Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 7696 0 пікір 28 Мамыр, 2015 сағат 14:35

АЙМАН САҒИДУЛЛАЕВА ФЕНОМЕНІ

Біраз күн болды, Abai.kz ақпараттық порталында (http://abai.kz/post/view?id=3515) мұғалімдер мәселесі талқыланып жатыр. Оған алғашқы түрткі болған ұстаз Айман Сағидуллаева (суретте). Мен мұны "феномен" деп санаймын. Сол туралы ойларым мынау:

Барлық жерде шындықты ашып айтатын кез келді. Елбасының өзі оны қолдап отыр. Сондықтан "ұстаз" аты бар білікті мұғалімдер енді бұрынғыдай директорының алдында жасқаншақтай бермегені дұрыс. Мыңдаған директорлар да өздерінің жұмыстарын "қайта қарап", коррупция деген пәлені өз мектептерінен "қуып шығуға", оның орнына білікті ұстаздар ұжымын топтастыруға ұмтылулары қажет, әрі, сонымен бір мезетте директорлардың "басқаша қызмет етуіне" мүмкіндік болмайтындай жағдайлар алдын ала реттеліп қойылуы тиіс! Мектеп - директор және оның маңайындағы шапқылаған орынбасарлары мен өзге де тамыр-таныстарының күнкөріс көзі емес. Мектеп - мемлекеттің болашағына қызмет етуші, белсенді, білімді, адамгершілікті, әділетті азамат тәрбиелеуші, еліміз үшін стратегиялық маңызы бар "тәрбие-білім кешені" екенін - мектеп басшыларының жадына жаттап алғаны оңды. Кейбір директорлар өз мінезіндегі "әпербақандықты" ұмытып, "педагогтардың педагогы" болуға ұмтылса - тамаша көрсеткіштерге жетеді: Құрмет те, Атақ та, Байлық та, Бақыт та ондай "Ұстаз-басшыны" өзі іздеп табатын болады. Ал, Үкімет ғылым мен білімге деп бөлінетін ақша еселеніп артып жатыр дейді. Оның қомақты бөлігін мектеп мұғалімдерінің жалақысын көбейтуге бұру қажет. Себебі, қазіргі шектеулі өндіріске ғылым "порциялы" түрде ғана қажет. Сондықтан, ол салаға қаржыны диферианциалды түрде бөліп отырмаса, көп қаржы "ғылым атын жамылған қасқырлардың" коррупциялық құлқынында босқа талан-тараж болады. Ал, негізгі қаржыны "фундаменталды білім потенциалына", яғни, мектептегі білімге жұмсаған маңызды. Себебі, ертең өндіріс дамығанда (дамымай қайда барады) - оны ғылыммен ұштастырып алға сүйреп әкететін "күштің" ғылыми потенциалы мектепте жатыр. Сол үшін де солай жасау қажет. Ұстаздар қауымының бүгіндегі ҒБМ-нің құлағына тағар "алтын сырғасы" - осы!

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329