Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2781 0 пікір 12 Қазан, 2016 сағат 10:31

Жүгері – Отырардың брендіне айналады

Үкіметтің жергілікті жерлерде агрокешендерді дамыту бағдарламасы аясында өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында жалпы құны 450 миллион теңге, қуаттылығы 10 мың тонна өнім қабылдауға қауқарлы кәсіпорын ашылған-ды. Бұл ауданда жүгері дақылын сонау 1990 жылдардағы көлемге жеткізу және жүгері кластерін дамыту бойынша жұмыстар атқаруға молынан мүмкіндік ашқан болатын. Осы салтанатты жиында аудан әкімі С.Полатов 2020 жылға дейін жүгері алқабын 15 мың гектарға жеткізу жөніндегі іс-шара жоспары бекітілгенін айтқан еді. міне, осы жоспарды іске асыру биылғы жылдан басталып кетті. Осы жылы диқандар аудан брендіне айналған дақыл түрін 7 мың гектарға егіп, гектарынан 120 центнерден өнім алынды. Бұрындары шаруалар жинаған өнімін кептіре алмай, жаздай еткен еңбегі зая кететін. Енді шаруаларға өнімдерін ысырапсыз жинап алуына мүмкіндік туды.

Тың технологиямен жұмыс істейтін кәсіпорында алдымен жүгері дәні собығынан алынып, кептіріледі. Содан кейін қамбаларда сақталады. Кептіретін құрал-жабдықтар Англиядан, сақтау құрылғылары Қытайдан арнайы алдырылған. Кәсіпорында бүгінде 30-ға жуық адам жұмыс істеуде. Олардың күнделікті табыс көлемі орташа 5-8 мың теңгені құрайды екен. Алдағы уақытта өнім өткізу көлемі артатын болса, жұмысшылар саны да көтерілетін болады.

 Жүгері өңдеу зауыты — Отырар ауданындағы индустриалды аймақта бой көтерген алғашқы кәсіпорын. Таяуда осында жүгері кластерін дамыту аясында дақылды терең өңдейтін қос бірдей өндіріс ошағы ашылмақ. Бұл жүгері шаруашылығымен айналысатын жергілікті шаруалар үшін жақсы жаңалық болды.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5671