Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Мәйекті 5162 1 пікір 10 Қазан, 2016 сағат 09:16

CАЛАФИТТЕРГЕ ҮКІМ ОҚЫЛАТЫН СОТ ЗАЛЫ КЕҢЕЙТІЛІП ЖАТЫР

Ақтөбедегі теракт оқиғасына қатысқандарға үкім оқылатын облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қазір қызу дайындық үстінде деп хабарлайды Nur.kz Aktobenews.kz басылымына сілтеме жасап.

Сот төрағасы теракт оқиғасына қатыстылардың ісі сотқа әлі түспесе де қауіпсіздіктің күшейтіліп жатқанын айтты:

"Іс басталған кезде баспасөз қызметі арқылы хабарланатын болады. 5-маусым күнгі оқиғаға қатысы бар күдіктілердің ісі прокуратурада тергеуде болғандықтан біздің тараптан ештеңе айта алмаймыз. Себебі іс сотқа түскен жоқ. Істің жабық түрде қаралуы да мүмкін. Заңға сәйкес қауіпсіздікті де қамтамасыз етуіміз керек. Сол себепті сот отырысы өткізілетін зал үлкейтіліп, қосымша жөндеу жұмыстары жасалды. Сот ғимаратының айналасындағы қауіпсіздік күшейтілді, техника жаңартылды. Жоғары сот 1,5 миллион теңге қаржыға іс қарауға жеңіл болсын деп жаңадан жазба құралдарын, теледидар, дауыс күшейту қондырғысы алынды. Қазір қажет заттардың барлығы сатылып алынды", — дейді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Нұрлан Сұлтанов.

Қазіргі уақытта 1,5 миллион теңгеге алынған жабдықтар облыстық сот ғимаратына орнатылып жатыр. Сонымен қатар, ғимараттың сыртындағы айыптаушыларды алып шығатын сот қақпасы да жаңартылған.

Сот отырысына БАҚ өкілдері қатыстырылмауы мүмкін. Жергілікті тілшілер тек қысқа түсіндірме оқылатын сот үкіміне қатысады.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1131
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2662
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 779
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 746