Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 5927 0 пікір 21 Ақпан, 2017 сағат 10:30

МАРКСИЗМДІК ІЛІМ ҚЫТАЙДАҒЫ АЗ ҰЛТТАРДЫ ЖОЙЫП ЖІБЕРЕТІН БОЛДЫ

Марксизм ең жаңа, ең дұрыс, қоғам дамуының ғылыми заңдылығын ашқан, дүниеге ғылыми көзқарас. Бүгінгі күні Жер шарында Марксизмнің ақиқатына сеніп, социалистік түзімді атқарып отырған ел тек Жунго (Қытай) деп айтуға болады. Сонысына жарай бұл топырақта марксизм іс жүзінде дәлелденді, кемелденді.

Социалистік түзімді атқаруда макрсизм пролатариат табының ұйтқылық жетекшілік рөліне табанды болуды, яғни пролатариат табының авангард қосыны коммунистік партияның басшылығына табанды болуды дәріптейді. Пролатариат диктатурасына табанды болуды ұстанады. Бұл бүгінгі күні Жунгодағы Жунго коммунистік партиясы сынды бір партияның басшылығына табанды болудың назариялық негізі. Жунго халқының азаттыққа шығуы, реформа жасап, есік ашып, бүгінгідей халқы бай әлеуметі күшті, әлемдік державаға айналуының бірден бір себебі. ЖКП сынды бір партияның басшылығына табанды болғандығы. Бұл қазіргі қытай ақпарат құралдарында Қытай халқының тарихтан, практикадан шығарған қорытындысы, ұстанымы деп  үнемі кеңінен үгіттелетін көзқарас.

Марксизмнің дін, тіл, ұлт туралы ұстанымдарының Қытайдың социалистік құрылыс барысында дәріптеп, іс жүзінде сынақтан өтіп, дұрыстығы дәлелденіп, кемелденуде.

Маркстік көзқарастың дінді мойындамайтынын білеміз. Тіл маркстік көзқарас бойынша қарым-қатынас құралы ғана. Ұлт – тарихта қалыптасқан қоғамның дамуына сай жойылатын тарихи категория.  Марксизімшілер дін де, тіл де, ұлт та қоғамның дамуына сай біртіндеп жойылады деп сенеді.

Қытай үкіметі қазір негізгі заңға «азаматтардың дінге сену, сенбеу құқығы бар» деп жазып қойғанымен марксизмдік көзқарастың талабы бойынша құдайсыздықты кең көлемде үгіттейді. Діни көзқарасты  үгіттеуге тыйым салынады. Мектеп қабырғасында түрлі тәрбие формасымен және мектеп оқулықтары арқылы арнаулы түрде құдайсыздықты үгіттейді. Дінді терістеп, тілді қарым-қатынас құралы ғана деп түсіндіреді, үгіттейді. Партия мүшелері дінге сенбейді, діни шараларға қатынаспайды. 18 жасқа толмаған балалардың дінге сенуіне, діни шараларға қатынасуға тыйым салынады.

Қытай үкіметі қазір аз ұлттарға бағыттап «Қос тілде оқыту» жүйесін жолға қойды. Әрі 2020 жылға барғанда біртұтас қытай тілінде сөйлеу талабы ортаға қойылды. «Қос тіл оқытуы» Қытай халқын бір тілде сөйлейтін халыққа айналдырудың басып өтер жолы ғана. Қытайдың аз ұлт райондарындағы қоғамның орнықтылығына төнетін қауіп тек ұлттық бөлшектеушілер мен діни бүлікшілерден келеді деп үзбей айтылады. Қытай үкіметі бұл өлкелердегі жергілікті  ұлттардың дінімен, тілін жойғанда ғана бұл қауіптен толық арылуға болатындығын жақсы түсінеді. Сондықтан да Жунхуа ұлттарының берекелі шаңырағын, ұлттардың ұлы тоғысуын іске асыру, қазіргі Қытай қоғамындағы ең маңызды саяси міндет.

Дін мен тіл саясатын Қытай үкіметі Қытай қоғамының орнықтылығы үшін белгілеп отыр, бұл саясаттардың назариялық негізі марксизмде жатқандығы зер салған адамға оңай байқалады. Ең маңыздысы   марксизмнің дін, тіл, ұлт туралы көзқарастары ғана ақиқат есебінде кең көлемде үгіттелетін жағдай жас ұрпақтың, жеке тұлғаның санасынан дінді, ұлттық тілді, ұлттық сананы табиғи түрде өшіруде. Діннің ұлттық тілдің, ұлттық сананың жойылуын табиғи заңдылық ретінде қабылдайтын қоғамдық сананы қалыптастыруда. Дінді терістеп масқаралайтын, өз ана тілінің жойылуын мініп жүрген көлігін заманға сай жақсы көлікке айырбастағандай түсінетін пиғыл қалыптастыруда.

Маркс социализм әр ұлттың ортақ гүлденіп, көркейетін кезеңі, ұлт коммунизмге қадам басқанда жойылады деп айтқанымен, Жунгоның марксизмшілдері Жунго соцализмнің алғашқы сатысында тұр деп айтады,  ақсақалдар дүниенің бүгінгідей тез қарқынмен дамитындығын кезінде болжай алмаған. Қытайдың жаңа ұрпақ басшылары көрегендік танытты.  Дүниенің бүгінгідей тез дамуына өзгеруіне ілесіп, ең алдымен жергілікті аз ұлттардың дінін, тілін жойып, коммунизмге баратын жолды баса беру қажет екендігін аңғарды. Шынында ұлттардың жойылатын діні, тілі, ұлттық санасы бір уақытта жойыла салмайды. Ең алдымен осылай аз санды ұлттардың ұлттық бөгенайы жойылады. Сонан соң мемлекеттілігі бар ұлттар жойылады. Онан соң барып мемлекет жойылады. Бұл тұрғыдан айтқанда  марксизм бұл күндері Қытай елінде кемелденді, толықтанды, дамыды деп айтуымызға тура келеді.

Ағыбай Бұғыбайұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407