ТЕГІН 50 МИЛЛИАРД...
- 50 миллиард теңге ақшаны өндіріске саламын деген адамға беремін, тегін, ешқандай...
- 50 миллиард теңге сіздің ақшаңыз ба?
- Иә.
- Сізді қайдан бұрыннан білмейміз.
- Международный федеральный службадан 200 миллиард теңге алуға келісім алып отырмын.
- Бүкіл облыс Сізге риза болады ғой онда.
- Қазақстан деңіз. Бұл туралы Бауыржан Байбек те біледі, бірінші Оңтүстіктің аудандарын дамытайық деген ой менікі.
- Ұсыныстарыңызды айтыңыз...
Бұл Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен Бәйдібек ауданы Ақтас ауылының тұрғыны, зейнеткер Байбек Шымырбековтың арасында болған әңгіме. Облыс әкімінің азаматтарды қабылдау барысында.
Әрине, бұл кез-келген адамға ертек секілді естілері сөзсіз. «50 миллиард теңгесі бар адам ол ақшаны не істерін білмей жүр» дегенге кім сенеді? Десек те, мұның қаншалықта рас-өтірік екенін білгіміз келгенін несіне жасырайық. Бұл туралы осы әңгімені айтқан адамның өзінен сұраудың маңызы жоқ, өйткені, бұл сөзді облыс әкіміне өзге біреу емес, өз аузымен айтып отыр. Сол себепті шынайы ақпаратты өзге жақтан іздеуге тура келеді. Жан-жақтан сұрастырып, білгеніміздей «50 миллиард ақшам бар» деген азаматтың сөзі қаншалықты шындыққа жанасатыны әзірге зерттеліп жатқанға ұқсайды. Бәлкім, қария рас айтып отырған да болар, мүмкін жалған шығар? Оның анық-қанығына уақыт төреші. Біз бұл тақырыпқа қайта оралатын боламыз.
Abai.kz