Жұма, 22 Қараша 2024
Не дейді?! 10389 0 пікір 29 Мамыр, 2015 сағат 11:56

РАҚЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨЗБЕК ПЕ?

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында шығатын "Жанубий Қозоғистон" газетінің биылғы жылғы 14-наурызда жарық көрген нөмірінде Рейхстагқа ту тіккен әйгілі батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ұлты өзбек деп жазылыпты. Өзбек диаспорасына арналған өзбек тілді газеттің тілішсі Н.Мавланова осылай дейді. Тілші Жеңістің 70-жылдығы қарсаңында екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ерлер туралы естелік жимақ болып Қазығұрт ауданына барады. Аудан орталығында ол  Тұрғын Кененбаев дейтін қартқа жолығып, әңгімелескен екен, әңгіме барысында Тұрғын ақсақал: "Мен - Берлинге дейін жеткен адаммын. Онда шыққан тегі қазақстандық "өзбек" азаматы Рахимжон Кучкорбоев үш қабатты ғимараттың шатырына кеңес туын тіккенін өз көзіммен көрдім"-дейді-мыс.

Мақала   «Давр Қахрамони еки мамлакат бойлиги» деп аталады. Біз осы жайттың мән-жайын білмек болып газет редакциясына қоңырау шалғанбыз. Телефон тұтқасын көтерген хатшы қыз бас редактордың да, орынбасарының да қызмет орнында жоқ екендігін айтып, бізді жауапты хатшы Байзимат Юлдашевпен сөйлестірді. Жауапты хатшымен сұхбатымыз былай болды:

-          Сіздерге Алматыдан қоңырау шалып отырмыз. Abai.kz дейтін сайттан боламыз.

-          Қандай сайт?

-          Abai.kz

-          А-а, жақсы.

-          Жауапты хатшысыз ғой?

-          Иә. Жауапты хатшымын. Байзимат Юлдашев.

-          Байеке, әңгіме былай: сіздердің газетте Рақымжан Қошқарбаев өзбек болып кетіпті. Неге?

-          Неге болғанда... енді солай болып қалды.

-          Мавланова сіздерде қызмет жасайтын журналист пе, әлде қоғамдық тілшілер мен авторлардың бірі ме?

-          Біздің газеттің тілшісі.

-          Сонда Қошқарбаевтың  ұлты «өзбек» деген сөз редакцияның да көзқарасын білдіреді ғой. Солай ма?

-          Тілші жасы 90-нан асқан қарт кісіден сұраған, ол кісі ойындағысын айтқан, тілші соны байқамай жазып жіберген ғой.

-          Тілшіден қате кетті делік. Сонда бас редактор, орынбасар  қайда қарап отырған? Қала берді жауапты хатшы қайда қарап отырған?

-          Енді.., солай болып қалды.

-          Солай болғанда қалай, Қошқарбаевты «өзбек» демексіздер ме?

-          Тілшінің қателігі ғой. Негізі «қазақстандық» деп жазуы керек еді.

-          Байеке, «қазақстандық» деген анықтама қазаққа жүрмейді. Қазақстанда өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне жүреді. Мысалы, «қазақстандық өзбек», «қазақстандық орыс», т.б. деуге болады. Бірақ «қазақстандық қазақ» деген болмайды.

-          Ммм, иә... мақалада Қошқарбаевты «қазақстандық өзбек» деп жазған болатын тілшіміз.

-          Қалай десе де, бұл – қате. Бірақ,  кез келген БАҚ қандай да бір қате жіберсе, соңынан түзету беріп жатады. Сіздер қайттіңіздер?

-          Облыстық ішкі саясат басқармасына хат жазып, кешірім сұрадық. Өнер.кз сайтына коментарий бердік.

-          Сонымен болды ма?

-          Болды.

Сұхбаттасқан Дәурен Қасенұлы.

ГАЗЕТТІҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ:

Газеттің тарихы 1989 жылдан басталады. Қазақстандағы өзбек зиялылары өкілдерінен құралған делегация сол кезде СОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысына хат жазып, тіпті, Мәскеуге де барып келген. Бастама Мәскеу тарапынан қолдау тауып,  газеттің алғашқы нөмірі «Д ў стлик байроғи» ("Достық туы") деген атпен шықты.  1991 жылы 5 сәуірден бастап «Д ў стлик байроғи» «Жанубий Қозоғистон» газеті деп өзгертілді.

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5270