Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 6660 0 пікір 13 Ақпан, 2017 сағат 11:27

БАТЫС БАСПАСӨЗІ. ОТАР ЕЛДЕ "ТІЛ ҚАЛАДЫ"

Жақында «Independent» басылымы әлем елдеріндегі қосалқы тіл туралы зерттеу жариялады.

Сөзінің кіріспесін «Кез келген басқыншыдан әм билеуші империядан – тіл қалады» деп бастаған басылымның келтірген дерегіне қарап, қынжыласың (Language remains an inescapable leftover of conquest and empire).

Қазақстандағы жанама тіл – орыс тілі деп көрсетілген. Деректері өтірік болса, даулайтын ба едік. Қиыны – шындық. 

Мысалы, Алжирдегі екінші тіл – француз тілі екен. Өйткені бір кезеңде Алжир Францияның отарында болғаны белгілі. Сол секілді Қазақстан да Кеңес өкіметінің өктем билігінде болды. Қазақтың қанына жат тілді сол кезеңде күштеп сіңірді.  

Сөздің парқына үңілсек, отарда болған елдер әлі сол отарлық санадан арыла алмаған деп тұр. Құлданған қоғам әлі күнге өздерін езгілеген елдің тілінде сөйлейді деп тұр.

Сондай құлдық түсініктегі бір топ қазіргі  билік басында отыр. Шын. Батыс бұлай жазды деп бұлдануымызға да жөн жоқ. Өйткені өзгенің табасына сап берген өз өкіметіміз. Ата Заңда солай жазылған. 7 бапта мемлекеттік тілдің мәртебесін түсіріп тұрған 2-тармақ. Онда Ресейдің мемлекеттік тілін қазақ тілімен қатар барлық жерде қолдануға болады делінген.

Бұл Қазақстанның демократиялылығын немесе көп этиникалық саясатты дұрыс ұстанатындығын емес – құлдық санадан әлі арылмағандығын білдерсе керек-ті. Бұны батыс түгілі әлем біледі. Сондықтан ерінбеген әркім әжуалайды.

Мұнымен қоса америкалық «Freedomhouse.org» Қазақстанды сөз бостандығы шектелген елдердің қара тізіміне енгізіпті. Сөз бостандығына жасалған қысымды ескеріп, елеп-екшеп келген мамандар Қазақстанға 22 балл беріпті (барлығы 100 балл).

Бұл көрсеткіште Қырғызстан 37, Моңғолия 85 баллдан алған. Біздің елде азаматтардың саяси құқықтармен қатар, адами құқықтардың қысымға ұшырағаны биыл ғана емес екен. Америкалық басылым 10 жыл шегінде  Қазақстанды қара тізімге кіргізіп келеді.

Ресейдің Президенті Владимир Путинді Гитлерге теңеген «Аңыз адам» журналы мен оны шығарып отырған Жарылқап Қалыбайды Қазақстанның қатал соты айыптап, Кремльдің алдында жығылды қылып, қаржылай өтемақы төлеткені белгілі. Кремльге жағынған кей көксоққырдың бұл әрекеті баспасөзге жасалған қысым емей немене?! (Бұдан бөлек, БАҚ-қа жасалған "басқыншылық" жайлы тізімді жалғай беруге болады). Деп келгенде айтпағымыз: мәселе сөз бостандығында ғана емес, мәселе сөз бостандығын ел, мемлекет болып қорғай білуде.

(Kazakhstan’s political rights rating declined from 6 to 7 due to voters’ lack of access to any genuine political choice and the continuation of efforts by the government to stifle opportunities for opposition groups).

Осының барлығын ескерген «Freedomhouse.org» бізді қара тізімге кіргізіпті. Бұл да авторитарлы жүйеге негізделген біздің биліктің бір жетістігі болса керек.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475