Сенбі, 23 Қараша 2024
Осы ғой енді... 6461 0 пікір 14 Мамыр, 2015 сағат 13:53

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ БІЛМЕЙДІ

«Ақ жол»: Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің басшылығы сәуірде  қардың неге екені белгісіз еритін қасиеті бар екендігін ұмытып кетті

http://akzhol.kz/kz/news/show/6272/2/5/

 

«Ақ жол»: Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің басшылығы сәуірде   қардың неге екенін белгісіз еритін қасиеті бар екендігін ұмытып кетті – бұл жөнінде бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында Талғат Ерғалиев айтты. Фракцияның депутаттық сауалы ішкі істер министрі Құлмұхамбет Қасымовтың атына жолданды.

Сауалда жуырда болған тасқын жағдайлары жөнінде мәліметтер келтіріледі: су басу аймақтарына 50 ден астам елді мекен және Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының 17 ауданында 1200-ге жуық үйлер түсті. Үйлердің бір бөлігі қирады, 11 мыңнан астам азаматқа эвакуациялық пунктерге, мектептерге, бала бақшаларына көшуге тура келді.

«Келтірілген залалдар миллиардтаған теңгемен есептеледі, - деп атап өтті депутат. – Сонымен қатар, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары бойынша «Казгидрометтің» ақпандағы ауа райы болжамында жердің дымқылдануы, өзендердің алабындағы қар үйінділері көрсеткіштері  30-40%-ға нормадан асып тұрды,  Есіл, Сілеті, Шағалалы, Нұра, Шерубай-Нұра өзендерінің су көлемінің көтеріңкілігі күтілді».

«Ақжолдықтардың» пікірінше, шығындарды азайту үшін, жасалынған әрекеттер жол бергісіз аз болды. Қайта орын алған су тасқыны кенеттен болған жоқ және  барлығымен, төтенше жағдайлар бойынша комитетінің басшылығын қосқанда алдын ала болжанды (http://tengrinews.kz/events/bojko-razveyal-sluhi-o-neojidannosti-pavodkov-v-kazahstane-273183/).

Мәселен, а.ж. 7 сәуірінде баспасөзге берген сұхбатында ІІМ вице-министрі Владимир Божко соншалықты ауыр салдардың екі  себебін атады: 1. Өткен жылға қарағанда, осы қыста  қар 40%-ға көп түсті; 2. «тұрғындар қарды шығармайды». Осыған байланысты мынадай міндет қойылды: азаматтар өздігінен қар шығару үшін, жиындар өткізу  (http://www.time.kz/articles/zloba/2015/04/08/talij-sneg-istochnik-bed).

«Алайда, жиналған қардың көлемін  уәкілетті органмен анық бағаламаушылық орын алғанын, су тасқынының ауқымы көрсетті,- деп есептейді «Ақ жолда». – Бұдан  басқа,  ТЖ қызметі сәуір айында  қар еріп, суға айналатынын ұмытып кеткен.

Жолдарды, бетонды көпірлерді және тұтастай бір ауылдарды  тасып келе жатқан сумен жуып кетіп жатқан бейне кадрларын көргендердің барлығы, даламен аққан  мұндай су және қар  көлемін, ауыл тұрғындарына күректермен  лақтыру мүмкін еместігімен келіседі. Бірақ ІІМ комитетінің басшылығы дәл осыны ұсынды!»

 онымен бірге, сауалда аталғандай,  су тасқынына қарсы қорғау шараларының түрлерін  таңдау кезінде қателіктер де орын алды.

Ерғалиев шетелдік тәжірибеден мысал келтірді: «Тасқынның алдын алу мақсатымен бүкіл әлем бойынша тек «қарды шығару»  ғана қолданылмайды, сондай-ақ  жағалау бекіністерін салады,  өзендерде жиналып қалған мұздарды жарады,  елді мекендердің айналасында су тасқынының жолдары бойынша  айналмалы шұңқырларды орнатады және т.б. Мамандардың  бағалауы бойынша, мұндай жұмыстардың құны суға кеткен елді мекендерді қайта қалпына келтіруге жұмсалатын бағадан 10-20 есе аз».

«Алайда бұл шаралар тек соңғы күндері ғана қолданыла бастады.: осылайша,  Қорғалжын ауданының Алғабас кентінде  уақытылы үймемен жасалынған  айналмалы   шұңқыр оны суға кетуден сақтап қалды. Бірақ осыған ұқсас бөгеттерді салу уақыты негізінен жіберіп алынды. Төтенше жағдайларды алдын алу бойынша қорғау шараларының  кешені, қажетті жұмыстардың орындалуы және үйлестірілуі уәкілетті органмен  тиісті түрде ұйымдастырылмағанын атауға болады (қайта бұл  ІІМ ТЖК  қатардағы  құтқарушыларының және  қызметкерлерінің  күш - жігері мен кәсіпқойлықтарын төмендетпейді)», - деп қосты ол.

«Ақ жол» депутаттары ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес, азаматтық қорғаудың негізгі  міндеттері тек қана  төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою ғана емес, сондай-ақ олардың алдын алу, соның ішінде аумақтарды  төтенше жағдайлардан қорғауды ұйымдастыру жолымен де деп еске түсіреді.

Осыған байланысты, ҚДП фракциясы ІІМ төтенше жағдайлар бойынша комитетінің  аталған аймақтарда су тасқыны болатынына ескертулермен байланысты әрекеттерін  тиімсіз деп санайды, және осының негізінде жасалған қорытындылар және  қолданылатын шаралар туралы  министрліктің хабарлауын сұрайды.

«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және сайлаушылардың аманаттарын орындау бойынша жұмысын жалғастырады.

 

Abai.kz

 

 

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373