Оңтүстік ауылшаруашылық саласында көш басшы
Агроөнеркәсіптік кешен саласында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге қолдау көрсету мақсатында, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өндірген өнімдерін тікелей сауда орындары мен қайта өңдеу кәсіпорындарына жеткізу үшін республикамызда дайындаушы ұйымдарды қайта құру жұмыстары қолға алынуда.
Осы жұмыстарды іс жүзіне асыру аясында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 30.03.2015 жылғы «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» №9-3/271 және 30.03.2015 жылғы «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» №9-3/278 бұйрықтары мен стандарттарына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 наурызда «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» №57 қаулысы қабылданған.
Дайындаушы ұйым – «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі ҚР Заңының 16-бабы 1 тармағының 2) тармақшаларына және ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.03.2015 жылғы «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» №9-3/271 бұйрығына сәйкес, ауыл шаруашылығы өнімін дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және өткізуді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлға болып табылады.
Дайындаушы ұйым – жеке қосалқы шаруашылықтан, шаруа (фермер) қожалығынан және ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғадан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімін дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және өткізуді жүзеге асырып, кәсіпкерлік қызметті дамыта алады.
Abai.kz