Жұма, 22 Қараша 2024
Мәйекті 10742 0 пікір 2 Ақпан, 2015 сағат 11:10

«КЕСІК БАС – ТІРІ ТҰЛЫП» ХИКАЯСЫ

Осыдан екі үш жылдың алдында Мұқаңның (Мұхтар Мағауин) «Кесік бас –Тірі тұлып» хикаясының әсерлі тұстарынан қазіргі моңғол тіліне аударып үзінділер жариялаған едім. Сол-ақ екен, «құда түсушілер» көбейіп, хикаятты толық аударып беруді, соның желісінде фильм түсіруді қалағандар да табыла кетті.

Ғалым Боқаш бауырым арқылы Мұқаңнан аударуға рұқсатын алып, аударылған нұсқасын Ұланбатырға жібердім. Бізде болмаған қызу талқылау сол жақта жүрілді. Оның көркем шығарма екенін түсінгендер, бір сөзін де қалыс қалдырмай, әдебиет тұрғысында кеңінен талқылап, оның жалпы көшпенділер тарихында теңдесі жоқ туынды екенін мойындап жатса, келесі топ шығармаға қолдау көрсеткен адамдарды сынап, оның Моңғолияның тәуілсіздігіне қатысты көптеген «құпияның» пердесін ашатынын айтып, шығарманың жария етілуі моңғол оқырмандарына кері әсер беретінінен сақтанды. Таластың аяғы Ойрат пен Қалқаның жеке намысын қоздырды. Оның себебі, орыс тарапынан арнайы дайындалған жансыз Дамбижанцан туралы кейбір ақиқаттары әлі күнге орталық моңғол тарапынан ашық айтылмайтынында болатын. Орталық, қалқа моңғолдар Дамбижанцанды «Моңғолияны бөлуші» деп қарастырса, демократиялық төңкерістен кейінгі ойраттың ғалым, жазушылары оған шаң жуытқысы келмейді. Кейбір жағдайда, оны «Ойраттың көсемі» деп айтатын да ұлтшылдар жетерлік. Алайда, Мұқаңның нақты тарих желісімен, соншалықты биік деңгейде жазылған бұл шығармасы өз бағасын алды, моңғолдарға жетті. Ендігі кезекте оның кітап болып жарық көруі, қазірше тоқтап тұрған түсірілім толықталып, жеке фильм (шығармашылық құпияға байланысты режиссердің атын атамадық) болып шығатынына сенемін.

«Қазіргі көшпенділердің арасындағы ең ұлы жазушы» деген атақты Мұқаңа оны жақтайтын моңғолдар берді. «Шыңғыс ханды» аударсаңыз деген де ұсыныс түсуде... Оны енді уақыт көрсетер. Мүмкін, денсаулығымыз сыр бермесе...

Жүкел ХАМАЙ.

 

Абай.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5319