Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Біздің шенеунік 6646 0 пікір 10 Ақпан, 2015 сағат 13:38

ОСПАНОВҚА ОБАЛ БОЛМАЙ МА?

Ірі көлемде пара алды деген күдікпен сотталып жатқан Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің экс-төрағасы Мұрат Оспанов 11 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұрынғы шенеуніктің былығын дәлелдеп, қатаң жаза беруді айыптаушы жақ талап етіп отыр.

Мемлекеттік айыптаушы Оспановқа қатысты талабын оның дүние-мүлкіне шектеу қою бабымен де толықтырмақ. Қазіргі кезге дейін Мұрат Оспановтың үлестік қатысы бар бірнеше жылжымайтын мүлік пен жер телімдері анықталған. Атап айтқанда, сотталушының Астана қаласындағы жерасты көлік тұрақтары, жер телімдері және Семей қаласы маңындағы алқаптарға қатысы бары дәлелденген. Айыптаушы тарап бұл иеліктердегі үлесті тәркілеп, мемлекет есебіне қайтаруды талап етуде. Егер сот бұл талапты қанағаттандырса Оспанов мүліктерінен ғана емес, жұмыс кабинетіндегі планшет пен компьютерінен, тіпті қол сағатынан да айырылады...

Еске сала кетейік, Мұрат Оспанов Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы болып тұрған тұста қызмет бабын асыра пайдаланып, пара алып жатқан кезінде қолға түскен еді. Шенеунікті тұтқындау кезінде оның сөмкесінен 37 000 АҚШ доллары табылған болатын.

 

Абай.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048