Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қоғам 2822 0 пікір 22 Қараша, 2016 сағат 13:16

Түркістандық шаруа 3 гектар жерден қыруар табыс табуда

«Максимум» аймақтық инвестиция орталығы ашылғалы бері Түркістан қаласы бойынша жалпы сомасы 2,9 млрд теңгені құрайтын 1038 жоба қаржыландырған. Оның ішінде 1,6 млрд теңгені құрайтын 1018 жоба «Ырыс» микроқаржы ұйымына тиесілі.


Қазіргі таңда аталмыш жобалар сәтті жүзеге асып, кәсіпкерлер еңбегінің жемісін көріп отыр. Солардың бірі «Дидар» шаруа қожалығы 3 гектар жерге жылыжай кешенін ұйымдастыру мақсатында 2014 жылы «Максимум» АИО-нан 270 млн теңге несие алған. Бүгінде кәсіпкер өнімдерін тек қана жергілікті нарық емес, Ресей еліне де экспортқа шығару арқылы жылыжайдың жұмысын жүйелі жолға қойып, біршама табыс көзіне айналдырған.

Ал индустриалды аймақта орналасқан «Grand Miks» жиһаз цехы ғимаратын заманауи жабдықтармен толтыруда. «Максимум» АИО-нан 68 млн теңге көлемінде алынған несие Қытай елінен ең соңғы үлгідегі жабдықтарды сатып алуға жұмсалған. Қазіргі таңда қажетті жабдықтарын орнатып, цехтың жұмысын бастап жіберген кәсіпкердің алдағы мақсаттары айтарлықтай ауқымды.

Ал ағаш өңдеу цехына 12 млн теңге көлемінде несие алған жеке кәсіпкер Нұрлан Сәулебаевқа «Ырыс» МҚҰ тарапынан қолдау көрсетілген. Кәсіпкер бүгінде өз жұмысын жолға қоюмен қатар 20-ға жуық жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Несиенің несібін көріп, табыстың көзін тапқан кәсіпкер алдағы уақытта микроқаржы ұйымынан тағы да жеңілдетілген несиені алуға жоспар құрып отыр.

Сонымен қатар кәсіпкер Ербол Ашабаев 3 ай бұрын ірі қара мал бордақылау және жылына 70 тонна ет өндіру мақсатында «Ырыс» МҚҰ-нан 9 млн теңге несие алып, қожалық жұмысын анағұрлым жолға қойған. Осылайша өз өңірінде мал шаруашылығын дамытуға елеулі үлесін қосуда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578