Сенбі, 23 Қараша 2024
3771 1 пікір 6 Сәуір, 2017 сағат 21:39

Бішкекте Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді

Қырғызстан астанасында 14 сәуірде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Кеңес мұндай шешімді 5 сәуірде қабылдады.

Кеңес алқасының төрағасы Тигран Саркисян жиналысты бастар алдын Санкт-Петербургтегі террорлық шабуылға байланысты көңіл айтты: "Адамзатқа жасалған мұндай қастандықты еш ақтауға болмайды", - деп мәлімдеді Саркисян.

Еуразиялық экономикалық кеңесіне мүше елдердің вице-премьерлері кедендік әріптестік пен сауда саясатына қатысты мәселелерді талқылады. Әсіресе үшінші елдермен халықаралық экономикалық әріптестік тақырыбына ерекше көңіл бөлінді.

Кеңес елдерінің президенттері регламенттегі өзгерістерді бекіткен жағдайда, ұйым кеңесіне кедендік бақылау саласында бірқатар жаңа құзыреттер жүктелетін болады. Мұндай өзгерістер ұйымның Кедендік кодексімен бір уақытта енгізіледі.

Бішкектегі жиналыста Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес Молдоваға ұйымда бақылаушы мәртебесін беру өтініші қаралады. Бұған қоса Иранмен қарым-қатынас тақырыбы талқыланады.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394