Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2621 0 пікір 14 Қазан, 2016 сағат 20:25

Президент әкімшілігінің инспекторы азаматтарды қабылдады

Жақында Президент әкімшілігінің инспекторы оңтүстік қазақстандық тұрғындарды қабылдады. Бұл туралы «Абай ақпарат» порталының Шымкенттегі меншікті тілшісі хабарлайды.

Билік басындағы «Нұр Отан» халықтық партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында Қазақстан Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Мұрат Имандосов қоғамдық қабылдау өткізді. Жеке және қоғамға ортақ мәселелермен келген азаматтар инспекторға өз құқықтарын қорғау және белең алған сыбайлас жемқорлық, құқық қорғау органдары өкілдерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты шағымдарын жеткізді.

Тұрғындардың басым бөлігі сауалдарымен тиісті мекемелердің табалдырығын тоздырғандар екен. Мемлекеттік инспектор арыздардың барлығы дерлік бақылауда болатынын және ол бойынша міндетті түрде жазбаша жауап берілетінін айтты.

Қоғамдық қабылдауға қатысқан сала мамандары өздеріне қатысты тұстар бойынша тексеру жүргізеді. Егер шағымдарда көрсетілген фактілер расталса, онда дер кезінде шешуге немқұрайлық танытқан мемлекеттік қызметкерлер жауапқа тартылады. Мемлекеттік инспектор Мұрат Самұратұлының қабылдауы бірқатар аудандарда жалғасты.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мұндай қоғамдық қабылдауларды жиі өткізіп тұрады. Жақында Оңтүстік Қазақстан облысына әкім болып тағайындалған Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев облыстағы өңірлерді аралап, тұрғындардың уәждерін тыңдаған болатын. Төлеби, Сайрам аудандарында бірқатар нысандарды ашып, ауылшаруашылық мәселелерін талқылады. Әсіресе диқандардың биылғы өнім жинау науқанын қорытындылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4938
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4135