Жұма, 20 Қыркүйек 2024
4383 4 пікір 11 Сәуір, 2017 сағат 09:35

Түркіменбашының әні Азиада -2017 ойындарының әнұраны ретінде таңдалды

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтің «Алға, алға, тек ғана алға, туған өлкем Түркіменстан!» әні Азиада -2017 ойындарының әнұраны ретінде таңдалды. Осылай деп жергілікті БАҚ хабарлайды.

Президент Бердымұхамедов 7 сәуірде Аваз демалыс орнында өткен түркімен және шетелдік эстрада жұлдыздарының концертінде өзінің әнін орындап әрі әнұран ретінде ұсынған.

Бұл ән бірінші рет 2015 жылдың қараша айында Мары қаласында киіз үй іспетті салынған концерт залының ашылу салтанатында орындалған. Сол кезде бұл әнді президентпен бірге төрт мыңнан астам адам айтып, Гиннестің рекордтар кітабына енген еді.

Abai.kz

4 пікір