Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
Жаңалықтар 5044 1 пікір 21 Сәуір, 2017 сағат 15:07

Жас журналистер Жанкенттің жәдігерлерімен танысты

Журналистика пәні бойынша өткізіліп жатқан  IX олимпиаданың бірінші күнінде болашақ тілшілер «Археология және этнография» ҒЗО көрме залына барды. Ғылыми зерттеу орталығы ежелгі дәуір жәдігерлерінен бастап, орта ғасырылық қалаларға дейін қамтылған. Сол қалалардың бірі  — Жанкент («жаңа кент» сөзінен пайда болған).

Сондай-ақ, аталмыш қала өз дәуірінде оғыздардың да астанасы болған.
Археология орталығы 3 бағытта жұмыс жасайды:
1. Ортағасырлық қалашықтарға қазба жұмыстарын жүргізу
2. Ежелгі қалашықтарға қазба жұмыстарын жүргізу
3. Этнографиялық материалдарға байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізуimg_3883
Сонымен қатар, өткен тарихты бүгінгі ұрпаққа паш етіп тұрған көрмеде Сырдария өзенінің де өзіндік тарихы бар екендігі айтылды.Ежелгі дәуірде Сырдария өзенінің 4 үлкен арнасы болған. Соның ең көнесі Іңкәрдария арнасы б.з.б 3 мыңж жартысы-2 мыңж ортасы. Арнаның бойында неолит, энеолит дәуірінің ескерткіштері көп кездеседі. Алайда Қызылқұм құмының себебінен дария басқа арнамен аға бастайды. Сол арна-Жаңадария арнасы. Жаңадария ескерткішінің бойында темір дәуірінің Шірік -Рабат, Баланды ескертшітері орын тепкен. Жаңадария арнасы б.з.б 2-1 ғасырларда ағыуын тоқтатады. Сырдария өзені енді Қуандария арнасымен аға бастайды. Бұл уақытта Жетіасар мәдениеті қалыптасты. Жетіасар мәдениеті — 200 шаршы шақырымды қамтитын, бір жерде жиналған қалашық. Қуаңдария арнасы 700-800 жыл аққан соң, ағуын тоқтатқан. Ал б.з.б 9 ғасырдың соңында Сырдарияның қазіргі ағу жолы қалыптасқан-мыс. Сырдарияның құяр тұсында «Батпақ» деген қалашық орналасқан, орталығы — Жанкент болған. Осылармен таныса отырып, болашақ журналистер Қорқыт қобызының әлем бойынша тек екі жерде ғана сақталғанын білді. Олар: Германияның Дрезден қаласы мен Ватикан. Сондай-ақ, аталмыш орталық 2005 жылдан бері толықтай археологиялық ескерткіштерге зерттеуді бастап, бүгінгі күнде соның нәтижесін де көріп отыр. Орталықта орналасқан әртүрлі тарихи бұйымдар мен табылған керамика заттарынан көруге болады.img_3897

Аида Арманқызы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1239
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2950
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3320