Жұма, 22 Қараша 2024
Біртуар 5171 1 пікір 1 Наурыз, 2017 сағат 12:07

ЖАМАНҚҰЛОВТЫҢ АБЫРОЙЫН САҚТАП ҚАЛУДЫ СҰРАЙМЫЗ

С.Сейфуллин атындағы Қарағанды  облыстық

қазақ  драма театы ұжымының

АШЫҚ ХАТЫ

Біз, Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ұжымы, осы Ашық хатымызды жолдай отырып, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, өнертану кандидаты, театр өнеріне сан буын шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұловтың Қазақ театр және кино өнерін дамыту ісіне қосқан  ұшан-теңіз еңбектерін ескере отырып, оның осы абырой биігін сақтап қалуды сұраймыз.    

Қазақстан Театр қайраткерлері одағы – өз қызметін 1962 жылдан бері жалғастырып келе жатқан қоғамдық ұйым.

Осы жылдар ішінде бұл Қазақстан театрларына көп  көмек пен қолдаулар көрсетіп, өнер жолында алға қарай ынталандырып, дамытуға  тікелей мұрындық болып  келеді.

Соңғы жылдары  Одаққа төраға болып, Тұңғышбай Жаманқұловтың  келуімен бірге, Театр қайраткерлері одағының жұмысы анағұрлым жанданып,  қаншама игі істерге талпыныс жасалып, нақты жұмыстар атқарылуда.

Қаншама жылдардың тезінен, сынынан өткен бұл Одақтың барлық Қазақстан театрлары үшін аса қымбат екендігі, қаншалықты керек екендігі уақыт өткен сайын айқын сезіле түсуде.

 Біз, бүкіл еліміз театрларының өнерін алға жетелеуге бірден-бір ұйтқы болып, 55 жылдан аса мінсіз қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Театр қайраткерлері одағына аяғына дейін адал болып қалып,  соның сапында қалуды қалаймыз. 

Соңғы жылдары  Театр қайраткерлері одағының тікелей мұрындық болып, ұйымдастыруымен қаншама игі істерге талпыныс жасалып, нақты жұмыстар атқарылды.

Мәселен, Театр қайраткерлері Одағы тарапынан жыл сайын өткізілетін республикалық «Еңлікгүл» театр өнері байқауының қорытындысында жылда 10-нан аса номинациялар  бойынша аймақтарда жұмыс істейтін артистерге, театр суретшілеріне, драматургтерге  жүлделер беріледі. Әр жүлденің сыйақысы 300 мың теңгеден 1 млн. теңгеге дейінгі аралықты құрайды.

Бұдан бөлек, жыл сайын облыстарда қаншама театр фестивальдары, Мастер-класс оқулары өткізіледі. Одақ тарапынан бүкіл республикаға тарайтын «Театр» журналы шығарылады. Солардың бәріне тікелей ұйтқы болатын – Театр қайраткерлері Одағы. 

Егер, Қазақстан Театр қайраткерлері Одағына Үкімет тарапынан қолдаулар көрсетіліп тұратын болса, еліміздің театрлары шет елдерге де жиі-жиі шығып, Халықаралық өнер додаларында бақтарын сынар еді, Қазақ театры өнерін әлем жұртшылығына танытып, кең қанат жайып, өркендер еді.

Біз, қазіргі Қазақстан Театр қайраткерлері одағының жұмысын толық қанағаттанарлық деп есептейміз.

Біз, Қазақстан  Республикасы Президентінен, Үкіметтен, барша Қазақстан театрлары ұжымдарынан біздің Ашық хатымызға қолдау көрсетіп, Қазақстан Театр қайраткерлері одағын және оның төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловтың абырой биігін  сақтап қалуға ықпал етуді сұраймыз.

С.Сейфуллин атындағы Қарағанды  облыстық қазақ  драма театы ұжымының тілегі

84 адам қол қойған

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5325