Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2367 0 пікір 15 Қазан, 2016 сағат 17:30

Арыстық диқандар төккен тердің жемісін көруде

Биыл Арыс қаласы бойынша 5239 гектардан астам жерге егілген бақша өнімдерінен бүгінгі таңға дейін 104178 тонна өнім алынды.

Сыр ана мен Арыс өзенін тел емген Арыс қаласының диқандары өздерінің бақша өнімдерін (қарбыз-қауын)  облыс орталығы Шымкент қаласы мен еліміздің Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Ақтөбе  қалаларын қамтыды.

Қазіргі таңда бақша өнімдерінің экспорты Еуро одақ елдеріне шыға бастады. Мысалы, «Аққала» кооперативі қауын өнімдерін Германия, Балтық елдеріне, Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласына, Новосібір, Пенза, Самара облыстарына  жөнелтілуде.

Жылдағы өніммен салыстырғанда өнімді молынан алған арыстық диқандар ала жаздай еткен еңбектерінің ақталғанына қуанышты.

Айта кетейік, өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жылда халыққа арнаған Жолдауларының басым бағыттарын кәсіпкерлікті дамытуға арнап келеді.

Шаруаларға көптеген жеңілдіктер ұсынылып, мемлекеттік бағдарламалар бекітіліп, мол өнім алуға өз септігін тигізуде.

Осы мақсатта бүгін «Жастар ресурстық орталығы» КММ және «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» бірлесіп ұйымдастыруымен өткен «Мал шаруашылығын дамыту» тақырыбында тәжірибелік «Мастер класс» өтті.

Өз кәсібін енді ашуды жоспарлап жүрген бастамашыл тұрғындар мен оны әрі қарай дамыту ниетіндегі кәсіпкерлерге кәсіпкерліктің негіздері бойынша түсіндірілді. Қысқа мерзімдік оқыту жобасына қатысушыларға бизнесті ашу, маркетингтік және басқарушылық қабілетті дамыту, қаржы заңдылығы секілді бизнесті сауатты жүргізуге қатысты мәселелерде тәжірибесі мол, білікті Арыс қалалық кәсіпкерлік мектебінің бизнес тренері Ж.Кенжебеков дәріс оқыды.

Курсқа қатысқан Арыс қаласы бойынша барлығы 20 бастауыш кәсіпкерге курстан өткенін растайтын сертификаттар мен кітаптар табысталды.

Оқу курсына қатысушылар өз алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта кәсіпкер атанып еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек ететіндіктерін жеткізді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5606