Жұма, 27 Қыркүйек 2024
Билік 5502 0 пікір 12 Шілде, 2017 сағат 11:06

Ассамблея өкілдерінің Елбасы туралы пікірі

Қазақстан Президенті Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін сыйлығын тағайындау туралы шешім қабылдаған болатын.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздану ісіне қосқан және қосып келе жатқан үлесі ұшан-теңіз. Мемлекет басшысы  29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні қарсаңында Астанада болып өткен «Ядролық қарусыз әлем құру» деп аталатын халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде Қазақстанда ядролық қарусыздану және бейбітшілік жолында еңбек сіңірген адамдарға халықаралық сыйлық тағайындалатыны туралы хабарлаған еді. Және бұл сыйлықтың өзінің бастамасымен алдағы қараша айында Астанада өтетін бейбітшілік саммиті барысында тапсырылатынын да атап көрсеткен болатын.

Сөйтіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін деп аталатын халықаралық сыйлық тағайындады. Қазақстан Президенті аталған алғашқы сыйлықты  Иордания Королі Абдалла II-ге беру туралы шешім қабылдағанын жария етті. Бұл халықаралық сыйлық оған ядролық қарусыз әлем құруға қосқан үлесі үшін берілгелі отыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл бастаманы бірауыздан қолдайтындықтарын білдіруде.


Қазақстанның орыс, славян және казак  ұйым­дары қауымдастығы Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қа­зақстан Президентінің ядролық қару­сыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін сыйлығын Иордания королі ІІ Абдаллаға тағайындау туралы шешіміне толық қолдау білдіреді.

Осы сыйлықты тағайындау  Елба­сы­ның планетаны ядролық қарудан азат ету жөніндегі орасан жұмысының жалғасы болып отыр.

Семей ядролық полигонын жабу, яд­ролық қарудан ерікті түрде бас тарту адам­заттың халық­аралық саясаттағы жаңа биік моральдық стандартына айналды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассам­б­леясы Қазақ­станның 29 тамызды ядро­лық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялау жөніндегі бастамасын қолдады.

2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші мерей­тойлық сессиясында Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назарбаев Жаһандық Стра­тегиялық Бастама – 2045 жос­парын әзір­леуді ұсынды, соның аясында БҰҰ-ның ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөнін­дегі Жалпыға ортақ декларациясын қабылдау ұсынылды.

Қазақстан Президентінің планетада әділ әрі қауіпсіз әлем құрылымын қа­лып­­тастыруға бағытталған «Әлем. ХХІ ға­сыр» манифесі кең ауқымды халықаралық резонансқа ие болды.

Қазақстан осы сыйлықтың толық құ­қылы құрылтайшысы, ал оны тағайындау адамдардың ХХІ ғасырда қауіпсіз  және  әділ әлем тәртібін орнатуға деген талпынысын жаһандық ынталандыру болады.

Жаһандық бейбітшілік және қауіп­сіздік жөнін­дегі жаңа арнаулы сыйлық тағайындау мәселесі өте өзекті.

Біздің бәріміз әлемде не болып жат­қанының куәсіміз. Біздің Елбасы  2016 жылғы 29 тамыздағы «Ядролық қарусыз әлем құру» атты конференцияда жасаған баян­дамасында ядролық қарулану жарысының салдарын айқындап берді. Планетаның болашағына алаңдайтын адам ретінде бұл зұлымдық ешкімге пайда әкелмейтінін айтты. Мұндай ауқымдағы іс-шара әлемнің барлық алаңдарында өтуі тиіс деп есептейміз.

Сыйлық жыл сайын 29 тамызда, Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні тапсырылатын болады. Және де Қазақстан Нұрсұлтан Назар­баев­тың басшылығымен жаһандық қоғам­дастықты келісімге және ядролық қару­сыз әлем құруға шақыратынына аса қуанышты.

2016 жылы 29 тамызда Астана қала­сында Президент Н.Назарбаев  жариялаған бей­біт бастамаларға, бейбітшілік сыйлы­ғын тағайындауға қолдау ретінде Қазақ­стан халқы Ассамблеясының Аналар кеңе­сінің және елорда жұртшылығының қаты­суымен «Ақ орамал» акция-митингі өтті.

Планетаның барша аналары үшін бұл қадам балалар қауіпсіздігінің кепілі болып саналады, бұл барлық әлемдік көшбасшылар үшін үлгі болуы тиіс.

Ақмола облысы Қазақстан

халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі

* * *

Қазақстан ядросыз әлем құрылысы сияқты ізгі қозғалыстың әрдайым көш ба­сында тұрды. Мемлекет басшысы атап өт­кендей, әлемдегі барлық халық пен ел­дердің күш-жігерімен шешілуі тиіс ядро­лық қару мәселесінен өзге жаһандық маңыз­ды мәселе жоқ. Қайшылық мынада: ке­зінде осы ізгілікке қарсы қаруды жаса­ғандар әлемнің ең жоғары марапаттарын алды.

Ал планетамызды және оны қоныс­тан­ған адамдарды апаттан қорғауға ұмты­лып жүрген, бейбітшілік пен әділдік үшін күресушілер, соның бірі Нұрсұл­тан Әбішұлы Назарбаев, әлі күнге дейін ха­лық­аралық ұйымдар тарапынан лайықты награда алған жоқ.

Биыл сыйлық лауреаты Иордания ко­ролі Абдалла ІІ ибн-Хусейн болды.

Мен адамзаттың ілгерішіл бөлігі біз­дің дәуіріміздің ұлы гуманисіне, Қазақ­стан­ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назар­баевқа алғыс білдіретініне сенім­дімін.

Зиятдин КАСАНОВ,

Қазақстан халқы Ассамблеясы
Кеңесінің мүшесі

* * *

Шынтуайтында, әлемде бірде-бір ел, бір­де-бір саяси көшбасшы адамзатты осы бір адамшылыққа жатпайтын жойғыш құралмен түбегейлі жоюдан сақтау үшін ядролық қаруға тыйым салу ісіне осынша күш-жігер жұмсаған емес.

Президент Назарбаев енді ядролық қарусыз­да­нуға және қауіпсіздікке қос­қан үлесі үшін жаңа арнаулы сыйлық тағай­ын­дау туралы шешім қабыл­дады, сондай-ақ оның Иордания короліне берілетінін жариялады.

Абдалла ІІ – күмәнсіз лайықты таң­дау. Қазақ­стан­ның досы, мемлекеттік қай­рат­кер, оның елі қақты­ғыстар белең алып жат­қан Таяу Шығыстағы тұ­рақтылықтың аралы болып отыр. Сондықтан, осы ха­лық­аралық сыйлықты тағайындау Қазақ­станның Таяу Шығысты реттеуге қосқан үлесі болып саналады.

Біз, «Барбанг»  Қазақстан күрдтерінің қау­ым­дастығы» бітімгер, гуманист, плане­тар­лық деңгейде ойлайтын адамның –  Елбасымыздың бастамасын қолдаймыз.

Князь МИРЗОЕВ,

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Барбанг»  Қазақстан күрдтерінің қауымдастығы» этномәдени бірлестігі, ҚХА Ғылыми сарапшылық кеңесінің мүшесі

* * *

Мемлекет басшысының бейбітшілік сый­лығын тағайындау туралы шеші­мін біздер, Қазақстан корейлері қауымдас­ты­ғының мүшелері зор ризашылықпен қабылдадық.

Осындай бірегей сыйлық пен марапаттарды тағайындауға әлемдік қоғамдастық мойындаған, бейбітшілік пен келісім идея­сын адамзаттың ең жоғарғы құндылығы санайтын саяси көшбасшылардың ғана моральдық құқығы бар.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығында елі­міз­дің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақ­ты емес мүшелігіне сайлануы ұлттық қауіпсіздікті нығайтудағы және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық қатысуындағы маңызды тарихи жетістігі болды.

Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назар­баев айт­қандай, Қазақстанның БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңе­сіндегі бас­тамалары ядролық қарудан және соғыстар мен қақ­тығыстар вирусынан азат әлем құруға бағыт­талады.

Біз еліміз тағайындаған Бейбітшілік сыйлығы бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін қоғамдық және саяси көшбасшылардың күш-жігерін топтастыруға ықпал ететініне нық сенімдіміз.

Роман КИМ,

Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан корейлері қауымдастығының басшысы

* * *

Біздің ел – Бейбітшілік пен келісімнің үлкен халықаралық үйі.

Мұны жаһандық бейбітшілік және қауіпсіздік үшін арнаулы сыйлығын Иор­дания Хашимиттік Корольдігінің Коро­лі Абдалла ІІ ибн-Хусейнге тағайындау туралы шешім тағы да айғақтап отыр.

Терроризм, экстремизм, радикализм қаупі ұлғайып жатқан кезде әлем сын-қатерлерге рухани бастаудың тұтастығы, бейбітсүйгіштік және қоғамдық ынтымақ арқылы ғана қарсы тұра алады.

Қазақстан Республикасы саясатының Тәуел­сізд­іктің 25 жылында жеткен бас­ты табыстарының бірі Н.Назарбаевтың есімімен байланысты әрі бей­бітшілік пен келісім саясатының халықаралық этало­ны ретінде танылған қоғамдық келісім мен жал­пыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін жаса­ғаны болып саналады.

Біз Мемлекет басшысының Қазақстан халқының тарихын, мәдениеті мен дәс­түр­лерін сақтай отырып, татулық пен келі­сімде өмір сүруге, ортақ болашақ қалып­тас­тыруға ұмтылу саясатын қолдаймыз.

 Александр ДЕДЕРЕР,

«Возрождение» Қазақстан немістері қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының төрағасы

* * *

Тура 25 жыл бұрын, 1991 жылғы 29 тамызда Қа­зақ­станда семей ядролық сынақ полигоны жабылды.

Ол «Невада-Семей» антиядролық қо­зғалысына қатысушылардың белсен­ділігінің, бүкіл ел хал­қы­ның – шахтерлер мен металлургтердің, мұғалім­дер мен дәрігерлердің, ұлан-ғайыр Ота­нымыздың қала­лары мен ауылдары тұрғын­дарының қолдауының арқасында жабылды.

Қазақстандықтардың антиядролық иммунитеті тәуелсіздік алғаннан кейін де көрініс тапты.

Қазақстан Республикасы өзіне мұра болып қал­ған орасан ядролық арсеналдан бас тартып, бү­кіл әлемге бейбітсүйгіштік бол­мысын және сырт­қы сая­сатта ядролық боп­салау тәсілінің қисын­сыздығын көрсетті.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев жүр­гізген яд­ролық қатерді төмендетуге және қауіпсіз әлемді қам­та­масыз етуге ба­ғытталған жүйелі саясат елі­мізге ядролық қару таратпау  қозғалысының белсен­ді жақтаушысы ретінде жоғары халықаралық бедел әперді.

Біз алғашқы лауреаты Иордания королі Абдалла ІІ болған Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін халықаралық сыйлығы біздің ортақ қауіпсіздігімізге нақты үлес қосқаны үшін тапсырылатын ең беделді сыйлықтардың біріне айналатынына сенімдіміз.

Біз Қазақстан Президенті Тәуелсіздіктің 25 жыл­дығында тағайындаған осы сыйлығы Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығы, Қытайдың «Конфуций сый­лығы» сияқты сыйлықтармен бір қатарда тұратынына сенімдіміз.

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері

* * *

XXI ғасырда балаларымыз мен немере­леріміздің болашағы, өткен ғасырлардың қасіретті қате­лік­теріне жол бермеу және әлемді соғыс қатерінен мәңгілік арылту үшін  ойланып, бейбітшілік жолында кү­ре­суге әбден болады.

Біз Қазақстан Республикасының Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз елі­мізде және бүкіл әлемде бейбітшілікті нығайтуға және сақтауға бағыт­талған сая­сатын толықтай қолдаймыз.

Шахисмаил АСИЕВтүріктің Алматы қаласындағы «Ахыска» бірлестігі төрағасының орынбасары

* * *

Украинның Алматы қаласындағы эт­номәдени бірлестігі Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін сыйлығын Иордания Королі Абдалла II-ге яд­ролық қарусыз әлем құруға қосқан үлесі үшін беру туралы бастамасын қолдайды.

Біз бейбітшілік үшін бейбіт сыйлықты нақ Қа­зақстанның, біздің Көшбас­шы­мыз­дың тағайын­дағанын мақтан тұтамыз.

Біз адамзатқа өзіміздің болашағымыз үшін үлкен жауапкершілік жүгін арқа­лай­тынымызды айғақтай отырып, әлемдік қоғамдастықты адамзатты өлім себетін соғыс қатерінен мәңгілікке бірге арылтуға шақырамыз.

Тамара АГАПОВА, Алматы қаласындағы украин этномәдени бірлестігінің төрайымы

* * *

Семей ядролық сынақ полигонын жап­қан және әлемде алғаш болып атом қаруы­нан бас тартқан Президент Нұрсұлтан Назар­баев ядролық қаруды таратпау ре­жімінің Көшбасшысы болып табылады.

Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіп­сіздік үшін сыйлығын тағайындау Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев­тың барлық жаһан­дық бастамаларының қисынды жалғасы болып отыр.

Қазақстан және Мемлекет басшысы бастама­ларының мәні – бүкіл адамзатты ақылға және ізгі ниетке шақыру.

 Юрий  ТИМОЩЕНКО,

Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутат, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

* * *

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев бастамашылық танытқан «Әлем. XXI ғасыр» манифесі қазіргі әлемдегі өмір шындығына нақты да шынайы баға беріп қана қоймай, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды және қажетті жаһандық қағидаттарын ұсынады.

Н.Ә.Назарбаевтың Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін сыйлығын тағайындауы қисынды әрі оның салмағы мен беделін арттыра түседі.

Артуш КАРАПЕТЯН,

армяндардың Қазақстан Репсубликасындағы «НАИРИ» мәдени бірлестігі қауымдастығының төрағасы

* * *

Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін сыйлығының Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша тағайындалуының терең нышандық мәні бар. Енді бұл сый­лық жыл сайын Семей ядролық сынақ по­лигоны жабылған 29 тамыз – Ядролық сы­нақ­тарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні тапсырылатын болады.

Мемлекет басшысының Семей сынақ полигонын жауып, атом қаруынан бас тар­ту туралы тарихи қадамы әлемдік тұрақ­ты­лыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қосылған сүбелі үлес болды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің арқасында Біріккен Ұлт­тар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақ­станның 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялау туралы бастамасына қолдау көрсеткенін бәріміз де жақсы білеміз.

Ал Ядролық қарусыз әлем және жа­һандық қауіпсіздік үшін сыйлығының Қазақстан Рес­публикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы жылы тағайындалуы бүкіл дү­ние жүзіне барлық халық­аралық қоғам­дастық үшін сенімге, бейбітшілік пен келісімге деген белгі болғаны анық.

Бұл – ядролық қарусыздану үшін жанын салып күресіп жүргендердің бәріне салмақты сыйлық!

Шаймардан НҰРЫМОВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени бірлестігінің жетекшісі

* * *

Мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттейтін негіз бейбіт үнқатысу мен конструктивті келіссөз болуы тиіс. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси бағытының дұрыстығы мен дәйек­тілігін, оның бүкіл әлемдегі  бейбітшілік пен тұрақтылыққа деген сая­си ерік-жігерін кезекті мәрте айғақтайды.

Аталған арнайы сыйлықтың Иордания Хаши­миттік Корольдігінің басшысы  Абдалла II ибн-Хусейнге тапсырылуы Қазақстанның Таяу Шы­ғысты бейбіт рет­теу ісінде ынтымағын көрсететін дана шешім болып табылады.

25 жыл бұрын Қазақстан әлемде тұң­ғыш болып Семей ядролық сынақ полигонын жапты.

Бейбітшілік пен соғыстың құнын әрбір белорус жақсы біледі. Сондықтан мен, Қазақстан азаматы ретінде, Көшбас­шы­мыздың бүкіл әлемде бейбітшілік қалып­тастыруға бағытталған бастамаларын толықтай қолдаймын.

Бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы жауап­кершілікті толықтай сезіне отырып, Қазақстан хал­қы Мемлекет басшысының бейбітшілік пен қау­іп­сіз­дікке бағытталған барлық идеяларын қолдайды.

Еліміздің өз Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығы жылын­да БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болып сай­лануы кездейсоқ емес.  Бұл – біздің Прези­дентіміз саясатының мойындалуы, бұл – Қазақстан халқының бейбітшілік үшін күрестегі жеңісі.

Леонид ПИТАЛЕНКО,

ҚХА Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасындағы белорус этномәдени бірлестігінің жетекшісі

* * *

Бүгінде Қазақстан Республикасы жа­һандық антиядролық қозғалыс көшбас­шы­ларының бірі болып табылады. Бұл жоғары мәртебеге негізінде сансыз ядро­лық сынақтар, оның ішінде жер бетін­де жә­не әуеде жасалған жарылыстар ошағын жап­қан Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаевтың қағи­дат­­ты бей­біт­сүйгіш саясатының арқасын­да ие болдық. Ал ажал сепкен полигон бір­неше ондаған жылдар бойы тыным тапқан жоқ.

Бұл – атом радиациясының барлық салдарын бастарынан өткізген сан мыңдаған қазақстандықтар ұрпағының тағдырымен келген саясат. Сондықтан баршамыз Қазақстан Республикасы Президентінің Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін сыйлығын тағайындау туралы бастамасын толықтай қолдаймыз.

Бұл – қадам біздің бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке деген ортақ ұстанымымыз және де мемлекетіміздің бейбітсүйгіш сыртқы саясатының тағы бір жарқын көрінісі болып табылады.

Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы

* * *

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Алғашқы күнінен бейбіт даму жолын таң­даған елі­міздің жаһандық қауіпсіздік бас­тамалары әлем­дік қоғамдастықты мойындатуда.

Сіздің Тәуелсіздік тұғырындағы тұң­ғыш шешім­деріңіздің бірі – Семей яд­ролық полигонын жабу және әлемдегі төр­тінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарту туралы Жарлығыңыз өте орынды және уақтылы болған деп есептейміз.

Өйткені, көреген қадамдарыңыз бен қажырлы еңбегіңіздің арқасында Қазақстан беделді мемле­кет­тердің санатына еніп қана қоймай, әлемнің алпауыттарын өзіне қарата білді.

Ядролық қарусыздану мен жаһандық қауіп­сіздікке қосқан үлесі үшін халық­аралық сыйлық тағайындағаныңыз елі­міздің халықаралық саяси аренадағы имид­жін одан әрі арттыруға септігін тигізе­тініне еш күмәніміз жоқ.

Қадірменді Елбасы! Әлем тыныш­тығына қосқан үлесіңіз еленіп, еңбегіңіз жансын деп тілейміз!

Хасан ШӘРІПОВ,

Астана қаласындағы өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары

* * *

Қазақстан – әлемге бейбітшілік пен достықтың алтын бесігі ретінде танылған мемлекет. Еліміз сыртқы саясатында әлем назарын жаһандық қауіп­сіздік пен бейбітшілік мәселелеріне аударып келеді. Елбасының аймақтық және әлемдік мәсе­лелерге қатысты бейбіт бастамалары үнемі халықаралық қоғамдастық алдында қолдау тауып, өз нәтижелерін беруде.

Бұл еліміздің беделін арттырып, сенім­ді серік­тес ретіндегі әлеуетін ұлғайтуда. Бұған Қазақ­стан­ның 2017-2018 жылдарға Біріккен Ұлттар Ұйымы Қа­у­іп­сіздік Ке­ңесінің мүшесі болып сайлануы дәлел.

Елбасы Н.Назарбаев Астана қала­сында өткен «Ядролық қарудан азат әлем құру» атты халықаралық конференцияда жаһан­дық бейбітшілік пен қауіпсіздік бойынша арнайы сыйлық тағайындау туралы бастама көтерген болатын. Елбасының бейбітшілікті сақтаудағы игі бастамасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен және әлемдегі ең ірі Семей ядролық сынақ полигонының жабылуымен тұспа-тұс келді.

Бүгін Иордания Королі Абдалла II ибн-Хусейнге ұсынылып отырған ха­лық­аралық сыйлық – Қазақстанның дү­ние жүзі алдындағы батыл да бейбіт ұстанымының айғағы.

Қазақстан – атом бомбасынан тікелей зардап шеккен және ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартқан әлемдегі бірден-бір ел. Олай болса, Пре­зи­дент Нұрсұлтан
На­зар­баев тағайындаған бұл сый­лық барша әлем алдында салмақты орын алатыны хақ.

Наталья ЖҰМАДІЛДАЕВА, Парламент Мәжілісінің депутаты

* * *

Ядролық қарусыз әлем және жаһан­дық қауіпсіздік үшін сыйлығының тағай­ындалуы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көпқырлы бей­біт­сүйгіш саясатындағы жаңа қадам болып табылады.

Бүгін, бүкіл әлем жанжалдармен дүр сілкініп, қауіпті құздың шетінде қалт-құлт етіп тұрған сәтте Президентіміздің арнайы тағайындалған сыйлықты Иордания Королі Абдалла II ибн-Хусейнге беру туралы шешім қабылдауы Қазақстанның бүкіл Жер шарына жанжалдарды тек бейбіт құралдармен шешу бағытынан айнымайтындығын айғақтады.

Бұл, екінші жағынан, әлем елдерінің көшбасшыларын ешкімнің де осы аса өткір халықаралық саясат проблемасынан тыс қалуы тиіс емес екендігіне үндейді. Біз «қауіпсіздік табалдырығы» төмендеп, ядролық қатерге қарай кезекті мәрте жылжып бара жатқандаймыз. Сөйтіп, ядролық риторика тағы да халықаралық лексиконнан орын ала бастады.

Ядролық соғыста жеңімпаздың болмайтынын ешқашан естен шығармағанымыз жөн. Сондықтан, Қазақстан Президентінің Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін сыйлығын тағайындауы халықаралық қоғамдастыққа жауап­кершілік, ядросыз әлем құру жолында кезекті мәрте ескерту болып табылады.

Нарине МИКАЕЛЯН,

Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған  депутат

Abai.kz

0 пікір