Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
Билік 4626 0 пікір 7 Наурыз, 2017 сағат 09:52

ҰБТ "ТЕСТ-ШОУ" АТАЛАТЫН БОЛЫПТЫ...

2050 жыл екен, Ана тілім тірі жүр екен, бір күні бір бұтаққа ілінген күйі тұр екен... Кенет қазақ тілі салбырааап тұрды да, ауыр күрсініп, жерге құлап түсті, қазақ тілім, Ана тілім қып-қызыл болып, сұлап түсті... Дереу «Жедел жәрдем» келіп алып кетті,  «носилканы ұста!» деген шала қазақ дәрігерлер кенеп көтергішімен алып кетті...

Тіл реанимацияда жатты, сол күні күн күрсініп, күңгірттеніп батты.  Халық Ассамблеясының  мекен–жайына жиналған орыс тілі мен өзбек тілі тілдер алдына шығып: « О, достас тілдер! Қазақ тіліне шабуыл тоқтар емес, ол өлейін деп жатыр, сонда да жоқтар емес! Ауруханада хәл үстінде жатқан Қазақ тілі бауырымызға барып, көңіл айтып шығайық! Көңілін көтерейік!» – деді. Оны қырғыз, әзірбайжан, украйн және басқа да этнос  тілдері қоштай кетті.

– Бұл кімнің тілі? – деп сұрады бір кезде бауырмал шешен тілі.

– Қазақ тілі деймін, соның күйін ойлап, уайым жеймін...

– Жоға, тілдің  иесі кім деймін?

– Бір министрдің...

– Ойбай–ау, сонда қалай?

– Білім министрі Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық сұрақтарынан Ана тілін алып тастапты. Содан оның тілі өкпелеп, қашып кеткен дейді.  Оның орнына Аян деген орысша сөйлейтін әйелдің тілі мен «Жалаңаш келіншек» деген ұятсыз фильм түсірген Бермек деген баланың,  бас сұқпайтын жері жоқ Құртас деген інішектіің тілдері жүр дейді... Енді болашақ студенттер «көңілді» жүреді екен! «Тест шоу» деп аталатын көрінеді...

Шынында, 2050 жыл екен, Ана тілім әлі тірі жүр екен... Білім министрі Бүйректен Сирақов  таңертең тұрса, аузында тілі жоқ. «Бір жапарақ қағазға: «Мен сізге қатты өкпеледім. Кешір, енді саған оралмаймын!» деп жазып кетіпті. Тілі жоқ, министр қалай сөйлей алсын? Шарқ ұрып, тіліне іздеу жариялады. Оның үстіне президент шақырып жатыр екен, өләәә, енді қалай сөйлемек? Аузын басып отыра бермек пе?   Ал, реанимациядағы  тілінген тілім жылап жатты, өзге достас тілдер «Қазақ тілі бауырым, алдың ашық болсын!» деп оның жағадайын сұрап жатты...

Мұхтар Шерім

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1239
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2950
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3320