Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Саясат 39313 88 пікір 5 Сәуір, 2017 сағат 13:13

Сириядағы химиялық қаруды қолданған кім? Путин бе, Асад па?

Сирия елінде қайғылы жағдай орын алып, 58 адам көз жұмды. Қазір белгісіз әуе шабуылы барысында химиялық қару қолданылғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Сарапшылардың бір тобы "бұл шабуылды Сирия үкіметі өздері ұйымдастырды" десе енді біреулері қанды қырғынға ресейлік ұшақтардың қатысы бар екенін мәлімдеуде. 

Идлиб провинциясындағы Хан-Шейхундегі әуе шабуылынан  58 адам қаза тапқан. Әуе шабуылы барысында химиялық қару қолданылғаны расталса, Путин мен Асадтың басына тағы да қара бұлт үйірілуі мүмкін. Қазір бұл істі БҰҰ өз қадағалуына алып, әскери қылмыс жөніндегі сарапшылар  бұл  ақпаратты тексере бастады.

Бүгін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі осы мәселеге қатысты шұғыл жиын өткізіп, 4 сәуір күні жасалған шабуыл туралы баяндама жасады. БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистураның айтуынша, бұны әуеден жасалған химиялық шабуыл деуге болады екен-міс.

Кеше ғана Петербургтегі терактіден есеңгіреп қалған РФ  Қорғаныс министрлігі өздерінің Идлиб провинциясында әуе шабуылын жасамағанын мәлімдеді. Ал Сирия президенті Башар Асадтың үкіметі болса, бұл іске қатысы жоғын хабарлап, оны бүлікшілердің мойынына ілді.

Шәріпхан Қайсар

Абай-ақпарат

88 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052