Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3714 0 пікір 29 Қыркүйек, 2010 сағат 20:13

Нұра Матай. Көрген арнам сен болсаң...

Күні кеше Ресей астанасы Мәскеуді 18 жыл басқарған Юрий Лужков қызметінен кетті. Осы жаңалықты телеарналар оның ішінде «Хабар», «КТК» арналары елімізде болған жаңалықтай етіп берді. Арналардың берген ақпаратын көріп отырып, қазақ көрермендері үшін осы ақпараттың қандай маңызы бар деген сауал төңірегінде ойға қалдық.

Иә, шынымен, Ресей президентінің жарлығымен Мәскеудің әкімі қызметінен кетті. Біздің ойымызша, бұл жаңалықтың көрермен үшін ешқандай маңызы жоқ. Неге? Себебі, Ресейдің өз ішінде маңызды оқиға, басты жаңалық болғанымен біздің елге, оның ішінде көрермендер үшін бұл жаңалықтың қажеті шамалы. Өйткені, Лужков бар болғаны Мәскеудің әкімі. Айдаладағы Мәскеудің әкімінің қызметінен кеткенін жар салып, хабарлаған арналардың әрекетін қалай ойласақ та, қаушағымызға қондыра алмадық.

Тағы бір қызығы, бұл жаңалықты телеарналардың халықаралық жаңалықтар топтамасынан емес, әдеттегідей бастапқы жаңалықтардың ішінен көрдік. Бұл сонда не? «Мәскеу - ұлы Отанымыздың жүрегі» деген баяғы бодандық ұран арналарда әлі өмір сүріп келе жатқаны ма? Лужковтың қызметінен кеткеніне шу ете қалған арналардың қызметін қалай түсінуге болады? Әлде бір аяғы коммунизмде, екінші аяғы социализмде талтайып тұрған орнында тіл тартпай кеткен Кеңестер одағының астанасы көзден кеткенмен, арналардың көңілінен кетпеген бе? Мүмкін телеарна басшылары түстерінде ылғи Кремльдің жанында, Қызыл алаңда серуендеп, Ленин атаға тәу етіп жүре ме екен? Бәлкім, телеарналардың басшылары Қазақстанның тәуелсіз мемлекет екенін естімеген де шығар?

Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігі деген мәселе үнемі айтылып келеді. Бірақ, ақпараттық қауіпсіздік мәселесінде нақты қабылданған іс-шараны көре алмай-ақ қойдық. Енді, міне, елдегі телеарналар Мәскеудің әкімі орнынан кетті деп жаңалық тарату арқылы Ресейдің ақпараттық боданына айналғанын дәлелдеп отырғандай болды. Егер осы қисынға салсақ, онда Ресейде күнде болып жатқан ауыс-түйістің барлығына мән беріп, мысалы "Ресейдің Астрахан облысының Володар ауданы әкімінің орынбасары болып пәленшеке тағайындалды" деп қазақ халқын үнемі хабардар етіп отырайық!

Айтпақшы, Лужков мырза Ресей президентіне табақтай хат жазыпты. Кетер алдында. Өз хатында Лужков Ресейдегі демократия жағдайының сөз жүзінде қалып отырғанын, ой-пікір, көзқарас бостандығына келгенде Ресейде 1937 жылдан бері келе жатқан үрейдің сейілмей отырғандығына және көрші елдің саяси билігінде «Кім бізбен бірге болмаса, сол бізге қарсы» деген түсінік пайда болғаны туралы жазған. Бар болғаны бізбен көршілес елдің бас қаласының әкімінің қызметтен кетуін жаңалық етіп, жар салған біздің телеарналар  жоғарыдағы Лужковтың хаты жайлы жұмған ауыздарын ашқан жоқ. Әлде, Лужковтың хаты телеарналардың басшыларына өздерінің қай заман мен қай елде тұрып жатқанын еске салды ма?

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5302