Жұма, 22 Қараша 2024
5556 0 пікір 27 Желтоқсан, 2016 сағат 12:09

ОҚО-ДА АУДАНДАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА КОНЦЕПЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың тікелей бастамасымен әрбір ауданды жекелей дамытудың жаңа концепциясы дайындалып жатыр. Бұл туралы «Абай ақпарат» ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Барлық саланы қамтитын жобаны облыстық әкімдікте алғаш болып Төлеби ауданының әкімі Б.Парманов таныстырды. Ауданның 2017 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму концепциясында барлық сала негізінен 3 бағытқа біріктіріліп, дамытылмақ. Облыс әкімінің орынбасарлары мен тиісті басқармалардың қатысуымен жасалған ауқымды құжат аудан халқының әлеуметтік, тұрмыстық, қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау, сәулет, коммуналдық, кәсіпкерлік сынды өзге де шаруашылық салаларында кездесетін өзекті мәселелердің толық шешімін табуға бағытталған.

Бүгінгі өткен жиында аймақ басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық потенциалдарын толық іске асырып, халықтың әл ауқатын арттыру негізінде жасалған даму тұжырымдамасы ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп пен туризм саласы сынды 3 бағыт бойынша іске асырылатынын атап өтті. «Оңтүстік өңірі аграрлы аймақ болған соң концепцияның маңызды және үлкен бағытының бірі ауыл шаруашылығы саласын дамыту болып табылады. Бұл бағытта су шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, үй шаруашылығын және сервистік қызмет көрсету қолға алынады»,-деді әкім.


Ауыл шаруашылықтың дамуына негізгі серпіліс беретін фактордың бірі жерлерді заманауи үнемдеу және жаңа технологияны қолдану арқылы суландыру. Өз кезінде бұл қарқынды технологияларды пайдалана отырып бау, жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін өндіруге, өнімділігі жоғары мал азықтық дақылдарын дайындауға, елді мекендерді ағын сумен толық қамтуға мүмкіндік береді. Мәселен, аудандағы суармалы жерді толық сумен қамту үшін үш кезеңде жұмыс жүргізіледі. Бірінші 9 каналды су құбырына ауыстырып жерлерді тамшылатып суғару жүйесіне көшіру. Екінші кезеңде 23 каналға лоток салу немесе бетонмен қаптау жұмыстары жүргізілсе, үшіншіден су деңгейінен биік орналасқан жерлерді су сорғыштар арқылы суландыру. Нәтижесінде суармалы жер көлемі 16000 гектарға жетсе, жеміс-жидек 2200 гектардан 10 мың га дейін ұлғайады. Ал өнім көлемі 12 мың тоннадан 60 мың тоннаға өседі деп күтілуде.

Ал өсімдік шаруашылығын дамыту мақсатында ауданда 158,5 гектарға жаңа бау егілсе, оның 108 га қарқынды бау болмақ. Сонымен қатар, мал шаруашылығын дамыту бағытында мал бордақылау және ет өнімдерін қайта өңдеу, сүт фермаларын дамыту және сүт өнімдерін қайта өңдеу мен қымыз өндіру кластерін құру жұмыстары жүргізіледі. Мал бордақылау бағытында келер жылы жоба құны 125 млн. теңге болатын 3 агроқұрылым яғни, 670 бастық мал бордақылау алаңы іске қосылады. Сүт фермаларын дамыту және сүт өнімдерін қайта өңдеу бойынша 36 млн. теңгеге 135 басты сүт фермасы ал, тәулігіне 2 тонна сүт өнімдерін қайта өңдейтін цех іске қосу жоспарлануда. Келер жылы сауынды бие басын көбейтіп, өндірілетін өнім көлемін 2610 тоннаға дейін жеткізу мақсатында 75 азамат 454 млн. теңге көлемінде несие алуға ниет білдірген. Тұжырымдаманың екінші бағыты кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларын дамыту мақсатында 2017 жылы 104 жоба іске асырылады. Индустриалды - инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде келер жылы жоба құны 1 млрд. 100 млн. теңгеден асатын 3 жобаны енгізу жоспарланып отыр.

Оңтүстіктің туристік индустриясын дамыту үшін концепцияның үшінші бағытында ауданда туристік демалыс аймақтарын дамыту көзделген. Бұл бағытта ауданда эко туризм, зиярат ету, сауықтыру, жоғары сервистік қызмет пен көпшілікке арналған демалыс орындар салынбақ. Атап айтқанда, замануи «Қасқасу» тау-шаңғы курорты, «Тау самалы» демалыс аймағы мен тау шаңғы базасы және саумалмен емдеу орталықтарының құрылысы жүргізіледі. Тау шаңғы спорты өңірдегі отандық туризм индустриясында бәсекеге қабілетті және қызмет сапасын жақсартуға, яғни өңірдің қарқынды дамуына импульс береді, жаңа жұмыс орындар ашылады, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытумен бірге Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық тартымдылығын арттыруға үлесін тигізеді. Жыл бойы туристік қызмет көрсететін халықаралық деңгейдегі тау шаңғы курорты аумағында қонақ үйлер, мейрамханалар, арқан жолы, бассейн және т.б. нысандар салу жоспарланған. Ал «Тау самалы» демалыс аймағында салынып жатқан этноауылдарда салт дәстурге сәйкес киіз үйлер безендіріліп, ұлттық қолөнер бұйымдар жасалынып, ұлттық тағамдар дайындалады. Бұл бағытта тұрғындарды ұйымдастырып, несиелер алу жолдары қарастырылуда. Ауданда ең алдымен туристтік сервистік қызметтерді жақсарту қажет. Осы жұмыстар нәтижесінде туристік демалыс аймақтар санын 48 -ден 60- қа көбейтіп, келуші туристер саны 26 мыңнан 55 мың адамға өсіру жоспарлануда. Сондай-ақ, концепцияда ауданның инфрақұрылымын дамыту мен абаттандыруына баса көңіл бөлінген. Облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген мәжілістің күн тәртібінде Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жайы мен қысқы жылыту маусымының өту барысы қаралды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322