Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3356 0 пікір 13 Мамыр, 2009 сағат 21:23

Сәбилер шетінеп жатқанда көрсеткіш қуалағанымыз көргенсіздік болар

«Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысында аталған қоғамдық кеңестің облыстық білім және денсаулық сақтау басқармаларына қарасты мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының 2008 жылғы және 2009 жылдың алғашқы екі айындағы тексеруінің нәтижесі қаралды. Бірден айта кету керек, дәл қазіргі кезеңде аталған екі саланың басынан дау-дамай арылмай тұр. Бюджеттен миллиардтаған қаражат қарастырылатындықтан болар, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жең ұшынан жалғасқан жемқорлық әрекеттер  жиі кездесіп қалатыны рас. Сонымен бірге қызмет бабын асыра пайдалану, белгілі бір жеке немесе заңды тұлғаларға заңсыз артықшылықтар көрсету, өз міндетіне жүрдім-бардым қарау арқылы жауапсыздыққа жол беріліп жататыны да жасырын емес. Осы тұрғыдағы күдігімізді аталған екі саладағы заңсыздықтар мен дөрекіліктер, жемқорлықтар мен асыра сілтеулер жайлы құқық қорғау органдары мен халықтық паартияға келіп түсетін арыздардың азаймағаны дәлелдей түседі.  

«Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысында аталған қоғамдық кеңестің облыстық білім және денсаулық сақтау басқармаларына қарасты мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының 2008 жылғы және 2009 жылдың алғашқы екі айындағы тексеруінің нәтижесі қаралды. Бірден айта кету керек, дәл қазіргі кезеңде аталған екі саланың басынан дау-дамай арылмай тұр. Бюджеттен миллиардтаған қаражат қарастырылатындықтан болар, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жең ұшынан жалғасқан жемқорлық әрекеттер  жиі кездесіп қалатыны рас. Сонымен бірге қызмет бабын асыра пайдалану, белгілі бір жеке немесе заңды тұлғаларға заңсыз артықшылықтар көрсету, өз міндетіне жүрдім-бардым қарау арқылы жауапсыздыққа жол беріліп жататыны да жасырын емес. Осы тұрғыдағы күдігімізді аталған екі саладағы заңсыздықтар мен дөрекіліктер, жемқорлықтар мен асыра сілтеулер жайлы құқық қорғау органдары мен халықтық паартияға келіп түсетін арыздардың азаймағаны дәлелдей түседі.  
Тексеру қорытындысы бойынша хабарлама жасаушының айтқанына қарағанда, облыста білім саласы бойынша барлығы 824 заңды тұлға тіркелсе, олардың 748-і мемлекеттік мекемелер санатында. Тексерумен қамтылған мерзім ішінде білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 14 қылмыс пен заңның бұзылуына жол берген 30 іс тіркеліпті. Олардың басым бөлігі пара алуға және мемлекеттің сеніп тапсырған қаражатын талан-таражға салуға байланысты. Былтыр сыбайлас жемқорлыққа жол бергендері үшін партиядан қуылып, қызметімен қоштасқандардың оны білім саласынындағы басшылық лауазымдардың иелері екені кімді болса да ойландыруға тиісті. Соған қарағанда бүгінде мектеп директорлары өзі басшылық ететін мемлекеттік мекемелерді жекменшігіне қарайтын дүниелермен шатастырып алған сияқты.  Өткен жылы Балқаш ауданындағы Ақдала ауылндағы мектептің есепшілері мен директорлары екі миллионға жуық бюджет қаражатын жеке бастарына жаратып қойғандары үшін сотталды. Ал мұндай мектептердің облыстағы саны жеті жүзден артық екенін жоғарыда айттық. Егер солардың барлығында жемқорлық тіркелсе, мемлекеттің облыстық білім саласына биылғы жылы бөлген 48 млрд. теңгеден астам қаржысы кім көрінгеннің құлқынына құйылары сөзсіз.
Денсаулық сақтау саласында да жағдай оңып тұрмағанға ұқсайды. Тексеру шарасы кезінде мұнда айрықша атап өтетіндей, сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен заң бұзушылықтар орын алмады дегенмен, дәрігерлердің жөнсіздігі мен тегін берілетін дәрі-дәрмектерді сатуы, жекелеген науқастарға заңсыз артықшылықтар көрсетуі, емдегені үшін ақша талап етуі сынды шектен шығулары жөнінде тұрғындар тарапынан келіп түсетін шағымдар саны азаймаған. Бәріміз білетндей, бүгінде ана мен бала өмірінің қорғалуына мемлекеттік тұрғыда назар аударылып отыр. Алматы облысында былтыр ана өлімі 2007 жылмен салыстырғанда төмендегенімен, бұған керісінше, тірі туған балалардың шетінеуі біршама артып кетіпті. Ана мен бала өліміне қатысты деректердің барлығы тексеріліп, кінәлі деп саналғандар жазаланыпты. Бірақ жауапсыз дәрігерді немесе мейірбикені  жазалау арқылы аналар мен балаларды тірілте алмасымыз тағы анық. Алматы облысындағы ана мен бала өліміне жүргізілген сараптама барысында медицинаның осы саласы бойынша мамандардың жетіспеушілігі алдыдан шыққан Дәл қазіргі кезде республикалық көрсеткішке жету үшін облысқа 156 акушер-гинеколог пен 177 педиатр және неонатолог дәрігер керек екен. Сонымен бірге дәрігерлердің біліктіліктерінің төмендігі мен тағы басқа да себептер барлығы айтылды. Білім және денсаулық салаларына қатысты бұлардан басқа да келңсіз жағдайлар белгілі болыпты.
Қаралып отырған мәселеге байланысты облыстық прокуратураның, облыстық экономикалық және жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес департаментінің жауапты өкілдері де тыңдалды. Олар да баяндамашы айтқан деректерді құптай отырып, сыбайластық сипаттағы тағы басқа да деректерді келтіре кетті. Бұлардан соң облыстық денсаулық сақтау, білім басқармалары басшыларының орынбасарлары қоғамдық кеңес алдына шығып, өздері басқаратын салалардағы былық-шылықтардың себептерін айтып, кейбіріне қарсылық білдіріп, ақталуға тырысты. Алайда, олар барлық жағымсыз деректерді айналып өтіп, келеңсіздіктерді азды-көпті жетістіктерін желпіне айту арқылы бүркмелеуге тырысты.   Осыған орай жиын төралқасында отырған облыстық филаи трағасының орынбасары Айтбай Сейітов, қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдіманап Бектұрғанов және облыстық мәслихат хатшысы Ардақ Сыдық мырзалар көптің көкейінде жүрген  бірқатар сауалдарды көлденең тартқандарымен, оларына тұщымды жауаптар ала алмады. Барлығы бұрынғыша, сол жерден амалын тауып құтылып кетуге саятын сырғытпа сөздер болды.
– Сәбилер шетінеп жатқанда, көрсеткіштің көлеңкесіне тығылмаңыздар, денсаулық сақтау саласына соңғы жылдары бөлінетін қаржы еселеп өсіп жатыр. Ал сіздер өздеріңіз атқаратын тікелей міндетті жүзеге асыру үшін бізден көмек сұрайсыздар. Басқаны айтпағанда, операциядан соң науқастың ішіне құралдарыңызды, сүрткіштеріңізді тастап кетесіздер. Солардың және ана мен бала өлімінің негізгі себебін неге ашып айтпайсыздар?, –  деген қоғамдық кеңес төрағасының сұрағы мен «Алдымызда денсаулық сақтау саласындағылар үстінен жазылған алпыс арыз жатыр. Онда айтылғандарды қазір оқысам, залда отырғандардың кейбірінің жүрегі шыдамауы мүмкін. Тегін берілетін дәрі-дәрмектерді сатасыздар, ауруханаға жату үшін де таныс іздеу керек және тағысын тағылар. Осынау келеңсіздіктен қашан арыласыздар?» деген филиал төрағасы бірінші орынбасарының сауалына денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары ештеңе айта алмады. Мұндай жағдай білім саласына қатысты да қайталанды. Басқа, басқа, білім мен денсаулық салаларындағы сыбайластықтың бүгінгі деңгейі қатал шараларды қолға алуға итермелейді.
Қазіргі кезде биліктің барлық сатысынан шындық таппай түңіле бастағандар, «Нұр Отан» партиясынға келіп жүгінеді және мәселелерінің шешімін тауып, қуанып қайтады. Осының өзінен-ақ, партияға деген халық сенімі күшейе түскенін аңғарасыз. Дегенмен, әр сала өзіне жүктелген міндеттің жауапкершілігін жоғалтпаса арызданушылар саны да азаяры сөзсіз. Сондықтан әркім өз орнында отырғаны және жүктелген маңызды міндеттің үддесінен шыға білгені абзал. Бұл орайда партия жанындағы қоғамдық кеңестің назарынан ештең тысқары қалмайтынына жұртшылықтың көзі жете түсті.
Болат Абаған, «Жетісу» газеті, Алматы облысы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366