Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2920 0 пікір 22 Қыркүйек, 2010 сағат 09:10

Ерлан Әбдірұлы. Сақалдының бәрі уахаб па?..

Өткен аптада «Азаттық» радиосының сайтында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының өкілі - Әбдімүтәліп Дәуренбековтің пікірі жарияланды. Ол кісіге сенсек, сақал қойған адамның бәрі уахаб екен. Қалай десеңіз, «Азаттықтың» орысша нұсқасында «.. ваххабитов мы узнаем даже по походке, поскольку они носят короткие брюки, не закрывающие щиколоток. Кроме того, они носят бороды», - деген Дәуренбековтың сөзі тұр. Ал қазақшасын оқысаңыз, ұзын сақал қойғанның бәрі уахаб болып шығады. Не аудармашының қателігі, әлде елді арандатып, сақал қойғанның бәрін елдің жауы ғып көрсету үшін әдейі солай жазылған. Анық-қанығын білмекке Әбдімүтәліп мырзаның өзіне қоңыраулатқанбыз. ҚМДБ-ның діни білім және оқу-ағарту бөлімінің бастығы ол сөзінде бей-берекет қойылған сақалды айтқанын жеткізді. Ендеше «Азаттық» неге сөзді бұрмалайды? «Айт Паркте» айтылған сөзді елге теріс жеткізу не үшін керек? Мұсылмандардың бір-бірін жау көріп, сақалды-сақалсыз болып бөлініп жүргенін қалай ма әлде? Ол жағы бізге қараңғы. Мақала авторы Қазис Тоғызбаевтың не қиялдағанын өзі ғана біледі.

Әбдімүтәліп мырзаның да бей-берекет сөйлегеніне таңымыз бар. «Азаттық» жазғандай жәй сақал, ұзын сақал болмай-ақ қойсын. Әйтпесе, сақалы бар Григорий Марченко, Асанәлі Әшімов немесе Ерлан Көкеевтен де уахаб емес пе екен күдіктеніп жүрер ме едік, кім біледі? Бірақ Ә.Дәуренбеков  бей-берекет қойылған сақалды айтыпты дедік қой.

ҚМДБ - республикадағы күллі мұсылмандардың басын қосқан іргелі ұйым болғасын, Әбдімүтәліп мырза елдегі барша тілін кәлимаға келтірген жандардың атынан сөйлеп отырған іспетті емес пе? Ендеше, ағамыз баяғы  заманның әйгілі ғұламаларынша аузына тас салып отырып, ойланып сөйлеуі керек еді.

Қазақты анық Исламнан алыс жүргенін қалайтындар қазір онсыз жетіп артылады. Бізге ендігі жетпегені - сақал үшін қазақтардың, мұсылман бауырлардың бір-біріне алакөз болғаны еді. Сақал - пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) сүннеті. Орындасаң, яғни, сақал қойсаң, сауабы - өзіңе. Орындамасаң - өз еркің, яғни, айыбы жоқ. Солай емес пе? «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген осы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387