Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 5130 0 пікір 16 Наурыз, 2015 сағат 14:49

ДЕЛИДЕ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТШАСЫ ЗОРЛАНҒАН

Делидің үш тұрғыны Қазақстан азаматшасын топ болып зорлағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды The Times of India. Ақпарат құралының мәліметінше, 27 жастағы қыз Үндістанға іскерлік сапармен келген. Ол бұл елде бұған дейін де бірнеше рет болған. 

Оқиға 12 наурыз күні болған. Жәбірленушінің айтуынша, ол Делиге сол күні кешкісін келіп, Карол Багх ауданындағы отельге орналасады. Сағат 22.00-де ол кешкі ас кезінде екі жігітпен танысады. Жігіттер қызға сол аудандағы басқа отельге барып, іскерлік мәселелерін талқылау үшін үшінші серіктеспен кездесуді ұсынады. Қыз келіседі. Екі ер адаммен басқа отельдің бөлмесіне келгеннен кейін қыздың айқайлаған дауысы естіледі. Отель қызметкері жүгіріп келген кезде жәбірленуші ер адамдарды өзін зорлауға әрекеттенді деп айыптады. Бұл іс бойынша үшінші күдікті ретінде таксист жауапкершілікке тартылып отыр, Қазақстан азаматшасы оған да кінә артуда. Бұл оқиға жөнінде Қазақстан елшілігіне хабар берілген. 

Айта кетейік, Үндістанның ақпарат құралдары мұндай оқиғалар туралы жиі хабарлап жатады. 2013 жылдың қыркүйегінде төрт ер адам 23 жастағы студент қызды топ болып зорлағаны үшін айыпталған еді. Оқиғаның өзі 2012 жылдың желтоқсанында болды. Тергеудің мәліметінше, алты жігіт автобуста бір қызды зорлаған. Жәбірленуші ауруханада қайтыс болды. Айыпталушылардың бірі асылып қалған күйі табылды. Төртеуі өлім жазасына кесілді, бірақ сотталушылар үкімге қарсылық келтіргендіктен жазаны орындау кейінге қалдырылды. Алтыншы күдікті кәмелетке толмағандықтан оның ісі бөлек қаралды.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

0 пікір