаларды ерiксiз тездетiп ұжымдастыру мәселесi күн тәртiбiне қойылып, бұл жөнiнде арнайы қаулы қабылданады. Қазақ өлкелiк партия комитетiне 1925-1931 жылдары жетекшiлiк еткен П.Голощекин елдi «мейлiнше кысқа мерзiм iшiнде отырықшылыққа көшiрудi бұйырады». Мiне, осыдан барып жаппай басталған колхоздастыру iсiнде бұрмалаушылық, асырасiлтеушiлiк, жер-жердегi сияқты, Созақ ауданында да орын алады. «Асыра сiлтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» деген ұранды бетке ұстағандар ұжымдастырудың табиғи принципiн өрескел бұзып, халықтың қолындағы сауын және ұсақ малын сыпырып алып, ортақтастыруға салады. Созақ аудандық партия комитетiнiң пленумы шақырылып, колхоздастыру iсiнiң алда тұрған шұғыл мiндетi талқыланады. Ауданның жер­гiлiктi ерекшелiгiн ескермеуден, елдiң бәрiн теңгермеушiлiктен жаппай асыра­сiлтеушiлiк орын алды.

Ұжымдастырудың салқыны бейбiт елге ауыр тиедi. Ұжымшарға күштеп енгiзiлгендер тақыр кедейшiлiкке ұшырап, аштықтың азабын тартады. Ауылшаруашылық салығын төлей алмағандардың мал-мүлкi тәркiленiп, Созақтың абақтысына жабылады. Ешбiр жазықсыз, әдiлетсiз қамалған жандарды босату туралы халықтың орынды талабына билiк басындағылар құлақ аспады. Ұсақ малы жоқ кедейге де жүн, астық салығы салынады. Қақаған қыста мақта өткiземiз деп аласұрған ел үйдегi жамылған көрпесiн сөгедi. Қорадағы қойын қырқып, түйесiн күзейдi. Төрт түлiк мал қисапсыз қырылады. Үйдегi үнемi, қаптағы бидайы қағылады. Бұдан бөлек, жергiлiктi билiк орындары шығарған «қатық», «отын», «мүйiз» салығы дегендер де болған. Билiктiң қолдауына ие болған жергiлiктi жердiң сауатсыз шолақ белсендiлерi тарапынан жас­тарды «Қызыл отауға» күштеп алып бару, қыз-қырқынға, келiншектерге көз салу, зорлық-зомбылық жасау сияқты өрескел iстерге де жол берiледi.

 

Қызыл қырғын

Осы кезде ауыл-ауылдан «кол­хоз­ға бiрiкпей­мiз!» деген наразылық сөздер ес­тiле бас­тады. Он екiншi ауылда билiктен, шолақ белсендiлерден зәбiр-жапа көргендер бас қосып, зорлық-зомбылыққа қарсы бiрiгуге, наразылық бiлдiруге сөз байласады. Кеңес өкiметiнiң солақай саясатына қарсы шығып, елдi бiрiктiруге басшылық жасағандар негiзiнен осы жердiң азаматтары болды. Ауыл-ауылға кiсi жiберiп, билiк басындағы тiзесiн батырғандарға қарсы тұрудың амал-айласын ойластыра бастайды.

Мойынқұмды қыстап отырған ауылдарда бас қосып, үш рет келелi кеңес құрады. Жергiлiктi билiк ор­ындарымен бейбiт келiсiмге келу жөнiндегi әрекетiнен еш нәтиже шық­пайды. Езiлген халықтың бас кө­те­рерлерiнiң кезектi бiр жиынында Сұлтанбек Шалақұлын басшы етiп сайлайды. Оның қасындағы имамдыққа - Ыбырайымұлы Асадулла, бас уәзiрлiкке - Шылманбетұлы Сағындық, қазылыққа - Әлiпбайұлы Иманбек, бас сардарлыққа - атақты мерген Аралбайұлы Салықбай, өзге де сенiмдi адамдарды бекiтедi. «Халықтың жаппай наразылығы көршi Сарысу, Түркiстан, Қызылорда, өзге де жерде бiр мезгiлде бой көтередi» деген алдымен келiсiм болып, ол жақтағылармен де байланыс ор­натылады. Сұлтанбек хан бастаған топ көтерiлiске алдын ала қызу дайындық жасайды. Ауыл-ауылдан жасақ да­йындалып, қолға iлiккен айыр, орақ, найза, балта, iшiнара ши­тi мылтықпен қаруланады, ат-түйемен қамтамасыз етiледi. Өзiнiң кеңесшi-үгiтшiлерi ар­қылы ислам дiнiн уағыздап, Алла тағаланың ақ жолын дiнiмiзден безген­дерден қорғауға үндейдi.

Ақпанның ақшұнақ аязында қа­сиет­тi Рамазан айының соңғы күнi, ораза айттың алғашқы жұмасында таң намазынан соң бес жүзден астам халық жасақшысы қолына ақ ту алып, «Алла! Алла!» деп ұран тастап, Созақ қыстағына қарай қаптайды. Көтерiлiстiң «Аллаһу» деп аталуында да осындай сыр жатса керек. Жылы киiмiнiң iшiнен денесiн кебiнмен орап, ақ өлiмге бас тiгiп шыққан естияр жандар да болады. Сол кезде алдын ала уағда бойынша Мойынқұмның өзге өңiрiнен, тау жақтан, Созақ қыстағының өзiнен билiктегiлер мен шолақ белсендiлерге өшiгiп жүргендер қосылып, көше адамға толып кетедi. Бас көтергендер алғашқы екпiнмен аудан, мекеме басшыларын, милиция қызметкерлерiн - барлығы он сегiз адамды қолға түсiреді. Қарапайым халық өкiлдерi оларды таспен, күрекпен соғып, тепкiлеп өлтiредi. Кеңселердi отқа орап, барлық қағаз-құжатты өртейдi. Қойма, дүкендегi дүние-мүлiк, азық-түлiктi талап алып, милиция бөлiмi мен әскери комиссариаттағы қаруды қолға түсiредi.

Қыстақты басып алған Сұлтанбек ханның штабы ақпанның 7-16-сы аралығында жұмыс iстеп, жалпы саны 2384 сарбазды бiрiктiрген. Суық қару дайындайтын ұстаханалар ашып, оқ-дәрiмен атылатын мылтықтарды жөндеген. Бұл қанды оқиғаның iзiн суытпай, жазалаушы отрядтың келiп жететiнiн көтерiлiсшiлер күнібұрын болжаған. Қарулы отрядтан қорғау мақсатында Қаратаудың «Суындық» және «Балықшы» асуына бекiнiс орнатады. Осы «Балықшы» асуында Салықбайдың мергендер тобы әс­кермен атысып, бiразын шығынға ұшыратып, қалғанын керi шегiндiредi.

Сұлтанбек хан сарбаздарымен «Қо­ғашықта» Түркiстаннан шыққан Исаевтiң отрядымен кездеседi. Отряд тау-тасқа бекiнiп алған сарбаздарды оңай ала алмайды. Исаевтың әскерiне Қызылордадан Поляковтың, Ташкенттегi әскери училищеден Малышев бастаған 500 курсант төрт зең­бiрегiмен, Алматыдан Ақаевтың кавалерлер эскадроны келiп қосылады. Мәскеуден шыққан бронды пойыз Жаңақорғанға келiп аялдайды. Шымкенттен Андреев басқарған, мықты әскери дайындықтан өткен, пулеметпен, зеңбiрекпен қаруланған отряд қарулы күшке келiп қосылып, шоқпар, айыр, шитi мылтықпен қаруланған дала қазақтарын ә дегеннен тықсырып тас­тайды.

Шешушi шайқас Созақ қыстағының «Жаңа базар» төңiрегiнде өтедi. Бақайшығына дейiн мұздай қаруланған қызыл отряд жасақтың соңғы тобын жан-жақтан қоршап алып, көзiн жоя­ды. Осы қырғын шайқаста көтерiлiс басшыларының денi оққа ұшады. Дем берушiлерiнен айырылған жасақ бораған оққа табандап қарсы тұра алмай, жеңiлiске ұшырайды. Созақ ауданында 12-16 ақпан аралығында болған соғыста 126 көтерілісші, 16 ақпандағы Созақ қыстағы үшiн болған шайқаста 200 белсендi табанда атылды, 389 адам тұтқындалды. Шайқас барысында хан және оның ұйытқысы болған орталығы талқандалды. «Созақ операциясының нәтижесiнде 290 ат, 20 түйе, 150-дей оқ-дәрiмен атылатын қару, 100 шақты суық қару қолға түстi», - деп жазылған тарихи құжатта.

Ал, шынтуайтында, оққа ұшып, ажал құшқандар саны бұдан кемiнде он есе көп едi. Көтерiлiстiң негiзгi ошағын талқандаған соң, жазалаушы отряд күдiктi дегеннiң бәрiн қолға түсiрiп, табан астында атып тастай бередi. Орталық мешiттiң төрт жақ терезесiнен пулемет орнатып койып, намазға жиылған елдi үлкен-кiшi демей жусатып салады. Көше кезiп, тiнткiлеп жүрiп, күдiктi дегеннiң бәрiн аяусыз атып тастайды. Ақпанның аязды күнi көшеде қызыл қанға бөккен өлiктi атарбаға тиеп, қыстақтың шетiндегi «Тастақсайға» алып барып, тiк жардан лақтырып тастайды.

«Жұма күнi қонаға

Созақты сарбаз қамаған...

Қыстақты барып басқанда,

Төрт жүз отыз бiр адам

Iс қылды келмес шамадан.

Шейiттiктен дәме етiп,

Өлiп те кеттi көп адам.

Дәу мылтықтан дөп түсiп,

Жай оғындай от түсiп,

Айырылды жұрт панадан.

Көшеде жатты шашылып

Қан-жынымен сан адам.

Арманда кеттi-ау жайсаңдар,

Айырылып бала-шағадан.

Осы бiр қайғы кетпейдi,

Күйiк болып санадан», - деген халық жырынан Созақ көтерiлiсiнiң қандай қасiрет-қайғымен аяқталғанын аңғару қиын емес.

Көтерiлiстен кейiн де оған қа­тысқандардың жақын-туыстарын, күдiк­тiлердi тұтқынға алу, тергеусiз атып тастау ұзаққа созылады. Ер­кiндiктi аңсаған бейкүнә халықтың наразылығы қанды қырғынға, жаппай жазалауға ұшыраған соң, аман қалғандары бас сауғалап, жан-жаққа тарыдай шашылып қашады. Қысқы аязда, жазғы шiлдеде тау-таста, құм­да аштыққа ұшырағандар қынадай қы­­рылып жатады. «Кiшi Октябрьден» тоз-тозы шыққан ел «Ақтабан шұбырындыға» ұшырап, тау асуынан аман өткендерi Өзбекстан, Тәжiкстан, Түрiкменстанға қарай үдере қашады. Сол қанды кө­терiлiстен басталған 1931-1933 жылғы ашаршылықта Созақ елiнiң тең жартысы туған мекенiн тастап кетедi. Аудандық есеп-санақ мекемесiнiң 1935 жылы 1 қаңтардағы мәлiметiнде 1930 жылғы 1 қаңтарында ауданда 12 мың түтiн болса, 1935 жылдың 1 қаңтарында 2915 үй ғана қалғандығы көрсетiлген. 1928 жылғы аудандағы бiр миллион қойдан 1934 жылдың қаңтарында 7772 басы ғана қалады.

Халық сенген партияның қолдан жасаған ашаршылық жылдары аудан халқының тең жартысы қуғын-сүргiнде жүрiп ажал құшады. 1930-1931 жылдары Созақ қыстағына таяу «Дуана» деген жерде көтерiлiске қатысқандардың жақындарын қамауда ұстаған жазалау лагерi жұмыс iстеген. Ұзына бойы атшаптырым алқапқа орналасқан күр­кешiктер орны әлi күнге сақталған. Жазалаушылар тұтқындарға белуардан жер қаздырып, төбесiн жаптырып, тар қа­паста тұруға мәжбүрлеген. Қақаған аязда, аптап ыстықта көп адам жазалау лагерiнде өлiп кетедi.

Өкiнiшке қарай, әлi күнге 1930 жылғы ақпандағы елiмiздiң тәуелсiздiгi мен еркiндiгi жолында көп адамның өмiрiн қиған Қазақстандағы ең iрi халық наразылығы - Созақ көтерiлiсi егжей-тегжейлi зерттелiп, тарих төрiнен өзiнiң түпкiлiктi бағасын алмай келедi. Созақ көтерiлiсiнен кейiн партия үшiн бұл шалғай аудан 70 жыл бойы жабық аймаққа айналды. Тағдыры ауыр ауданды басқаруға басшы маман сырттан жiберiлдi. Ауданнан өсiп шыққан бiрде-бiр кадр өзге жерге жауапты басшылық қызметке жоғарыламады.

 

Шындық әлі де шідерлеулі

1990 жылдың мамыр айында Созақ аудандық тарихи-ағарту ерiктi «Әдiлет» қо­ға­мының алғашқы басқарма жиынында ұзақ жылдар облыстық партия ак­тивiнде басшылық қызмет атқарған қаламгер әрi сазгер Мұхамеджан Рүс­темов сол кездегi саясаттың, қатаң жүйенiң көбесi сөгiлмей тұрған кездiң өзiнде 1930 жылғы Созақ көтерiлiсiне әдiлеттi баға беру туралы бастама көтердi. Сол кездегi аудандық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Досыбай Шерiмқұлов қолдау көр­сеткен Созақ аудандық тарихи-ағарту ерiктi қоғамның басқарма жиыны: «1930 жылы ақпанда Созақ ауданында болған халық қозғалысына «алашордашылардың, байлар мен ишандардың басшылығымен кеңес өкiметiне қарсы ұйымдастырылған контрреволюциялық қарулы көтерiлiс» деген баға әдiлетсiз, нақақтан-нақақ қазақ халқына жабылған жала деп есептелiп, ол алдағы кезде тарихи құжаттарда Ф.И.Голощекиннiң Қазақстан ауылдарында өткiзiлген «Кiшi Октябрь» саясатының «мейлiнше қысқа мерзiмде отырықшылыққа көшiру» бұйрығын орындаудың зарда­бынан елге жасалған озбырлықтан, зорлық-зомбылықтан, қиянаттан, аш­тықтан шыққан ашынған халықтың қозғалысы» деп тұжырымдалсын» деген қаулы қабылдайды. Ақиқат сөздiң тығыны ағытылған соң мiнбеге кезек көтерiлiп, ұзақ жылдар көкейлерiнде берiш болып қатқан мұң-шерлерiн ор­таға салып, көздерiне жас алған қарттардың көпшiлiгi бұл күнде жарық дүниеде жоқ.

2000 жылы ауданда Созақ көтерiлiсiнiң 70 жылдығын атап өту жөнiнде комиссия құрылып, арнайы қор да ашылып, бiраз шаруаларды қолға алу жоспарланған болатын. Шолаққорған ауылында көтерiлiс басшысы Сұлтанбек Шалақовтың есiмi берiлген көшеге мемориалдық тақта орнату рәсiмi болып өтедi. Созақ ауы­лында «Созақ көтерiлiсiне 70 жыл атындағы көше» атауы берiледi. Кө­те­рiлiс құрбандарының аруағына арналып ас берiлiп, құран бағышталады. Осында көтерiлiс құрбандарына орнатылатын ескерткiш орнына құлпытас қою рәсiмi өтедi. Ескерткiш жобасын жасауға байқау да жарияланған болатын. Шейiт кеткен ата-баба ар­уағын құрмет тұту мақсатында ең­селi мұнара мен көтерiлiс басшысы Сұлтанбек Шалақовқа ескерткiш ор­натуға құлшыныс бiлдiрген, жалпы осы шаруаның басы-қасында жүрген азаматтардың аты-жөндерi де сол жылдары тағдыры ауыр ауданда журналист болып қызмет атқарып жүрген кезiмде қойын дәптерiме жазылып қалыпты. Бiрақ ел күткен сол мұнара белгi де, ескерткiш те әлi күнге бой көтермедi. Созақ көтерiлiсiнiң бас сардары болған атақты мерген Салықбай Аралбаев өмiр сүрiп, еңбек еткен, отыз жетiншi жылы атылып кеткен «Жеткiншек» елдi мекенiне оның есiмiн беру туралы тұрғындардың да өтiнiш-тiлегi орындалмай келедi.

Созақ көтерiлiсiне тарих қандай баға бердi? Оның сипаты, мақсаты қандай? Қозғаушы күштерi кiмдер  деген сияқты шым-шытырық сұрақтар қазiргi кезде тарихшыларды мазалап отыр. Бұл көтерiлiс туралы жас ұрпақ әлi күнге дейiн хабарсыз. Өйткенi оның объективтi де шынайы тарихы әлi толық жазылған жоқ», - деп ғалым Талас Омарбеков айтпақшы, 1930 жылғы ақпан айындағы Созақтағы қанды оқиға егжей-тегжейлi зерттелiп, тарих төрiнен түпкiлiктi бағасын алуы  - көкейтестi мәселе.

Созақ көтерiлiсiнiң басқарушы ұйы­мы, штабының ақ ту көтерiп, «Аллаһулап» ұран тастауы, қарабайыр қару да­йын­­дайтын орнының болуы, оған қа­тысушылардың алдын ала бас қосып, кеңесуi бұл халықтық толқудың тосын­нан болған стихиялы қимыл-әрекетi деп қарауға жатпайтын iрi тарихи оқиға екенiн дәлелдесе керек. Көтерiлiске үш жүздiң адамдары, өзге де ұлт өкiлдерiнiң қатысуы жалпыхалықтық сипат алады. Отызыншы жылғы қазақ тари­хын­дағы ақтаңдақ оқиғаның бiрi де бiрегейi - Созақ көтерiлiсiнiң биылғы 80 жылдық қаралы датасы да қаржы дағдарысының кесапатынан атаусыз қала ма деген күдiгiмiз де жоқ емес. Сондықтан қазақ халқының басындағы нәубеттi еске алу, қанды қырғында құрбан болған ата-бабаларымыздың аруағын құрметтеу мақсатында қолда бар мүмкiндiктi жұ­мылдырып, намысы бар азаматтарды ұйымдастырып дегендей, елдiң есiнде жү­рер шараларды қолға алуды Оңтүстiк Қазақстан облысын басқарып отырған азаматтардың есiне сала кетудi жөн көрдiк.

 

Өтеш ҚЫРҒЫЗБАЕВ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесi, ҚР мәдениет қайраткерi

«Общественная позиция» газеті (проект «DAT» № 28 (65) 18 тамыз 2010 ж.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5302