Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2432 0 пікір 24 Қараша, 2016 сағат 12:47

Жерді емгеннің жетістігі мол

Елбасы елімізді жеміс-жидек көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуде оңтүстік өңірге аса зор сенім артып отыр. Өйткені соңғы жылдары оңтүстіктік дихандардың жерді игеруге, еңбек өнімділігін арттырға деген ынта ықыласы зор.


«Бүгінде біз алға қойған басым міндеттердің бірі – әр өңірдің әлеуетін ашу. Астық егумен солтүстік өңірлер айналысады, олар соған маманданған, қандай жағдайда болмасын сапалы егін болады. Шығыста алтын мен күміс, орталықта мыс, батыста мұнай өндіріледі. Оңтүстік облыстар бүкіл елді көкөніспен қамтамасыз етіп, өнімдерін шетелге де экспорттайды.

Бұған қоса, оңтүстік өңірде жүзім шаруашылығы дамып жатқандықтан, біз енді шарап өнімдерін шығарумен де барынша белсене айналыса аламыз. Үш жыл бұрын Францияда жүргенде шарап шығаратын зауытта болып, ішінде тұрып ойладым.

Неге біз де осындай шарап шығармаймыз деп» деген еді Елбасы оңтүстікке жасаған бір іссапарында. Сондықтан соңғы жылдары Оңтүстіктік шаруалар жүзім өсіруге аса үлкен көңіл бөліп келеді. Көп ұзамай қазақстандық шараптар әлемдік брендке айналады деп те үміт етілуде. Бүгінде Оңтүстіктегі 600 гектар аумақта жүзімнің сегіз түрі өсірілуде. «Ркацителли» мен «Саперави» секілді жүзім сорттары өзімізде бұрыннан бар.

Ал қалған алтауы – Каберне Фран, Каберне Совиньон, Совиньон Бланш, Шардоне, Мускат Оттонель, Вионьеден секілді жүзім сорттарынан француздар өте жоғарғы сапалы шарап сүзеді. Айта кетер жайт Оңтүстіктің алқабы мен ауа райы сапалы жүзім сорттарын дайындауға аса қолайлы екенін мамандар да айтып отыр. Ендеше жері құнарлы, шаруалары еңбекқор Оңтүстік өңірден күтілер үміт те көп болып отыр. 

Abai.kz

0 пікір