Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3989 0 пікір 24 Қыркүйек, 2010 сағат 06:22

Бауыржан БЕРІКҰЛЫ. ШАЙЫР БҰЗЫЛСА, ШАЙТАН ӨРМЕК ҚҰРАДЫ

«Өзімнің шимай-шатпақтарымның бәрін еске алу маған аса қорқынышты. Олардың бәрі менің көз алдыма қатал айыптаушыдай елестейді...»
Гоголь

Ақындық  Алла Тағаланың адам баласына берген бір сыйы. Қазақ халқы ақындарын қадір тұтқан. Себебі, ақын  халықты жақсылыққа, имандылыққа, азаттыққа үндеген. Атақты Бұқар жырау:

Аллаһ деген ар болмас,
Ақтың жолы тар болмас...  десе;
Қаблиса жырау:

Бірлігін Хақтың біліңіз,
Хақ жолымен жүріңіз,
Пәк болады дініңіз... 

деп жырлаған екен. 
ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген Шал ақын:

Құдая, құдіретіңмен сақтағайсың,
Хақ деген пендең болса тастамайсың... 

деп, Аллаһ Тағалаға мінәжат білдіре отырып, Хақты таныған пенде  баласы екі дүниенің бақытына бөленетінін айтады. Ал, Дулат Бабатайұлы болса:
Аллаһтан сұрап иманды,
Рәжим шайтан лағынды... 

деп, Аллаһтан басқаға иман келтіру, лағынатталған шайтан ісі екенін ескертеді.
ХІХ ғасырда өмір сүрген үлкен ақындардың бірі  Шортанбай Қанайұлы:
Құдай деген мүміннің
Ауыздан кетпес тәубасы.
Иманы бардың белгісі
Тілінен тамар шырасы... 

деп, жүрекке сіңген иманның тілден тамған нәрін суреттейді. Қазақтың имани-жыр діңгегі - Абай  атамыз:
Патша  Құдай, сиындым,

«Өзімнің шимай-шатпақтарымның бәрін еске алу маған аса қорқынышты. Олардың бәрі менің көз алдыма қатал айыптаушыдай елестейді...»
Гоголь

Ақындық  Алла Тағаланың адам баласына берген бір сыйы. Қазақ халқы ақындарын қадір тұтқан. Себебі, ақын  халықты жақсылыққа, имандылыққа, азаттыққа үндеген. Атақты Бұқар жырау:

Аллаһ деген ар болмас,
Ақтың жолы тар болмас...  десе;
Қаблиса жырау:

Бірлігін Хақтың біліңіз,
Хақ жолымен жүріңіз,
Пәк болады дініңіз... 

деп жырлаған екен. 
ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген Шал ақын:

Құдая, құдіретіңмен сақтағайсың,
Хақ деген пендең болса тастамайсың... 

деп, Аллаһ Тағалаға мінәжат білдіре отырып, Хақты таныған пенде  баласы екі дүниенің бақытына бөленетінін айтады. Ал, Дулат Бабатайұлы болса:
Аллаһтан сұрап иманды,
Рәжим шайтан лағынды... 

деп, Аллаһтан басқаға иман келтіру, лағынатталған шайтан ісі екенін ескертеді.
ХІХ ғасырда өмір сүрген үлкен ақындардың бірі  Шортанбай Қанайұлы:
Құдай деген мүміннің
Ауыздан кетпес тәубасы.
Иманы бардың белгісі
Тілінен тамар шырасы... 

деп, жүрекке сіңген иманның тілден тамған нәрін суреттейді. Қазақтың имани-жыр діңгегі - Абай  атамыз:
Патша  Құдай, сиындым,
Тура баста өзіңе... 

деп, бір Аллаһқа ғана сыйынуды лайық санайды. Бұрынғылар бүй депті... Кейінгілер ше?!

*****

Ал, бүгінгі көзі тірі ақындарымыз не дейді? Ақын жырларында имани сөз ең басты назарда болуы керек. Өйткені, ауыздан шыққан сөз дұрыс болмаса Аллаһтың қаһарын шақырады. Абай атамыз айтқандай: «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол - ақынның білімсіз бейшарасы». Демек, бөтен сөз дегеніміз  Аллаһтың сипатына нұқсан келтіретін ұғым немесе сөз. Бұл үлкен күнәлер қатарына жатады.
Мысалы, ақын-зерттеуші Байбота Серікбайұлы Қошым-Ноғай «Аруақ қашты біздерден» атты өлеңінде:

Асылы азған ұрпаққа:
«Тәңірің  Алла, Құдай», - деп,
Ақсақалдардың ауызы
Қисаюдайын қисайды.
Жолынан тайған ұрпағын
Аруақ қалай қолдасын?! 

деп жырлайды. Алла Тағала: «Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Одан басқа ешбір Тәңір жоқ» («Бақара,  163-аят), - дейді. Жаратушы Иеміз қателескен ақынды кешіре көрсін. Басқа айтарымыз да жоқ.
Ақын Ұлықбек Есдәулет ағамыз да мына бір өлеңінде  («Заман-ай», Астана, 1999, 21-22 б.)  тіпті Тәңірмен тілдескісі келеді.

Ақынмын мен,
Жыр тартам қоғамдасқа,
Не келеді қолымнан одан басқа?
Тәңірмен де тең тұрып тілдесер ем,
Өзі келіп алдымен амандасса.

Әрине, ақылға сыймайды. Пенде баласы Тәңірдің дәргейіне тең келіп, тілдесуі мүмкін емес. Аллаһ сақтасын!!! Бұндай жаңсақ ойды ақын Несіпбек Айтұлы да айтып қалған:
Қайғы-қасқыр талап жесін жесірді,
Жесір мұңын еститұғын жоқ Құдай, -

дейді («Көз жасым», Астана. 2006. 91-б). «Құдайды естімейді» деп айту адамды діннен шығарады. Аса қатерлі сөз.
Осы сияқты асқақ пафостағы тіркестер ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлының да жырларынан кездеседі. «Ақшам хаттары» атты өлеңдер жинағында:

Жылынамыз бірімізге біріміз,
Сыйынамыз бірімізге біріміз.
Алла тағала, Сіз де өзіңіз біліңіз,
Еш құдаймен бөліспейміз мұны біз... 

дейді.
Ақиқатында ақының «еш құдаймен» деген сөзі өте ауыр. Исламда  «құдайлар» деген ұғым жоқ. Ондайды «Аллаға серік қосу» деп есептейді.
Енді келесі бір ақынымыз  Жарас Сәрсек:

О дүниелік біз білмес топта сынар,
Сол жұмағың кім білген, жоқ та шығар.
Тозақ  от пен тозаң ба, мейлі, болсын,
Бір жылғадан дәрия ақты отқа шыдар...

дейді. («Жүрегімнің ішіндегі жүрегім», Астана, Елорда, 2001, 45-48 б.)
Жарас ақынның түсінігінде «жұмақ» пен «тозақ» дегеніңіз дүдәмал ұғым сияқты. Ақын жұмақ пен тозақтың сипаттарын дұрыс ұғынса, тозақты жәй тозаңға теңемеген болар еді.
Тағы бір ақынымыз Бақытжан Алдиярдың:

Лала келбетің лағыл Ай ма еді,
Қай құдай сені жаратты?
Тамағындағы тарыдай меңі
Тауысты, тіпті тағатты,

деген өлең жолдарында: «Қай құдай сені жаратты?» деп, Аллаһтың дара сипатына нұқсан келтіреді. («Өлеңдер: «Сорос-Қазақстан-Дебют» бәйгесі». Алматы, Жібек жолы, 1997). «Әр сұлуды бір-бір құдай жаратты» деу асқан күпірлік, ағайын!!!

*****

Ақын бауырларымыз дұрыс түсінсін. Оларды оқырман қауымға жеккөрінішті қылып көрсету емес, керісінше, «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды» дегендей, сөйлесе жұртты аузына қаратқан арқалы ақындарымыз білместіктен осындай қате-кемшіліктерге жол беріп қойған деп ойлаймыз. Бұдан былай сақтық жасағаны абзал. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: «Әй, мүміндер! Аллаһдан қорқыңдар да дұрыс сөз сөйлеңдер», - деген («Ахзап» сүресі, 70-аят).
Бұл мақаланы біз Аллаһтың ризашылығы үшін жазып отырмыз. Өйткені, Аллаһтың атына айтылып жатқан күпірлікті біліп отырып, үндемей қалудың өзі күнә. Құран Кәрімде: «Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды» («Ғасыр» сүресі, 3-аят),   делінген.

*****

Қазір адамды алапат та толассыз ақпаратпен оңай адастыруға болатынын жақсы білесіз. Сөз соңында айта кету керек, қазіргі күні мемлекеттік тапсырыспен шығып жатқан сөздіктерді қарап отырсаңыз, ішіндегі мәліметтерді оқығанда жағаңызды ұстайсыз. Жағаңызды ұстамасқа амал бар ма?
Мәселен, 2008 жылы шыққан «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің»  17-бетінде Пайғамбарымыз Адам Атаға «Ислам дінінің аңызы бойынша Алла жаратқан, ең алғашқы кісі, адамзаттың атасы»,- деп түсінік береді.
Сонда кітап құрастырушылардың түсінігінде пайғамбарлар ақиқат емес, жәй бір аңыз бойынша ғана жаралған болып шықпай ма?
Бұл бұл ма, бұдан асқан сорақылықтың көкесін көріңіз. Павлодар қаласынан 2006 жылы шыққан «Орысша  қазақша түсіндірме сөздіктің» 170-бетінде Құранға мынандай анықтама берілген:
«Құран  мұсылмандардың бас кітабы, әлемдік әдебиеттің араб тіліндегі ескерткіші. Мұхамед Пайғамбардың (шамамен 570-632) 610-632 жылдары айтылған сөздері мен діни уағыздары жазылған кітап», - деп Айды аспанға бір-ақ шығарады. Құранды Алла тағаланың емес, Пайғамбардың кітабы қылып шығарады. Діни түсіндірмелерге келгенде жүрдім-бардым көзжұмбайлықпен қарайтын осындай олқылықтарды қазір дұрыстамасақ, ертең кеш болады. Ислам дініндегі құндылықтарымыз еріккенің ермегіне айналып бара жатыр.
Құран  әлемдегі теңдессіз Жаратушы Алла тағаланың сөзі. Ол қандай әлемдік әдебиеттің ескерткіші? Әдебиет  адам баласының еңбегі. Түсіндірме сөздікті құрастырушылардың түсінігінде Ескертуші болып түскен кітап, енді әлемдік әдебиеттің Ескерткіші болғаны ма? «Юнус» сүресінің 37-38 аяттарында: «Бұл Құранды Аллаһтан басқаға телуге тіпті де болмайды»,  деген сөздерді ұмытпайық, ағайын.

Алла тағаланың адам баласына: «Аузынан бір сөз шығарса-ақ болды, алдында қалтқысыз аңдушы дайын» (Қаф, 18-аят), - деген сөзін естен шығармағанымыз абзал.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366