Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3199 0 пікір 9 Ақпан, 2017 сағат 17:27

Сенат депутаты М.Бақтиярұлы Қызылорда облысында

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы Қызылорда облысындағы жұмыс бабындағы сапарында Шиелі ауданындағы бірқатар әлеуметтік нысандарда болып, жаңа ықшам аудандардағы инфрақұрылымдардың жұмыстарымен танысты.

Депутат Махамбет ауылдық округіндегі жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Жұртшылыққа Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы, билік тармақтарының өкілеттілігін қайта бөлу жөніндегі конституциялық реформалар туралы жан-жақты түсіндіру тұрғысында әңгіме болды. Тұрғындар сонымен қатар Парламенттің заң шығару қызметі, әсіресе, зейнетақы, әлеуметтік төлемдер және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және басқа да заңдар туралы сауалдар қойды.

Депутат қойылған барлық сұрақтарға жауап беріп, Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттер және іске асып жатқан бағдарламалардың маңыздылығын баяндап берді. Сондай-ақ ауылдағы Қаржы бөлініп, жасалып жатқан игілікті істерге оң пікірін білдірді. Сенат депутатының алдағы сапары аудандағы Ботабай және Айдарлы ауылдарында жалғасады.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434